Ашық зақымдану- органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады.
Аэрозольдар – газды ортада болатын қатты дене бөлшектерінен немесе сұйық тамшыларынан тұратын жүйе.
-Б-
Бактерия- ядролық қабықшасы болмайтын бірклеткалы микроағза. Бактериялар табиғатта кең таралған: топырақта, суда, өсімдіктерде, адам ағзасында тіршілік етеді.
Бактериологиялық қару- патогенді микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығы.
Барометр – атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең тиімді нәтиже беретін барометр – сынаптық барометр.
Достарыңызбен бөлісу: |