Биологиялық апат – адамның денсаулығына және өміріне қауіп төндіруге қабілетті қауіпті биологиялық заттардың әсерінен туындайтын апат.
Биологиялық ритм – адам ағзасындағы процестер мен құбылыстардың белгілі бір уақытта қайталануы.
Биолого-әлеуметтік төтенше жағдай – белгілі бір аумақта қалыпты өмір сүру жағдайының бұзылуы. Адамның өміріне және денсаулығына қауіп төніп, инфекциялық аурулар көбейе түседі.
Биосфера – литосфераның жоғары қабатын, гидросфераны және атмосфераның төменгі қабатын қамтитын белсенді өмір аумағы.
Ботуализм – ботуализм таяқшаларымен ластанған өнімдерді тұтыну нәтижесінде туындайтын аурулар.
Беткейлік өрт – ормандарды қамтитын өрт. Төмендік өрт бұл жағдайда беткейлік өрттің құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Бруцеллез- үй жануарларында болатын тұрақты жұқпалы ауру.
Бұршақ – диаметрі 5 мм-15 см-ге дейінгі тығыз мұз түйіршіктерінен тұратын, жылдың жылы мезгілінде болатын атмосфералық жауын-шашын түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |