Ағылшын тіліндегі кеңселік құжаттаманың негіздері
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі
Зерттеу мақсаты: Студенттерді іскерлік хаттарды жазудың халықарылық жалпы қолданыстағы ережелерімен, ағылшын тіліндегі негізгі жазба штамптарымен және қысқарған сөздермен, сондай-ақ шетелдік серіктестермен сыртқы сауда келісімін жүзеге асыратын маман –коммерсанттардың жұмысында қажетті құжаттарды және іскерлік хаттарды дұрыс жаза білуі маңызды, сондықтан жүк тасымалдауға қажетті құжаттармен таныстыру.
Қысқаша мазмұны: : Курс арнайы тақырыптарға ауызша және жазбаша сөйлеуді қалыптастыру дағдыларын дамытып, коммерциялық тақырып сөздерін үйрену арқылы активті сөз қорын көбейту, коммерциялық құжаттарды сөздіксіз оқу (ақпаратты толық түсініп оқу) дағдысын және арнайы әдебиетке аңдатпа жазу мен қысқаша мазмұнын беру дағдыларын дамытады.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Іскерлік терминология негізін білу; экономикалық концепциялардың қалыптасу шарттары; іскерлік терминологияны бара-бар аудару тәсілдері; іскерлік құжатты құрастырудың, жазудың халықаралық ережелері мен шарттары.
Іскерлік: Өз ойын жазбаша жеткізе білу; ағылшын тілінде іскерлік хаттар, сұраным, ұсыныс хат жаза білу; активті сөз қоры сөздері мен сөз тіркестерін жаза білу; ағылшын тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен ағылшын тіліне хаттарды жазбаша түрде аудара білу; аннотация мен реферат жаза білу; бағдарламаға енгізілген құжаттарды(бланктерді) толтыра білу; қарастырылған арнайы тақырыптар көлемінде әңгімелесе білу; кәсіби бағытта оқылған мәтіндер жөнінде өз ойын білдіріп, хабарлама жасай білу және алдына қойылған міндетті шешу; хаттарды, құжаттар мен арнайы әдебиетті( сөздіксіз) толық түсініп( минутына 350-400 б.б) оқу.
Дағды: Коммерциялық құжаттарды сөздіксіз оқуға, арнайы әдебиет бойынша аңдатпа жазу мен қысқаша мазмұнын беруге, іскерлік хаттарды құрастырып ,аударуға дағдыланады.
Құзіреттілігі: Болашақ маманның қазақ және ағылшын тілдерінде іс қағаздарын жүргізу сауаттылығы .
Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы
6
|
MAZhX 0312
|
Мәдени-ақпараттық жаһандану және халықаралық бірлестік
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі
Зерттеу мақсаты: Таңдап алынған салада маман болу үшін ерекше білім, іскерлік және дағдыларды қажет ететін іс-әрекеттің ерекше түрі ретіндегі мәдени-ақпараттық жаһандану және халықаралық бірлестік туралы түсінік қалыптастыру. Кәсіби маман ретінде табысқа жетуді қамтамасыз ететін коммуникативтік компетенцияны қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Мәдени-ақпараттық жаһандану және халықаралық бірлестіктің проблемалы салаларын жүйелі зерттеу; мәдениаралық жаһандану және халықаралық бірлестіктің негізгі түсініктері мен терминологиясын меңгеру. Іскери мәдениаралық қабылдауды, әртүрлі мәдениеттің іскери мінез-құлқындағы нақты көріністі дұрыс түсіндіре білу қабілетін дамыту.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Түсіну деңгейінде: Жалпы мәдени қоғамдастық және әлеуметтік топтар өкілдерінің өмір сүру стилі, салты және олардың мәдениеті; мәдениет аралық қарым-қатынас жағдайындағы өзара әрекетке тән жағдаяттар;
Іскерлік: Бөгде тілді ортада мінез-құлық пен қарым-қатынастың мәдени шартталған нормаларын басшылыққа алу; ұсынылып отырған әлеуметтік мәдени контекстке сәйкес шет тілінде сөз сөйлей алу.
Дағды: Бөгде тіл ортасында қабылданған сөйлеу нормалары стратегиясын, сөйлеу мәдениеті, этикеті, мәдени факторлар ескерілетін мінез-құлықтың әртүрлі модельдері мен стильдерін қолдану.
Құзіреттілігі: Бөгде мәдениетті қоғамда қабылданған мінез-құлық этикалары және моральдың нормалары, өзара әрекет кезіндегі әлеуметтік жағдаяттар модельдері және моральдың нормалары туралы түсініктері болады; әртүрлі мәдениет және қоғамдар өкілдері арасында қарым-қатынастың болуы мүмкін жағдаяттарды модельдей алады.
Бағдарлама жетекшісі: Тулекова М.Қ., аға оқытушы
|
«Аудармашы-референт» және «Аудармашы-лингвист» білім беру траекторияларына жалпы пәндер
|
1
|
Lin 0313
|
Лингвоелтану
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі
Зерттеу мақсаты: Тілін оқитын елдің мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін қамтитын тілдік құбылыстарды үйрету, фондық білім жайында мағлұмат беру. Аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданылатын шет тілін меңгеру үшін қажет мәдениаралық және танымдық біліктерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Лингвоелтанудың теориялық негіздері. Тілдің номинативті бірліктері мен ұлттық-мәдениет туралы мәліметтердің бастау алуы. Тілдің реляционды бірліктері ұлттық-мәдени мағлұматтардың бастамасы ретінде. Тіл мен мәдениеттегі реалиялар. Вербалды емес тілдердің лингвоелтанулық мағынасы. Лингвоелтанулық оқулар.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Лингвоелтанудың теориялық негіздерін, жүріс-тұрыс, мінез-құлық ерекшеліктерін, халықтың ұлттық психологиясын, тілде сөйлешілердің фондық білімдерінің бастау алуын, фразеологиялыұ фонның ұлттық мәдени ерекшеліктерін біледі.
Іскерлік: Нормативті және қалыпты жүріс-тұрыс ерекшеліктерін тани біледі, лингвоелтану пәнінен алған білімдерін адекватты түрде сөйлеу барысында қолдана алады.
Дағды: Соматизмдерді, реалийлерді, номинативті және реляционды тілдік бірліктерді тәжірибеде қолдануға дағдыланады.
Құзіреттілігі: Тілін оқитын елдің әдебиетіндегі, мәдениетіндегі, тарихындағы, саясатындағы ерекшеліктерді түсініп, аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданыла алады.
Бағдарлама жетекшісі: Дихамбаева А.К., аға оқытушы
|
2
|
LN 0314
|
Лингвомәдениеттану негіздері
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі
Зерттеу мақсаты: Аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданылатын шет тілін меңгеру үшін қажет мәдениаралық және танымдық біліктерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Тіл мен мідениеттің өзара қатынас мәселелері. Тіл вербалды қатынас құралы ретінде, тілде сөйлеушілердің мәдениетіне байланысты сөйлеу ерекшеліктері, «әлемнің тілдік бейнесі», аудармашының стратегиясына әлеуметтік-мәдени әсер, аударманың конвенциалды қалпы, әлеуметтік, аумақтық диалектілер, функционалды стиль белгілі қарым –қатынас шеңберіндегі тілдік құрал жиынтығы ретінде.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Мәдениет аралық қарым-қатынас компетенция ұғымының құрылуы мен мазмұнын, ұлттық семантикалық тіл бірліктерін, өз елі мен шет тілі елінің мәдени құндылықтарын үйренеді.
Іскерлік: Кез келген мәдени аралық қарым-қатынаста өз-өзін дұрыс ұстай білуді, көркем шығармадығы мәдени және фондық
лексиканы орынды қолдана білуге икемдейді.
Дағды: Оқылатын тіл елі халқының менталитеті, ұлттық-психологиялық мінез-құлқы ғылыми зерттеу және практикалық жұмыста тану дағдысын дамытады.
Құзіреттілігі: Маңызды қарым-қатынас барысында елдің және сол ел тілінде сөйлеушілердің ұлттық және мәдени ерекшелітерін ұстана отырып шет тілін ұтымды қолдана білуді дамытады.
Бағдарлама жетекшісі: Дихамбаева А.К., аға оқытушы
|
3
|
Etn 0315
|
Этнолингвистика
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі
Зерттеу мақсаты: Курстың мақсаты - студенттердің мәдениаралық қарым-қатынас стратегиясы мен ана тілі және шет тілінің мәдениеті туралы білім негізінде қол жеткізуге болатын мәдениаралық компетенцияларының қалыптасуында.
Қысқаша мазмұны: Этнолингвистиканың зерттеу саласы тарихи ретроспектива болып табылады, яғни халықтық стереотиптерді айқындау, халықтың әлемдік бейнесінің фольклорын ашу, әдебиет тілі - элитарлы мәдениет; диалект және айтылымдар - халықтық мәдениет; ауызекі сөйлеу - "үшінші мәдениет", немесе мәдениет халық үшін.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Мәдениет аралық қарым-қатынас компетенция ұғымының құрылуы мен мазмұнын, ұлттық семантикалық тіл бірліктерін білу дағдысын қалыптастыру жолдарын үйренеді.
Іскерлік: Тіл елі халқының менталитеті, ұлттық-психологиялық мінез-құлқын тани білуі аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданыла алады.
Дағды: Тілін оқитын елдің мәдениетін, ұлттық ерекшеліктерін қамтитын тілдік құбылыстарды ана тілімен салыстыра отырып дүниетанымын дамытуға дағдыланады.
Құзіреттілігі: Мәдениаралық қарым-қатынас стратегиясы мен ана тілі және шет тілінің мәдениеті туралы білім негізінде қол жеткізуге болатын мәдениаралық компетенциялары қалыптасады.Пән бойынша алынған білім териялық және практикалық пәндерді оқуда көмектеседі.
Бағдарлама жетекшісі: Дихамбаева А.К., аға оқытушы
|
4
|
KAP 0316
|
Көркем аударма практикасы
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы
Зерттеу мақсаты: Студенттерді әлем әдебиетінің озық үлгілерімен және оларды аудару мәселелерімен таныстыру; көп мәдениетті әлемде ұлттық және жеке тұлғаны қалыптастыруда студенттердің рухани құндылықтар мен салт-дәстүрлердің мәнін түсіну қабілеттерін дамыту; студенттерді әлем әдебиетінің даму кезеңдерімен , тілін оқып жатқан елдің мәдениет өкілдерімен және көркем шығармаларын түпнұсқа және аудармаларымен таныстыру; студенттердің әлемдік проза мен поэзияны оқуға қызығушылықтарын ояту. Аудармашыны көркем мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру; көркем шығармамен жұмыс істеудің негізгі аудармашылық стратегиясын анықтау; көркем мәтінді талдау жолдарын меңгеру; аударма мәтінінде эстетикалық әсерді берудің аудармашылық стратегиясын жасау.
Қысқаша мазмұны: «Көркем аударма» курсы студенттерді ұлттық мәдениет жүйесіндегі әдебиеттің мәнін, маңызын, орнын және әлем халықтарының мәдени құндылықтарымен алмасу процесіндегі аудармашының маңызын түсінуге тәрбиелейді. Оқу нысаны - көркем әдебиет шығармалары. Оқу пәні-әлемдік әдебиеттің ең таңдаулы шығармаларының аудармалары ,шет тілінен ана тіліне аудару мәселелері және аудару шеберлігіне машықтану тәсілдері. Шетел әдебиетінің әртүрлі кезеңдерімен танысу барысында студенттер әр кезеңнің даму ерекшеліктерін меңгереді; алдыңғы қатарлы көркем щығармалардың көркемдік- эстетикалық ерекшеліктерін ашады; мәдениет пен әдебиеттің динамикасын анықтайтын жалпы тенденциялардың өзара әрекет ету заңдылықтарын зерттейді; белгілі жазушылардың шығармаларын талдайды; әдеби жанрлардың даму, қалыптасу мәселелерін зерттеу шеңберіндегі теориялық білімдерді меңгереді.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Әлем әдебиетінің озық үлгілерін білу және жанр бойынша анықтай алу; әлем әдебиетінің әртүрлі кезеңіндегі өкілдерін және олардың шығармаларын білу; аударылған шығармалардың тарихын білу; әдеби-аудармалық процестің негізгі принциптерін білу; отандық аудармашылардың негізгі бағыттарын білу;
Іскерлік: Әлемдік классика шығарамаларының ана тіліне аударылған әртүрлі вариантты аудармаларының артықшылықтары мен кемщіліктерін анықтай алу; мәтіндегі эстетикалық әсерді анықтай алу және оны барабар жеткізудің аудармалық тәсілдерін білу; әдеби процесті дәуірдің мәдени контексі ретінде қарастыра білу; сөз өнері шығармаларын және олардың аудармаларын қазіргі заманғы әдебиет терминологиясы және аналитикалық методика негізінде талдай білу; әдебиет аралық байланысты сақтай білу; оқып жатқан шығарманың көркемдік және ұлттық ерекшеліктерін анықтай алу; әдеби шығарманың формасымен мазмұнының бірлігін талдай білу; көркем шығарма атауының символикасын аша білу және оның шығарма мазмұнымен байланысын көре білу; көркем шығарманың жанрларын және кейбір жанрларды аударудағы қиыншылықтарды анықтай алу;
Дағды: Анықтама, оқу- әдістемелік және критикалық әдебиеттер материалдарын рефераттау, конспектілеу; аударманы ғылыми сынау туралы бастапқы түсінігі болу.
Құзіреттілігі: Студенттерге көркем аударма негіздері туралы, көркем аударма жасаудың әдіс-тәсілдері және көркем аударма туралы лингвистер пікірлері туралы мәлімет беру арқылы көркем аударма жасауға машықтандыру.
Бағдарлама жетекшісі: Басимова Г.С.,аға оқытушы
|
5
|
KMT 0317
|
Көркем мәтінді талдау
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы
Зерттеу мақсаты: Студенттердің шет тілінде көркем мәтінді оқу және мәтіндегі хабарды неғұрлым толығырақ қабылдау және сол хабарды жеткізу құралдарын анықтай алудағы жалпы білімдері, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру . Көркем аударманың болашақ мамандарын көркем мәтінді аудармалық талдау аясында жалпы білімдері, іскерліктері мен дағдыларын кеңейту және білім алушыларда кәсіптік қызметке қажетті аудармашылық біліктілік қалыптастыру. Студенттердің көркем мәтінді талдау бойынша білімдерін дамытып, кеңейту; көркем мәтінді өзбетінше талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; зерттеу жұмыстары дағдыларын қалыптастыру; көркем мәтінді талдау дағдыларын дамыту; көркем мәтінді талдау құралы ретіндегіәдеби терминдермен теориялық түсініктерді меңгеруді тереңдету.
Қысқаша мазмұны: «Көркем мәтінді талдау» курсы студенттерді ұлттық мәдениет жүйесіндегі әдебиеттің мәнін, маңызын, орнын және әлем халықтарының мәдени құндылықтарымен алмасу процесіндегі аудармашының маңызын түсінуге тәрбиелейді. Оқу нысаны- көркем әдебиет шығармалары. Оқу пәні-әлемдік әдебиет шығармаларын талдау және көркем мәтінді талдау мәселелері. Көркем мәтінді әдеби және стилистикалық талдау түсінігі. Прозалық және поэтикалық мәтінді әдеби талдаудың мәні. Көркем мәтінді стилистикалық талдаудың мәні. Прозалық мәтінді талдаудың негізгі бағыттары. Өлең мәтіндерінің жанрлық, композициялық және идеялық-тақырыптық өзіндік ерекшеліктері. Көркем сөзді мәнерлеудің лексикалық құралдары.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Көркем мәтінді талдау жолдарын білу; әдебиеттің поэтикалық және проблематикалық даму ерекшеліктерін білу; оқып жатқан шетел тілінің әдеби стиль ерекшеліктерін білу; әдеби- аудармалық талдаудың негізгі принциптерін білу; отандық және шетелдік аудармашылар жұмыстарының негізгі бағыттарын білу;
Іскерлік: Көркем мәтінді талдауға қажет керекті әдеби құралдарды таңдай алу; қойылған мақсатқа сәйкес өз пікірін білдіре алу; көркем шығармаға өз қарым-қатынасын негіздеп оны сауатты жеткізе алу; әдеби процесті дәуірдің мәдени контексі ретінде қарастыра білу; оқып жатқан шығарманың көркемдік және ұлттық өзіндік ерекшеліктерін анықтай алу; әдеби шығарманың формасымен мазмұнының бірлігін талдай білу;
Дағды: Әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқу, эмоционалды қабылдау және бағалау мәдениетін меңгеру; ауызша және жазбаша қарым - қатынасты қамтамасыз ететін тілдік әрекет дағдыларын меңгеру; анықтама, оқу - әдістемелік және критикалық әдебиеттер материалдарын рефераттау, конспектілеу;
Құзіреттілігі: Көркем мәтінді талдай білуге үйрену арқылы сөз өнерін түсініп, көркем мәтінді жан – жақты талдай алу қабілетін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Басимова Г.С., аға оқытушы
|
6
|
КSTA 0318
|
Қоғамдық-саяси терминдерді аудару
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы
Зерттеу мақсаты– студенттерді әлеуметтік-саяси аударманың талаптарымен таныстыру болып табылады.
Қысқаша мазмұны: Терминдер мен әлеуметтік-саяси салалық лексикасы ұғымы, әлеуметтік-саяси терминдерінің аударылу түрлері, етістіктен жасалған зат есімдердің конструкцияларын беру, аударма түрлері, эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдері, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауысулар.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауысуларды, әлеуметтік-саяси аударманың прагматикалық аспектілерін, әлеуметтік-саяси ақпараттың негізгі түрлерін, әлеуметтік-саяси ақпараттың грамматикалық қиындықтарын, аударма трансформациялары мен оларды аударма жасау барысын талқылауда қолданылуын, аударма түрлерін, эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдерін меңгереді.
Іскерлік: Лингвистикалық, энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдебиеттерді қолдана білу, баламалы және баламсыз лексиканы дұрыс аудару және теориялық білімді тәжірибеде қолдана алу қалыптасады.
Дағды: Лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауыстыру, терминологияның бірлігін сактау, лексика мен грамматиканы жақсы игеру негізіндсе түсінуді пайымдау, шет тілінің құрылымдары, сөз тәртібі мен стилінің қолданылуы, жүйелі және үздіксіз терминологияны толықтыру дағдылары қалыптасады.
Құзіреттілігі: Оқу барысында студенттер тілін оқитын елдің әлеуметтік-саяси мәтіндеріндегі терминдерді аудару және қолдану ерекшеліктерімен танысып, тілдік қарым-қатынас кезінде осы курс бойынша алған білімдерін қолдануды үйренеді.
Бағдарлама жетекшісі: Бейсембаева А.М., оқытушы
|
7
|
ATMA 0319
|
Әскери тақырыптағы мәтіндерді аудару
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы
Зерттеу мақсаты: Студенттерді әскери мәтіндерді аудару талаптарымен таныстыру болып табылады
Қысқаша мазмұны: Терминдер мен әскери салалық лексикасы ұғымы, әскери терминдерінің аударылу түрлері, етістіктен жасалған зат есімдердің конструкцияларын беру, аударма түрлері, эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдері, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауысулар.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауысуларды, әскери аударманың прагматикалық аспектілерін, әскери ақпараттың грамматикалық қиындықтарын, аударма трансформациялары мен оларды аударма жасау барысын талқылауда қолданылуын, аударма түрлерін, эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдерін меңгереді
Іскерлік: Лингвистикалық, энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдебиеттерді қолдана білу, баламалы және баламсыз лексиканы дұрыс аудару және теориялық білімді тәжірибеде қолдана алу қалыптасады.
Дағды: Лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ауыстыру, терминологияның бірлігін сактау, лексика мен грамматиканы жақсы игеру негізіндсе түсінуді пайымдау, шет тілінің құрылымдары, сөз тәртібі мен стилінің қолданылуы, жүйелі және үздіксіз терминологияны толықтыру дағдылары қалыптасады.
Құзіреттілігі: Оқу барысында студенттер тілін оқитын елдің әскери мәтіндеріндегі терминдерді аудару және қолдану ерекшеліктерімен танысып, тілдік қарым-қатынас кезінде осы курс бойынша алған білімдерін қолдануды үйренеді.
Бағдарлама жетекшісі: Бейсембаева А.М., оқытушы
|
8
|
ZMA 0320
|
Заң мәтіндерінің аударылуы
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы
Зерттеу мақсаты: Заң мәтіндерінін аударуда студенттердің теориялық білімі негізінде осы бағыттағы мәтіндердегі тілдік заңдылықтарды білуде сонымен қатар осы мәтіндерді аудару тәсілдерін меңгеруде аудармашылық құзырлықты қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Жазбаша толық аударма ережелері. Адекватты аудармаға қатысты жалпы талаптар. Мәтін тақырыбының аудармасы. Реферативті аударма. Аннотациялық аударма. «Жедел ақпарат» түріндегі аударма. Ілеспе аударма. Түсіндірме аударма. Заң терминдерінің аудармадағы берілу ерекшеліктері. Заң дегеніміз не? Құқық дегеніміз не? Отбасы құқығы. Азаматтық және қоғамдық құқық. Қазақстандағы құқық жүйелері. Ұлыбритания мен АҚШ елдеріндегі заң және құқық жүйелері.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Студенттер заң мәтіндеріне тән тілдік заңдылықтарды және осы бағыттағы мәтіндердің аудару тәсілдерін біледі.
Іскерлік: Ғылыми-техникалық ақпарат көздерін аударуда грамматикалық қателіктерді танып, аударма трансформациялары мен оларды аударма жасау барысын талқылауда қолданылуын, аударма түрлерін, эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдерін меңгереді.
Дағды: Заң мәтіндерінін, ресми қағаздар мен халықаралық дипломатиялық мәтіндерді жазбаша және ауызша түрде тәжірибе жүзінде аударуға дағдыланады және өз бетінше терминологияны оқып, қолдана алады.
Құзіреттілігі: Теориялық білім негізінде заң мәтіндерін аударуда аудармашылық іскерлігін көрсетіп, осы бағыттағы мәтіндерге байланысты тілдік заңдыықтарды меңгергендіктерін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: Дихамбаева А.К., аға оқытушы
|
9
|
MMA 0321
|
Медициналық мәтіндердің аударылуы
Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Ақпараттық аударма практикасы
Зерттеу мақсаты: Медицина мәтіндерінін аударуда студенттердің теориялық білімі негізінде осы бағыттағы мәтіндердегі тілдік заңдылықтарды білуде сонымен қатар осы мәтіндерді аудару тәсілдерін меңгеруде аудармашылық құзырлықты қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Жазбаша толық аударма ережелері. Адекватты аудармаға қатысты жалпы талаптар. Мәтін тақырыбының аудармасы. Реферативті аударма. Аннотациялық аударма. Медициналық терминдерді аударудың тілдік заңдылықтары. Аударма тәсілдері. Медициналық мәтіндерді ауызша және жазбаша аударудағы лингвистикалық және лингвистикалық емес факторлардың алатын орны. Медициналық мәтіндердегі лексикалық және грамматикалық трансформациялар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |