Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Күтілетін зерттеу нәтижелері



бет5/7
Дата24.04.2016
өлшемі482.5 Kb.
#79033
1   2   3   4   5   6   7

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Тіл білімінің өзекті мәселелерін білуі

Іскерлік: Алған білімдерін практикада қолдана білуі

Дағды: Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру дағдысы

Құзіреттілігі: Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіне білу құзіреттілігі

Бағдарлама жетекшісі – ф.ғ.к., доцент м.а. Ә.М. Жұмағұлова

35

TBOM 0235

Тіл білімінің өзекті мәселелері

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит –жоқ

Постреквизиты – жоқ

Зерттеу мақсаты: Тіл- ойлау- ақиқат, тілдің мәні және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен коммуникативтік қызметі, тіл және қоғам, басқа да коммуникативтік құралдар мәселелерін танып білу

Қысқаша мазмұны: Тілдің қоғамдық табиғаты. Тіл – ерекше қоғамдық құбылыс. Әлеуметтік тіл білімі. Тілдердің қарым-қатынасы. Тілдің өмір сүру формалары. Ұлттық тіл және жергілікті диалектілер. Диалектілер. Тілдің тарихи дамуы. Лингвогенез және антропогенез. Тілдің пайда болуы туралы ғылыми деректерӘлем тілдерінің топтастырылуы. Генетикалық, типологиялық, ареалдық принцип. Негізгі тілдік одақтарТіл – жүйе және құрылым. Вариант және инвариант.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Тіл білімінің өзекті мәселелерін білуі

Іскерлік: Алған білімдерін практикада қолдана білуі

Дағды: Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру дағдысы

Құзіреттілігі: Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіне білу құзіреттілігі

Бағдарлама жетекшісі – ф.ғ.к., доцент м.а. Ә.М. Жұмағұлова

Мамандану пәндері– 27 кредит

Білім беру траекториясы – Аудармашы-референт

1

IShTI 0301

Іскерлік шет тілі және іскерлік корреспонденция

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі

Зерттеу мақсаты: Іскерлік қарым-қатынастың мәнін, көпмәдениетті әлемдегі ұлттық және дербес ұқсастықтарды қарастыру барысында дәстүрлер және жаңалықтарды түсiну қабілетін дамыту және студенттердiң дүние тануын тереңдетіп, аудармашының жалпы теориялық білім мен нақты аудармашылық тәжiрибені ұштастыру дағдыларын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: "Iскерлік шет тiлi және iскерлік корреспонденция" практикалық курсы студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған. Курстың негiзгi міндеті: шетелдiк әрiптестермен жұмыс істеудің негiзгi қағидаларын меңгеру; ағылшын тiлiнiң ресми -iскерлік стилiнің ерекшеліктерімен танысу; кәсiпорынның экономикалық саясатының мықты қаруы болып табылатын iскерлік корреспонденцияның тиiмдiлiгiнiң мәнiн ашу; iскерлік этикеттiң ережелерiн меңгеру.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Іскер қарым-қатынас барысында сөйлеудің нормаларын бiлу; iскер терминологияның негiздерi; экономикалық тұжырымдамаларды қалыптастыру шарттары; iскерлік сала терминологиясын дәлме-дәл аудару әдiстерi; iскерлік құжаттаманы ресiмдеудiң халықаралық нормалары және стандарттары.

Іскерлік: Ресми стильдiң нормаларын бiлуге дағдылану; шет елдік жазбаша және ауызша iскери мәлiметтермен жұмыс iстеу; iскерлік және коммерциялық хаттарды жазу және аудару; түзету техникасын бiлу, құжаттыкомпьютерде әзiрлеу және өңдеу; iскер әңгiмелер мен келiссөздерді аудару; Телефонмен ағылшын тілінде келіссөздер мен iскерлік әңгiме жүргізу білу.

Дағды: Шетел тiлiнде iскер қарым-қатынас жасау, iскерлік басқару, iскерлік корреспонденцияны құрастыру және аудару дағдыларын меңгеру.

Құзіреттілігі: Қазақстан республикасының шет мемлекеттермен iскерлік қатынастарында білікті болу, сонымен бiрге шетел тiлiнде iс жүргiзу нормасын білу.

Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы

2

IKEP 0302

Іскерлік қарым-қатынас этикасы мен психологиясы

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі

Зерттеу мақсаты: Студенттерге ағылшын тілінде іскерлік әдебі бойынша базалық білім беріп, олардың тілдік және аудармалық компетенцияларын қалыптастыру, тілдік кедергілерді жою мен іскерлік әдебін үйрету.

Қысқаша мазмұны: Іскерлік қарым-қатынас этикасы мен психологиясы пәні мен міндеттері; мінсіз психикалық нақтылық, адамдардың санасының зияткерлiк, эмоционалды және ерiктi көрініс беруі; адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынасының психологиялық жағы.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Іскерлік қарым-қатынас этикасы мен психологиясын, сөйлеу мәнері, іскерлік қарым-қатынастың теориялық негіздерін, конфликтология негізгі, қайшылық таныту, көңіл аударту, өз көзқарасын дәлелдеу, пікірталастарға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс, түйіндемені сауатты түрде құрастыруды, сұхбаттасудан сәтті түрде өткізу, бизнес-жоспарды дұрыс құру мәселелерін біледі, презентацияның психологиялық әдістерін, пресс-релиз жазу, жарнама негізін толық меңгеру, PR. Ішкі және сыртқы PR мен қатынас ерекшеліктерін меңгеруі арқылы ағылшын тілін күнделікті кәсіби қызметінде тиімді пайдалана алады.

Іскерлік: Іскерлік қатынастардың психологиялық және этикалық тиiмдiлiгiн жоғарылату дағдысын дамытады; керi байланыс технологиясын пайдалану, сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беру; қарым-қатынастың бір түрі ретінде іскери қатынастың ерекшеліктерін аша білу; қатынастың бейвербалды құралдары мен өзара сөйлесу әрекетінің этикалық негізін меңгеру (Мәжiлiс, презентация және бұйрық, баспасөз мәслихат, келiссөз, брифинг) сияқты iскер шараларды ұйымдастыру; өз көзқарасын білдіру, ең маңызды мәселелерді бөліп қарастыру; іскерлік қатынастың үлгілерін, стратегиялары мен стилін дұрыс қолдану.

Дағды: Интерактивті қарым-қатынас, топтық әрекет, бедел мен имиджді қалыптастыру, маркетинг, өзін-өзі таныстыру (презентация) дағдыларын меңгеру.

Құзіреттілігі: Сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін (ауыз-екі сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) жетілдіру, тілдік құралдарды іскерлік қарым-қатынас барысында тиімді қолдану.

Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы

3

EKMA 0303

Экономикалық және коммерциялық мәтіндерді аудару

Кредит саны – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 3



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы

Зерттеу мақсаты– Тіларалық қарым-қатынас барысында экономикалық және коммерциялық мәтіндерді дәлме-дәл аударуға қажетті студенттердің аудармашылық және линвистикалық дағдыларын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны – Аудармашыларды кәсіби даярлау барысында «Экономикалық және коммерциялық мәтіндерді аудару» курсының алатын орны зор. Түпнұсқа тіліндегі экономикалық және коммерциялық тақырыптағы мәтіндер тілін оқитын елдердің экономикалық жүйесінің дамуы жөніндегі маңызды мәселелермен таныстырып, кәсіпке қатысты тақырыпта еркін сөйлеп, жазуға, еркін аударуға көмектеседі.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Экономикалық және коммерциялық мәтіндерге тән заңдылықтарды, экономикалық және коммерциялық мәтіндерді аудару тәсілдерін, экономикалық және коммерциялық мәтіндерді ауызша және жазбаша аударудағы вербальды және вербальды емес факторлардың ролін, лексикалық және грамматикалық трансформация түрлерін біледі.

Іскерлік: Түпнұсқа мәтіндегі ақпарат түрін анықтау; түпнұсқа мәтініндегі коммуникативті тапсырманы анықтау; лексикалық және грамматикалық трансформацияларды қолдану; контекстке тәуелді варианттық сәйкестіктерді таңдау; Мәтінді түзететін компьютерлік бағдарламасын қолдану.

Дағды: Экономика тақырыбындағы мәтіндермен жұмыс барысында студенттер көз жүгіртіп оқуға, сұрақтарға жауап беруге, мәтіннің мазмұнын қысқаша айта білуге, түйіндеуге үйреніп, экономика тақырыбындағы терминологияны дұрыс қолдана отырып, оқу дағдыларын меңгеруі тиіс.

Құзіреттілігі: Лексикалық баламалықты сақтай отырып жазбаша аударма жасау, аударма барысында грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларды сақтау; аударма мәтінін компьютерлік мәтін түзету бағдарламасының көмегімен өңдеу; ақпаратты алу, өңдеу құралы компьютермен жұмыс істей алу дағдысының болуы; дәстүрлі ақпарат тасушы құралдармен жұмыс істей білуі; лингвистикалық міндеттерді шешу үшін электронды сөздіктермен және элетронды ресурстармен жұмыс істей білуі.

Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы

4

GPMA 0304

Газет және публицистикалық мәтіндерді аудару

Кредит саны – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 3



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы

Зерттеу мақсаты: Публицистика жанрлары, әр жанрдың маңызды бейнелері және жеке авторлардың публицистикалық мұрасы тұралы мәлімет беру.

Қысқаша мазмұны: Газет және публицистикалық стиль түсінігі. Газет тілі. Қоғамдық саяси журналдар тілі. Газет және публицистикалық стиль бұқаралық ақпараттар құралдары – пресса, радио, кино, телевидениенің аркасында барлық функционалды стилдер ішіндегі ең кең тарағаны.

Газет және публицистикалық стилге, тіл құралдарын таңдауға әсер ететін факторлар және публицистикалық мәтіннің құрылымы. Газет стилінің түрлері: мәлімдеме, тақырыптар және хабарландыру стилі. Шешендік және шығарма стилі. Лингвистикалық, грамматикалық, құрылымдық ерекшеліктері. Қоғамдық іс-әрекеттің әр түрлі салаларымен байланыс. Публицистикалық стилдің қызметі – ақпараттық және тәрбиелік.



Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Публицистика жанрлары, газет және публицистикалық стиль ерекшеліктері тұралы біледі.

Іскерлік: Газет стилінің түрлерін ажыратып тіл құралдарын таңдай алады.

Дағды: Газет мақалаларының стилін ажыратады және қажетті мәлімет ала алады

Құзіреттілігі: Газет мақалаларың оқып қажетті мәлімет алу қабілетін көрсетеді

Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы

5

GTA 0305

Ғылыми-техникалық аударма

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы

Зерттеу мақсаты: Студенттерді ғылыми-техникалық аударманың талаптарымен таныстыру болып табылады.Курстың негізгі міндеті болашақ мамандықтың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру, сонымен қатар «Аударма теориясы мен практикасы» және «Жазбаша аударма» пәндерінде берілген теориялық білімді жүйелеу және жинақтау, студенттерді өздерінің негізгі мамандықтары бойынша өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасау болып табылады.

Қысқаша мазмұны: Ғылыми-техникалық ақпараттарды аудару, ғылыми-техникалық аудармадағы грамматикалық ерекшеліктер, ғылыми мақалалардың құрылысы, техникалық аударманың лексикалық ерекшеліктері, терминологиялық сөз тіркестері, ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару, құжаттарды аудару.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауысуларды, ғылыми-техникалық аударманың прагматикалық аспектілерін, ғылыми-техникалық ақпараттың негізгі түрлерін, ғылыми-техникалық ақпараттың грамматикалық қиындықтарын, аударма трансформациялары мен оларды аударма жасау барысын талқылауда қолданылуын, аударма түрлерін, эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдерін меңгереді.

Іскерлік: Лингвистикалық, энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдебиеттерді қолдана білуге, ғылыми идеяларға, фактілерге дұрыс талдау жасай алуға, жалплай шешім қабылдауға және теориялық білімді тәжірибеде қолдана алу қалыптасады.

Дағды: Лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауыстыру, терминологияның бірлігін сактау, лексика мен грамматиканы жақсы игеру негізіндсе түсінуді пайымдау, шет тілінің құрылымдары, сөз тәртібі мен стилінің қолданылуы, жүйелі және үздіксіз терминологияны толықтыру дағдылары қалыптасады.

Құзіреттілігі: Оқу барысында студенттер тілін оқитын елдің ғылыми-техникалық мәтіндеріндегі ерекшеліктерімен танысып, тілдік қарым-қатынас кезінде осы курс бойынша алған білімдерін қолдануды үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: Дихамбаева А.К., аға оқытушы

6

TMAM 0306

Техникалық мәтіндерді аудару мәселелері

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы

Зерттеу мақсаты: «Техникалық мәтіндерді аудару мәселелері» пәнін оқытудағы мақсат - студенттердің ғылым мен техника салаларына жататын мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда кәсіби құзырлықты меңгеру болып табылады

Қысқаша мазмұны: Курстың негізгі міндеті - болашақ мамандықтың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін аударманың түрлерін, әдіс-тәсілдерін және технологияларын қолданып, аударылатын мәтіннің түрін және қарым-қатынастың ең жоғарғы шегіне жетудегі аударма шарттарын ескере отырып қалыптастыру. Сонымен қатар, аударманы кәсіби-бағыттау мақсатындағы ғылыми-әдістемелік әрекет, сөздіктер және әдістемелік нұсқаулар құрастыру да пәннің негізгі міндеттерінің бірі. Бакалаврдың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми-техникалық әдебиетті аудару саласында кәсіби дағдыларды жақсартуға бағытталған ақпараттық-іздеу жұмысын ұйымдастыруға негізделген

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Ғылыми-техникалық адарманың прагматикалық аспектілері мен аударманың прагматикалық қалыптасу тәсілдерін, ғылыми-техникалық ақпараттың негізгі көздерін, ғылыми-техникалық ақпараттың негізгі көздерін аударудағы грамматикалық қиындықтарды, аударманың классификациясы мен аударма түрлерін, аударманың негізгі модельдерін, аударма трансформацияларын және оларды аудармаға талдау жасауда қолдану әдістері мен нәтижелерін, аударма сәйкестігінің негізгі түрлерін және эквивалентсіз лексиканың аударылу тәсілдерін меңгереді.

Іскерлік: Грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық түрлерін, лексикалық эквиваленттілік нормаларын сақтай отырып, жазбаша аударма жасау қалыптасады.

Дағды: Жаһанды компьютер желілерінің ақпараттарымен, электронды сөздіктермен, және аудармашылық талаптарды шешуге қажетті басқа да электронды ресурстармен жұмыс істеуге дағдыланады.

Құзіреттілігі: Қазақстанның өнім өндіру секторында және техникалық ғылым саласында аудармашы қызметін ұсыну құзырлығын көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: Дихамбаева А.К., аға оқытушы

Білім беру траекториясы – аудармашы-лингвист

1

GTTA 0307

Ғылыми-техникалық терминологияны аудару мәселелері

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы

Зерттеу мақсаты: студенттерді ғылыми-техникалық терминдерді аудару талаптарымен таныстыру болып табылады. Ағылшын тілінде ғылыми-техникалық сөздігін құрастыру.

Қысқаша мазмұны: Терминдер мен ғылыми-техниканың салалық лексикасы ұғымы, ғылыми-техниканың терминдерінің аударылу түрлері, етістіктен жасалған зат есімдердің конструкцияларын беру, аударма түрлері, эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдері, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауысулар.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауысуларды, ғылыми-техникалық аударманың прагматикалық аспектілерін, ғылыми-техникалық ақпараттың негізгі түрлерін, ғылыми-техникалық ақпараттың грамматикалық қиындықтарын, аударма трансформациялары мен оларды аударма жасау барысын талқылауда қолданылуын, аударма түрлерін, эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдерін меңгереді.

Іскерлік: Лингвистикалық, энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдебиеттерді қолдана білу, баламалы және баламсыз лексиканы дұрыс аудару және теориялық білімді тәжірибеде қолдана алу қалыптасады.

Дағды: Лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауыстыру, терминологияның бірлігін сактау, лексика мен грамматиканы жақсы игеру негізіндсе түсінуді пайымдау, шет тілінің құрылымдары, сөз тәртібі мен стилінің қолданылуы, жүйелі және үздіксіз терминологияны толықтыру дағдылары қалыптасады.

Құзіреттілігі: Оқу барысында студенттер тілін оқитын елдің ғылыми-техникалық мәтіндеріндегі терминдерді аудару және қолдану ерекшеліктерімен танысып, тілдік қарым-қатынас кезінде осы курс бойынша алған білімдерін қолдануды үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: Дихамбаева А.К., аға оқытушы

2

MGTO 0308

Мәтіндерді ғылыми техникалық өңдеу негіздері

Кредит саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы

Зерттеу мақсаты: Ғылыми техникалық аударма барысында тілдік бірліктерді өңдеу жолдары, құралдары және тәсілдері тұралы жүйелі көзқарас қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Әр түрлі техникалық әдебиеттерді аудару, техникалық терминдерді білу. Техникалық аударма теориясы және практикасының негізгі заңдылықтарын меңгеру. Ағылшын ғылыми техникалық әдебиетін оқу, мәтіндерді талдап аудару дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Техникалық аударма теориясы және практикасының негізгі заңдылықтары тұралы біледі.

Іскерлік: Тұп нұсқа ғылыми техникалық әдебиетті оқып түсінеді, мәтінді талдап дұрыс аударады.

Дағды: Тұп нұсқа ғылыми техникалық әдебиетті оқып түсінеді, мәтінді талдап дұрыс аударады.

Құзіреттілігі: Мәтіндерді ғылыми техникалық өңдеу қабілетін көрсетеді

Бағдарлама жетекшісі: Дихамбаева А.К., аға оқытушы

3

EZhAP 0309

Екі жақты аударма практикасы

Кредит саны – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 3



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы

Зерттеу мақсаты: Тіларалық қатынас кезінде баламалы жазбаша және ауызша аудармамен қамтамасыз ету мақсатында екі жақты аудармаға қажетті аудармашылық және лингвистикалық құзыретті қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Бір тілден екінші тілге және керісінше жасалатын келіссөздерге, әңгімелерге, сұхбаттарға ауызша ілеспе аударма жасау. Аудармашы оратордың айтқан мәтінінің бірнеше сөйлемдерін немесе мәтіннің бөлігін ауызша аударады.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: экономикалық мәтіндерге тән тілдік заңдылықтарды, аударма тәсілдерін, экономикалық мәтіндердегі ауызша және жазбаша аударманың лингвистикалық және лингвистикалық емес факторларының ролін, лексикалық және грамматикалық трансформациялардың түрлерін біледі.

Іскерлік: Сұхбат, конференция, дөңгелек үстел, жеке және іскери әңгімелерге екі жақты аударма барысында бір тілден екінші тілге тез көше алады, бастапқы мәтіндегі ақпарат түрін ажырата алады, лексикалық және грамматикалық трансформацияларды қолдана алады, аударма барысында мәтіндегі сөзді анықтап, оның сәйкестілігін таңдай алады, компьютерлік бағдарламалардың мәтіндік редакторларын қолдана біледі.

Дағды: Тақырыптық мәтіндермен жұмыс істеуде студенттер шолып оқу, сұрақтарға жауап беру, негізгі мағынаны анықтау, оқығанның қысқаша мазмұнын беру, қорытындылау, терминдарды орнымен қолдана алу дағдыларын қалыптастырған.

Құзіреттілігі: Лексикалық баламалар, грамматикалық, стилистикалық және синтаксистік нормаларды сақтай отырып жазбаша аударма жасай алады, ақпаратты өңдеу және меңгеру құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырған, лингвистикалық мәселелерді шешу үшін электрондық сөздіктермен; басқа да электрондық ресурстармен жұмыс істей алады.

Бағдарлама жетекшісі: Ибраева А.А., аға оқытушы

4

PBA 0310

Парақ бетінен аудару

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – 39 кредит

Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы

Зерттеу мақсаты: Аудармашылық біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, барабар аударманың шарты ретінде кәсіби фондық білімді қалыптастыру, аудара үрдісінде тілдік құралдарды қолдана алу дағдыларын дамыту.

Қысқаша мазмұны: Мәдениаралық қатынаста тілдік делдалдықты іске асыруға қажетті ауызша және жазбаша аударманың негізгі дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Өз ішінен тез оқып, бастапқы сөйлемнің синтаксистік құрылымын құрайтын элементті тез анықтап, аударма тіліне тез көше алу, аудармашылық сәйкестіктерді білу.

Іскерлік: Аударма жасай отырып түпнұсқаның келесі бөлігін оқи алу, сөйлеу темпін үзіліссіз, түзетулерсіз сақтау.

Дағды: Ауызша сөйлеуді түсіне алу, айылып жатқан сөйлемді болшектеу, прецизионды сөздерді есте сақтап, дәл бере алу дағдылары қалыптасқан.

Құзіреттілігі: Дауысын, демін меңгере алу, ауызша сөйлеу мәдениетін, әр түрлі жанрдағы және силдегі мәтіндерді жазбаша және парақ бетінен аудара алу, аударма барысында ана тілдің синонимдарын және басқа да ресурстарын тиімді түрде қолдана алу құзреттігін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: Ибраева А.А., аға оқытушы

5

ATKK 0311



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет