Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет12/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101
umkd tkn

Сабақтың мақсаты: студенттерге радиациялық қауіпсіздік негізгі принциптерін, химиялық қауіпті объектілерді және химиялық төтенше жағдайлдардың жіктелуі жайлы мәлімет беру.

Сабақ жоспары:

  1. Химиялық ластану (хлор, аммиак)

  2. Химиялық қару: зорин, заман, иприт, синиль қышқылы

  3. Радиациялық ластану (ауыр металдар- сынап, қорғасын, мышьяк)




  1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар- адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттап мен қирауларды айтады. Оның түрлері:

- өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда)

- көлік жүйесіндегі апаттар

- түрлі жарылыстар, өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйелерінде).

Апаттардың пайда болу себептері: ғылыми- техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу іс-әрекеттері жүргізілуде. Қарқында даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қаупі тууда. Тағы бір себептері: улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, олармен жұмыс істеудегі қателіктер, адам жұмыстарына селқос қарауы. Апаттың тағы бір өте қауіпті –күшті улы заттардың ауаға тарауы, олардың жерге қонуы; өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері.

Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апат қатарына жатады. Мұндай адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай жоятын улы заттар шығуымен түсіндіріледі. Бұл улы заттар жаппай қыру қаруларының бірі. Жаппай қыру мақсатында тамшы, сұйық, тұман, түтін, бу күйінде қолданылады.

Улы заттарды ішінде көп кездесетіні: хлор мен аммиак.

Хлор- жасыл, сары түсті, өткір иісті газ. Өндірістің түрлі салаларында көп қолданылады. Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды, өкпені ісіндіреді. Мөлшері көп болса 5-25мин ішінде адам өледі. Алғашқы көмек: противогаз кигізу, ол жерде адамдарды тез таза ауаға шығару керек. Тыныс алу жолдары зақымданғанда нашатыр спиртін иіскетеміз. Көз, мұрын, ауыз маңын 2%сода ерітіндісімен жуамыз. Хлор ауаға тарағанда үйдің жоғарғы қабатына шығу керек. Жел соққан жаққа кетеміз, жүгіруге болмайды. Ыстық сүт, шай беріп, жылы жерге науқасты орналастырамыз. Хлор төгілгенде ең биік орындарға көтерілуіміз керек.

Аммиак- нашатыр тәрізді, иісі өткір, түссіз газ. Аммиак ауамен қосылса қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне әсер етеді.нерв жүйесіне әсері қатты. Тері, көзді күйдіріп, үсіріп жібереді. Өндірісте арнайы противогаздарды пайдаланады. Мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 мин. дейін улы заттардан өміріңді сақтайды. Бірақ аммиак метилхлориді, венилхлориді сақтай алмайды. Егер противогаз болмаса дәкені, мақтаны сулап сол арқылы демаламыз. Аммиакпен уланған адамды сірке қышқылының ерітіндісімен, судың жылы буын иіскеу керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттердегі ерітінділермен сүртеді, сабынды сумен жақсылап жуады. Аммиак төгілгенде ауадан жеңіл болған соң, тез буланып жоғары көтеріледі, төмен жерлерді таңдау керек (жертөле).


  1. Химиялық қару- жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар қолданылады.

Улау заттарының жіктелуі мына белгілермен ажыратылады:

1) Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлінеді:

-нервтік- салдық әсері (зарин, зоман)

- тері жарасы әсері (иприт, люизит)

- жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан)

- тұншықтыру әсері (фосген, фифосген)

- психикаға әсері

- тітіркенуге әсері (адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен)

2) Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты 2 топқа жіктеледі:

- сақталмайтындар (синильдік қышқыл, хлорциан, фосген, дифосген)

- ұзақ сақталатындар (иприт, зоман) улау қасиеті тән

3) Соңғы зақымдану нәтижесі бойынша:

- өлімге әкелетін (иприт, зарин, зоман, синиль қышқылы)

- адамдарды уақытша есінен айырады

4) Әсер ету уақыты бойынша:

- тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді)

- жай әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң білінеді- фосген, иприт, дтфосген)

5) Қолданылуы ықтимал улау заттары (фосфорорганикалық заттар)



6) тағада басқа



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет