Құзіреттілігі: Ағылшын және ана тiлiнiң фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін салғастырмалы түрде оқып-үйренеді; отандық және шетел тiл бiлiмiндегi тіл мәселесiне байланысты түрлi бағыттары мен пiкiрлерге студенттердiң сыни ойлауы қалыптасады; студенттердiң алған бiлiмiн күнделiктi кәсiби мақсатта пайдалана білуі қалыптасады.
Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы
12
|
MMO 0212
|
Медиа мәтіндерді оқу
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – жоқ
Постреквизит – Аудио-видеоматериалдарды аудару, Шет тілін оқытуда видеоматериалдарды қолдану, Кино-видеоматериалдарды аудару
Зерттеу мақсаты: Медиа мәтіндермен жұмыс істеу, БАҚ тілімен стилінің ерекшеліктерін зерттеу.
Қысқаша мазмұны: Тіл және стиль түсінігі. Стилистикалық морфология, синтаксис. Бұқаралық ақпараттар тілі. Бұқаралық ақпараттар құралдары – пресса, радио, кино, телевидениенің тілге әсері. Өңдеудің логикалық негіздері. Мәтіннің құрылымы. Мәтін түрлері және өңдеу ерешеліктері. Тақырып стилистикасы. Өзекті саяси, экономикалық, әдеби, құқық, философиялық мәтіндермен жұмыс.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: БАҚ тілінің және стилінің ерекшеліктері тұралы біледі Іскерлік: Медиа мәтіндерді оқып қажетті мәліметті алады.
Дағды: Медиа мәтіндерді оқу дағдыларын меңгереді.
Құзіреттілігі: Өзекті саяси, экономикалық, әдеби, құқық, философиялық мәтіндермен жұмыс істей алу қабілетін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы
|
13
|
ShOVK 0213
|
Шет тілін оқытуда видеоматериалдарды қолдану
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Халықаралық-құқықтық саладағы ауызша және жазбаша аударма
Зерттеу мақсаты: Студенттің тыңдау және шет тіліндегі сөйлемдерді тыңдап түсіне алу дағдылары мен біліктілігін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны : Аударма, визуалды және ауызша аударма туралы қысқаша түсінік. Аударма маңыздылығы, ауызша-визуалды аударманың ерекшелігі, ауызша аударма мен жазбаша аударма арасындағы айырмашылықтар туралы мағлұмат. Визуалды аударма деген не? Қашан және қайда қолданылатыны туралы түсінік.Аудармашылық тәжрибе қорытындысы ретіндегі аударма мен түпнұсқа мәтіні үзіндісі арасындағы сәйкестілік категориясы. Аудармада «Қосу» мен «Алып тастауға» негіздер. Грамматикалық ауыстырулар. Аудармашылық трансформациялар. Аудармадағы компенсация тәсілі.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Аудио- видеоматериалдарды қолданудың ерекшеліктерін біледі, басқа мәдениетке бейімделу және мәдениет диалогына қатысу тәсілдерін біледі.
Іскерлік: Шетел тілін тыңдап отырып қабылдайды және түсіне біледі, мәдениетаралық қатынасты жүзеге асырады, бір тілден екінші тілге тез ауыса біледі.
Дағды: Алған білімді іс жүзінде қолдана алатын, сөйлеу дағдыларының қалыптасқандығын сараптау және сөйлеу біліктілігінің дамығандығын, салыстыру, сараптау, жүйелеу, қорытындылау, сөйлеуді жоспарлау дағдылары қалыптасқан.
Құзіреттілігі: Шынайы заттармен қатынас орнату, табиғи, тірі тілді оқуға қабілеттілікті, топта жұмыс істеу қабілеттілігін дамытуды, ортақ мәмілеге келушілікті көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Ибраева А.А., аға оқытушы
|
14
|
AVMA 0214
|
Аудио-видео материалдарды аудару
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Халықаралық-құқықтық саладағы ауызша және жазбаша аударма
Зерттеу мақсаты: Аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданылатын шет тілін меңгеру үшін қажет мәдениаралық және танымдық біліктерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Аудио- және видеоматериал-дарды аудару туралы жалпы мағлұмат. Кино- және видеоматериал-дарды аударудың қиындықтары. Кино- және видеоматериалдарды аудару техникасы. Кино тілі. Құрылымды логикалық және коммуникативті ақпаратты жеткізу. Дискурс түрлері. Кинодағы авторлық неологизмдерді аудару.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Дубль жасау техникасын, фильмді синхрондау, дискурс түрлерін біледі.Әр түрлі тақырыптарға қатысты орташа қиындықтағы кино- және видеоматериалдарды дәлме-дәл аудара алу және орташа қиындықтағы екі жақты аударманы жүзеге асыра алуы керек.
Іскерлік: Мәтінді жіберушінің сөйлеу ерешелігіне қарай бастапқы мәтінді қабылдап, аудармашылық трансформацияларды қолдана алады.
Дағды: Бір тілден екінші тілге тез көше алып, ілеспе тіларалық аударма жасай алу дағдысы қалыптасқан.
Құзіреттілігі: Ауызша аударманың бастапқы білімдерін, өз бетімен жұмыс істей алатындығын, зерттеушілік дағдыларын, жаңа міндеттерді талап етіп, шеше алуға қабілеттілігін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Ибраева А.А., аға оқытушы
|
15
|
KVMA 0215
|
Кино-видео материалдарды аудару
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Халықаралық-құқықтық саладағы ауызша және жазбаша аударма
Зерттеу мақсаты: Аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданылатын шет тілін меңгеру үшін қажет мәдениаралық және танымдық біліктерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Аудио- және видеоматериал-дарды аудару туралы жалпы мағлұмат. Кино- және видеоматериал-дарды аударудың қиындықтары. Кино- және видеоматериалдарды аудару техникасы. Кино тілі. Құрылымды логикалық және коммуникативті ақпаратты жеткізу. Дискурс түрлері. Кинодағы авторлық неологизмдерді аудару.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Дубль жасау техникасын, фильмді синхрондау, дискурс түрлерін біледі. Әр түрлі тақырыптарға қатысты орташа қиындықтағы кино- және видеоматериалдарды дәлме-дәл аудара алу және орташа қиындықтағы екі жақты аударманы жүзеге асыра алуы керек.
Іскерлік: Мәтінді жіберушінің сөйлеу ерешелігіне қарай бастапқы мәтінді қабылдап, аудармашылық трансформацияларды қолдана алады.
Дағды: Бір тілден екінші тілге тез көше алып, ілеспе тіларалық аударма жасай алу дағдысы қалыптасқан.
Құзіреттілігі: Ауызша аударманың бастапқы білімдерін, өз бетімен жұмыс істей алатындығын, зерттеушілік дағдыларын, жаңа міндеттерді талап етіп, шеше алуға қабілеттілігін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Ибраева А.А., аға оқытушы
|
16
|
AShZhT 0216
|
Аудармащылық шапшаң жазу техникасы
Кредит саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 76 кредит
Постреквизит – Жоқ
Зерттеу мақсаты: студенттердің ауызша аудармашылық шапшаң жазу дағдыларын қалыптастыру және ауызша аударма процесінде әр түрлі функциональді стильтерге қатысты тілдік нормаларды дұрыс қолдану іскерліктерін дамыту.
Қысқаша мазмұны: Аудармашылық жазу. Универсалды аудармашылық жазу ұғымы (скоропись). Белгілер мен символдар. Әңгіменің қысқаша жазбасы. Универсалды аудармашылық жазудың қолдану аясы. Негізгі тақырыптар: Ілеспе аудармадағы жазу әдістері, әр түрлі аудармашылық қиындықтар; газеттік-ақпараттық материалдар; экономикалық, әлуметтік, саяси және басқа сала мәтіндерін (сұхбат, баяндама, конференция материалдары және т.б.) аудару.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Универсалды аудармашылық жазудың теориялық және құрылымдық аспектілерін, ерекшеліктерін, жазудың принциптері мен әдістерін, мәліметті іріктеу тәсілдерін білу.
Іскерлік: Түпнұсқа мәтіндегі баламалы аударма мазмұнын берудегі әдіс-тәсілдерін, ілеспе аудармадағы жазу, символдар арқылы ақпаратты жазу іскерліктерін меңгеру. Бұл әрекеттерді жаңа түскен ақпаратты тыңдай отырып орындауды; өз жазбаларына қарай отырып, бірақ оқымай, аудару іскерліктерін меңгеру.
Дағды: Әріптік жазудағы қысқарту әдістерін аудару барысында қолдана білу дағдыларын меңгеру.
Құзіреттілігі: Мәдениетаралық қарым-қатынас аясында білікті болу.
Бағдарлама жетекшісі: Есимбекова Қ.Е., оқытушы
|
17
|
KRDG 0217
|
Қазақстан Республикасының дамуының геосаяси ерекшеліктері
Кредит саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 76 кредит
Постреквизит – жоқ
Зерттеу мақсаты: студенттерге шет тілінде қарым-қатынас жасауға қажет тілдік біліктіліктерге оқыту. Олардың дүниетанымын кеңейту, жалпы білімділігі мен мәдениетілігін көтеру, тіл, сөз, ойлау мәдениетін дамыту. Студенттерді еліміздің даму тарихымен, салт-дәстүрімен, ірі саяси тұлғаларымен таныстыру.
Қысқаша мазмұны: «Қазақстан Республикасының дамуының геосаяси ерекшеліктері» курсы таңдау бойынша пән болып есептеледі және кәсіби аудармашыларды даярлау жүйесінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бұл пән арнайы тілдік блоктың басқа теориялық және практикалық пәндерімен қосарлана отырып кәсіби аудармашының жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге арналған және оның тілдік, лингвоелтанулық, қарым-қатынас және аударма біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Бұл курстың құрамына Қазақстан Республикасының саяси процесінің күрт дамуы және мәдени-тарихи жағдайның күрделігін қамтитын жан-жақты материалдар кіреді.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Экономикалық бағыттағы мәтіндерге тән тілдік заңдылықтарды, аударма тәсілдерін, экономикалық мәтіндерді жазбаша және ауызша аударудағы тілдік жіне тілдік емес факторлардың әсері, лексикалық және грамматикалық трансформациялардың түрлерін білу.
Іскерлік: Студенттердің ағылшын әдебиетін оқу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту; ағылшын тілінде сөздің ауызша және жазбаша меңгеру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту; елдің тарихи дамуының негізгі этаптарын оқу; саяси жүйені оқу (мемлекеттік басқару органдары, өзара байланыс принциптері мен механизмдері); сыртқы саясатты оқу, және Қазақстан Республикасының қазіргі халықаралық қатынас жүйесіндегі орны; оқу мәтіндерімен өзіндік жұмыстар жүргізе отырып студенттер қарап шығып оқуға, сұрақтарға жауап беруге, негізгі ойды анықтауға, оқыған мәтіннің қысқаша мазмұның жеткізе білуге, қысқартуға, қорытынды жасауға үйреніп, шапшаң оқу дағдыларын меңгеруі тиіс.
Дағды: ҚР даму тарихынан хабардар болып, оқылатын тілде жеткізе білу; ауыз екі сөйлеу тілі дағдысын меңгеру; лексикалық фразалар мен айтылымдарды меңгеру; қарап шығып оқу дағдыларын меңгеру.
Құзіреттілігі: Ойлау мәдениетін, анализ жасау, ақпаратты жинақтау, мақсат қойып оған жете білу, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, таным тәсілдерін меңгеру. Өзін-өзі дамыту, мәдени деңгейін, кәсіби біліктілігін көтере білу.
Бағдарлама жетекшісі: Есимбекова Қ.Е., оқытушы
|
18
|
RDAZh 0218
|
Реферат дайындау және аннотация жасау
Кредит саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 76 кредит
Постреквизит – жоқ
Зерттеу мақсаты: Мәтінді ақпараттық өңдеудің мақсаты- студенттердің реферативті хабарламаға тапсырыс берушінің талабына сай, белгілі мәселе жөніндегі қажетті және құнды ақпаратты жинақтауы.
Қысқаша мазмұны: Реферат және аннотация жазу негіздері .Рефераттар мен аннотациялардың функциялары. Реферат пен аннотация түрлері . Ақпаратты баяндау тәсілдері. Реферат пен аннотация жазудың негізгі кезеңдері. Реферат пен аннотация тілінің ерекшеліктері. Реферат пен аннотацияның стилистикалық ерекшеліктері. Мәтіннің логикалық жоспары. Ғылыми және арнайы әдебиеттер бойынша реферат жазу. Периодикалық басылымдарды мазмұндау ерекшеліктері. Ақпарат өңдеудің жаңа технологиялық құралдары.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Реферат және аннотация жазудың әдіс-тәсілдерін, мәтіндерді аналитикалық өңдеу құралдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қазіргі ақпараттық технологияны қолдану, мәтінді түзетуді (редактирование) меңгеру.
Іскерлік: Басты мәселені қосалқы мәселеден ажырата білу, өңделген материалды талдай және қорытындылайбілу, Реферат пен аннотацияның стилистикалық тәсілдерін қолдана білу.
Дағды: Реферат жазу және мазмұндау, түзету, қазіргі ақпараттық технологияны қолдану дағдысына ие болады. Құзіреттілігі: Аннотация мен реферат, пікір жазудағы базалық білімді шет елдік баспалары материалдарымен танысуда, тілі оқылатын елдің техникалық жетістіктері, тарихы мен экономикалық және саяси жүйесімен танысу барысында еркін қолдана алады.
Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы
|
19
|
RAP 0219
|
Реферативті аударма практикасы
Кредит саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 76 кредит
Постреквизит – жоқ
Зерттеу мақсаты: Мәтiндердiң реферативті аудармасының психологиялық алғышарттарымен танысу, материалдарды әдеби өңдеудiң тiл нормаларымен танысу.
Қысқаша мазмұны: Ауызша аудармашының жұмыс істеу әдістемесі. Аудармаға дайындалу және аударылатын мәтінге аудармалық талдау жасау. Жазбаша библиографиялық және басқа белгілерді (сноска) орналастыру жолдары, қысқарған сөздерді, шартты белгілерді түсіндіру. Тыныс белгілеріндегі айырмашылықтар. Аударманы қысқарту ( реферирование), мақсаты мен міндеттері. Мәтінді қысқарту барысында кездесетін қиындықтарды жеңу мәселесі. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді рефераттау ерекшеліктері. Аударманы баспаға даярлау.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Қазіргі таңдағы аударма процесінің ерекшеліктері, реферативті аударманың ерекшеліктері мен тәсілдері, әртүрлі сөздіктердің құрылымы мен заманауи техникалық құралдарының түрлері мен құрылысын біледі.
Іскерлік: Аудармалық трансформацияларды, ақпаратты қысқартуды біледі және ағылшын тіліндегі ақпаратты ана тілінде ауызша және жазбаша реферат пен аннотация (аңдатпа) түрінде жаза біледі.
Дағды: Жазбаша аудармаларды түзету, мәтінді синтездеу, мәтінді қайта құру, түпнұсқа мәтіні авторының ойын жеткізу, мәтінді тапсырыс берушіге түсінікті аудару дағдыларын меңгереді.
Құзіреттілігі: Болашақ маманның жазбаша және ауызша реферативті аударма барысында тілдік бірліктерді дұрыс қолдануы, техникалық құралдарды пайдалана білуі, үнемі өзінің білімін жетілдіріп отыруы жолға қойылады.
Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы
|
20
|
TKMB 0220
|
Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизит – жоқ
Постреквизит – Кәсіби бағытталған шетел тілі
Зерттеу мақсаты: Оқытылған шет тілі негізінде студенттердің қарым-қатынастық және мәдениетаралық біліктігін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Студенттерге тілдік қарым-қатынас пен сөйлеу мәдениетінің негізгі ұғымдары жөніндегі түсінік беру. Мәдениетаралық қатынастың негізгі салаларында болашақ аудармашының дұрыс және кәсіби сауатты сөйлеу мінез-құлқын қалыптастыру.Болашақ аудармашының кәсіптік қызметінің контекстінде оқытылатын шет тілі елінің және туған тілінің мәдени-өзіндік ерекшеліктері туралы білімді жүзеге асыру.Тілдік қарым –қатынаста студенттердің оқытылатын шет тілінің тілдік бірліктерін өлшемге сәйкес қолдану шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру. Студенттерді «Тіл теориясының негіздері» және «Шетел және қазақ,орыс тілдерінің функционалдық стилистикасы» курстарына лингвистикалық тұрғыдан дайындау.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Курсты тамамдағаннан кейін студент «Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» курсының мақсаттары мен міндеттерін білуі тиіс. Тілдік қарым –қатынас,оның болмысы мен түрлері туралы ұғымды,оқытылатын тіл елі мен Қазақстанда мәдениеттің,құндылық бейімделушіліктердің жүйесін,мәдениеттердегі ортақтықтар мен айырмашылықтарды, сөйлеу мәдениетінің негізгі ұғымы мен өлшемдерін, оқытылатын шет тілін жеткізушілердің тілдеріндегі ұлттық-мәдени ерекшеліктерді (сөйлеу мінез-құлқының вербалды және вербалды емес құралдары),оқытылатын тілдің орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық өлшемдерін (нормаларын) білуі тиіс.
Іскерлік: Курсты тамамдағаннан кейін студент өзін-өзі аудармашының кәсіби этикасының талаптарына сәйкестікте ұстай алады, басқа мәдениет өкілдерінің жағдайларға байланысты қалыптасқан мінез-құлқын пайымдай біледі, екі мәдениеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата біледі, барабар аударманы жүзеге асыру және өзінің тілдік мінезінің жағдаятты – барабар стратегиясын және тактикасын іске асыра алады, оқытылатын шет тілінің өлшемдеріне сәйкес өз ойларын шет тілінде бере алады,тілдің мазмұндылығын айтылымның ақпараттылығын,қисындылығын, орындылығын, мәнерлілігін ескере отырып, айтылымды құрастыра біледі.
Дағды: Мәдениетаралық қатынастың вербалды және бейвербалды шет тілдік құралдарын, оның ішінде сөйлеу этикетінің формулаларын , жақсы дамыған жекеше тезаурусты меңгереді.
Құзіреттілігі: Тілдік қарым –қатынас мәдениетіне оқыту кезінде когнитивтік аспектіні ескере отытып, қатынастық-мәдениетаралық тұрғыдан келуді жүзеге асыра отырып, ол оқу процесінде когнитивтік және прагматикалық-қызметтік бейімдеушілікті көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Басимова Г.С.,аға оқытушы
|
21
|
TKM 0221
|
Тілдік қарым-қатынас мәдениеті
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны – 5
Пререквизит – жоқ
Постреквизит – Кәсіби бағытталған шетел тілі
Зерттеу мақсаты: Кәсіптік қызметіне қажет тілді маңызды құрал ретінде еркін меңгерген; кәсіби қарым-қатынастық құзіреттілігі бар, сауатты қарым-қатынас жасай білетін маман дайындау. Қарым-қатынас туралы негізгі білім, оның түрлері , сөйлеу сапасымен таныстыру; тіл нормасын сақтау дағдыларын қалыптастыру; өзінің сөйлеу тілін талдай білуге үйрету; өзінің сөйлеу тілі барысында аймақ территориясында тұратын халықтардың мәдени және салт-дәстрлері ерекшеліктерін түсініп оны қолдана алуға үйрету; этника аралық қарым-қатынас жағдайында кәсіби қарым-қатынас жасауға дайындау.
Қысқаша мазмұны: Шетелдіктермен қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік нормалары, мәдени реалиялар мен ерекшеліктерді үйрену, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениеттрі, ұлттық стереотиптері және олардың ерекшеліктері; «Сөйлеу мәдениеті» түсінігі және оның негізгі аспектілері: нормативті, коммуникативті, этикалық; тілдік нормалар- орфоэпикалық, орфографикалық, сөзтудырушылық, лексикалық, грамматикалық; тілдік қарым-қатынас формалары және тілдік әрекет; іскери хаттар классификациялары, құжаттарды рәсімдеу ережелері, тілдік іскери қарым-қатынастың негізгі формулалары.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Курсты тамамдағаннан кейін студент пәннің категориалды аппаратын ;ұлттық мәдениеттердің психологиясын, қарым-қатынастық ерекшеліктерін; мәдени аралық психологиядағы жеке өзара әрекеттің ерекшеліктерін біледі.
Іскерлік: Оқу барысында алынған хабарды бекіте алу ;мәдениеттер диалогы контексіндегі күнделікті және іскери қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында шетел тілін түсіне алу; мәдениеттер диалогы контексіндегі хаттарда қарым-қатынастық ниеттерін жаза алу; сөйлемдерді қоғамдық –тарихи тәжірибені ескере отырып құра алады.
Дағды:Күнделікті қарым-қатынастағы сөйлеу этикеттерін( танысу, өтініш, келісу, келіспеу, алынған хабар бойынша өз пікірін білдіру т.б.) дағдыларын; мәдени, елтанымдық сипаттағы хабарларды жеткізе алу дағдыларын меңгереді.
Құзіреттілігі: Тілдік қарым –қатынас мәдениетін, сөйлеу мәдениетінің этикалық нормаларын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Басимова Г.С.,аға оқытушы
|
22
|
AТ 0222
|
Аударма теориясы
Кредит саны – 4 (2+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 7
Пререквизит – жоқ
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Жазбаша аударма практикасы, Ғылыми-техникалық аударма, Экономикалық және коммерциялық мәтіндерді аудару
Зерттеу мақсаты: Болашақ аудармашы мамандарды аударманың лингвистикалық теориясының негізгі қағидаларымен таныстыру. Көп мәдениетті әлемде жеке және ұлттық ерекшеліктерді қалыптастырудағы дәстүр және жаңалық, рухани құндылықтар мәнін түсінуді дамыту. Аударма процесі үшін тіл, ойлау және қоғам арасындағы өзара байланыстың маңызды жақтарын ашу. Студенттердің мамандыққа прагматикалық және кәсіби бағдар беретін негізгі және профилді пәндерді меңгеру үшін негізін құратын, аудармашышың кәсіби қызметі туралы негізгі білімдерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: «Аударма теориясы» курсы болашақ мамандықпен жан жақты танысуға, аудармашы құзырлығының кәсіби мәнділігін түсінуге арналған. Пәнді оқудың объектісі аудармашының кәсіби қызметі саласы және оның ерекшеліктері болып табылады.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: аударма ғылымының қазіргі заманғы жағдайын; аудармашы қызметінің негізгі концепцияларын; аударманың әртүрлі типтері мен формаларының ерекшеліктерін, аударманың негізгі лексикалық-фразеологиялық және стилистикалық проблеммаларын біледі.
Іскерлік: ғылыми идеяларды, концепцияларды аударма танудың теориялық құрылымын сыни тұрғыда талдай алады; нақты мәліметтерді саралай отырып жинақтап, қорыта біледі; лигвистикалық, энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдебиетпен жұмыс істей біледі; теориялық білімді практика жүзінде қолдана біледі.
Дағды: жалпы лигвистикалық және аудармалық терминдерді біледі; салғастырмалы-аудармалық, компоненттік және басқада талдау тәсілдерін меңгереді.
Құзіреттілігі: курсты аяқтағаннан кейін студенттер теориялық білімді игеріп, оны кейінен негізгі мамандық бойынша өздік кәсіби және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалану үшін аударма танудың теориялық базасын меңгереді.
Бағдарлама жетекшісі: Басимова Г.С.,аға оқытушы
|
23
|
AТ 0223
|
Аударма технологиясы
Кредит саны – 4 (2+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 7
|
Достарыңызбен бөлісу: |