Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет47/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   101
umkd tkn

Бақылау сұрақтары:

1.Қауіпті және зиянды факторларға нелер жатады?

2.Кәсіптік аурудың топтастырылуы?

3.Кәсіптік ауру дегеніміз не?

4.Кәсіптік және тұрмыстық аурулардың айырмашылығы?

5.Кәсіптік аурудың алдын алу шаралары?



Практикалық жұмыс №5

Тақырыбы: Адам организміне иондаушы сәуле шығару әсері.

Сабақтың мақсаты: Радиациялық және химиялық қауіптілік жөнінде білімдерін тереңдету, иондаушы сәуле жайлы түсінік қалыптастыру.
Радиациялық ластану. Радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құралды- дозиметриялық құралдар деп атаймыз. Бұл құрал арқылы радиоактивті заттардың адам, жануар, жердің қанша ластанғанын анықтаймыз. Адам денесіне енген сәулелердің мөлшері арқылы адамға қанша зияндылығын анықталады. Оны өлшеу үшін адам денесіне сіңген сәуленің шамасын рентген қолданады. Радиация деңгейі жарылыстың алғаш сағатында тез төмендейді. Жарылыстан кейін 1 сағаттан соң деңгейі 100% көтеріледі. Дозиметр- жеке адамдарға арналған байқау құралы, радиометр- радиация көлемі өлшенеді, ренгеномертер- жер үстінде, техникада.

Ядролық қару- жарылыс кезінде ядролық реакциялардың жүруінің нәтижесінде болатын, ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделген қару. Зақымдау құралдары ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылыс ауада, жер, су асты мен үстінде болды. Оның толқындау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау, электрлік магниттік импульс. Радиоактивті заттар адамдарға 2 жолмен әсер етеді:



  1. гамма-сәуленің бета бөлшектерімен бөлініп, адамның ашық жеріне, терісіне қонады.

  2. Адам ішіне кетеді. Содан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті зат көп қонса, радиоактивті күйін алады. Олар қан арқылы адам бойына тарайды.

Радиацияға қарсы қорғаныс:

  • Радиациялық қауіп туралыхабарлама

  • Сол аймақ тұрғындарын қалай өздерін ұстауы туралы түсіндіру

  • Радиация деңгейін анықтау

- Дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек

- Су, тамақты радиоактивті ластану бойынша зерттеу жасау қажет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет