Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Базалық пәндер – 44 кредит



бет2/7
Дата24.04.2016
өлшемі482.5 Kb.
#79033
1   2   3   4   5   6   7

Базалық пәндер – 44 кредит


Білім беру траекториясы - «Аудармашы - референт», «Аудармашы -лингвист»

1

ShKT(М) 0201

Шет және қазақ (орыс) тілдерінің салыстырмалы грамматикасы (Морфология)

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Негізгі ШТ практикалық грамматикасы (В2).

Зерттеу мақсаты: Ана тілмен салыстыра отырып ағылшын тілі жүйесіндегі грамматикалық ұғымдарды сипаттау, ағылшын және қазақ тілдеріндегі грамматика бойынша алған білімдерін жалпылау және одан әрі дамыту.

Қысқаша мазмұны: Зат есім. Артикль. Ырықты және ырықсыз етіс формасындағы Indefinite, Continuous және Perfect шақтар тобы. Қазақ/орыс тілдеріндегі шақ категориясы. Сын есім. Модальды етістіктер. Етістіктің жақсыз формалары. (Тұйық етістік, герундий, көсемше, есімше). Тұйық етістік. Герундий, көсемше, есімше құрылымдары. Қалау рай. Үстеу.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Ағылшын және қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдарды олардың ерекшеліктерін ескере отырып біледі, оқылып жатқан шет тілі және ана тілінің грамматикалық құрылымын және екі тілдегі грамматикалық категориялардың сөйлеу барысында іске асуын біледі.

Іскерлік: Ағылшын және қазақ тілінде сөйлеу жағдаяттарында алынған білімді қолдануды, тілдердің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтау мақсатында грамматикалық материалды ана тілінің грамматикасымен салыстыруды біледі.

Дағды: : Шет және ана тіліндегі тілдер жүйесіндегі грамматикалық ұғымдарды қарастыру барысында салыстырмалы түрде анализ жасау дағдылары бар.

Құзіреттілігі: Шет тілі және ана тіліндегі грамматиканың негізгі мәселелері бойынша білімдерін көрсете алады,оларды меңгеру қиындықтарын анықтау және ана тілдің әсерінің алдын алу үшін грамматикалық ұғымдарды ана тіліндегі фактілермен салыстыра алады.

Бағдарлама жетекшісі – Тулекова М.К., аға оқытушы

2

BShTP (B1) 0202

Бірінші шет тілінің практикалық грамматикасы (В1деңгейі)

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Бірінші шет тілінің практикалық грамматикасы (В2 деңгейі)

Зерттеу мақсаты: Студенттерде ауызша және жазбаша түрде грамматикалық жағынан дұрыс ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Зат есім. Артикль. Ырықты және ырықсыз етіс формасындағы Indefinite, Continuous және Perfect шақтар тобы. Модальды етістіктер. Етістіктің жақсыз формалары. (Тұйық етістік, герундий, көсемше, есімше).Тұйық етістік, герундий, көсемше, есімше құрылымдары. Қалау рай. Үстеу.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Ағылшын және қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдарды олардың ерекшеліктерін ескере отырып біледі, жүйе ретінде оқылып жатқан шет тілінің грамматикалық құрылымын және грамматикалық категориялардың сөйлеу барысында іске асуын, сонымен қатар морфологиялық анализ жасау жолдарын біледі.

Іскерлік: Алынған білімді сөйлеу жағдаяттарында қолдануды, анық грамматикалық материалға анализ жасап, бір жүйеге келтіруді және белгілі бір грамматикалық ережені жалпылап, оның негізгі мағынасын ажырата алады.

Дағды: Оқытылып жатқан ШТ грамматикалық құрылымын анықтау дағдыларын, грамматикалық анализ жасау әдістерін қолдануды біледі.

Құзіреттілігі: Ағылшын тілі грамматикасы(морфология) саласында теориялық және практикалық сипаттағы негізгі мәселелер бойынша білімін, сонымен қатар мамандық бойынша қажетті ақпаратты алу үшін түпнұсқа тілдегі әдебиетті оқу, әңгіме жүргізу, ағылшын тілінде айтылған сөзді түсіну және хабарлама жасау,ағылшын тілін практикалық түрде меңгеру дағдыларын көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі – Тулекова М.К., аға оқытушы

3

BShTP (B2) 0203

Бірінші шет тілінің практикалық грамматикасы ( В2 деңгейі)

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Кәсіби бағытталған шетел тілі

Зерттеу мақсаты: Қазіргі ағылшын тілінің синтаксистік құрылымын оқу және ағылшын тілінің грамматикалық жүйесінде синтаксистік құрылымдардың қызмет етуін көрсету.

Қысқаша мазмұны: Жай сөйлем. Жай сөйлем түрлері.Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Сөйлемнің біріңғай мүшелері. Құрмалас сөйлем. Құрмалас салалас сөйлем. Құрмалас сабақтас сөйлем.Төл және төлеу сөз.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Ағылшын тілінің грамматикалық жүйесіндегі синтаксистік ұғымдарды, олардың ерекшеліктері мен синтаксистік анализ жасау тәсілдерін біледі және грамматикалық ұғымдарға анализ жасау барысында қолдана алады.

Іскерлік: Алынған білімді сөйлеу барысында қолдана алады ,жай және құрмалас сөйлемдерге синтаксистік анализ жасай алады,грамматикалық материалды ағылшын тіліне туыстас тілдердің грамматикасымен салыстыра алады.

Дағды: Грамматикалық категориялар және грамматикалық формалардың құрылымы және коммуникативті және прагматикалық қызметтерді атқару барысында олардың басқа деңгейдегі бірліктермен өзара әрекет етуін анықтау дағдылары бар.

Құзіреттілігі: Қазіргі ағылшын тілінің синтаксистік құрылымының мәселелері жөнінде, сонымен қатар синтаксис саласында грамматикалық ұғымдарға өз бетінше талдау жасай алу білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі – Тулекова М.К., аға оқытушы

4

ShKT(S) 0204

Шет және қазақ (орыс) тілдерінің салыстырмалы грамматикасы (Синтаксис)

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Кәсіби бағытталған шетел тілі

Зерттеу мақсаты: Ана тілмен салыстыра отырып ағылшын тілі жүйесіндегі грамматикалық ұғымдарды сипаттау, ағылшын және қазақ тілдеріндегі грамматика бойынша алған білімдерін жалпылау және одан әрі дамыту.

Қысқаша мазмұны: Зат есім. Артикль. Ырықты және ырықсыз етіс формасындағы Indefinite, Continuous және Perfect шақтар тобы. Қазақ/орыс тілдеріндегі шақ категориясы. Сын есім. Модальды етістіктер. Етістіктің жақсыз формалары. (Тұйық етістік, герундий, көсемше, есімше). Тұйық етістік. Герундий, көсемше, есімше құрылымдары. Қалау рай. Үстеу.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Ағылшын және қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдарды олардың ерекшеліктерін ескере отырып біледі, оқылып жатқан шет тілі және ана тілінің грамматикалық құрылымын және екі тілдегі грамматикалық категориялардың сөйлеу барысында іске асуын біледі.

Іскерлік: Ағылшын және қазақ тілінде сөйлеу жағдаяттарында алынған білімді қолдануды, тілдердің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды анықтау мақсатында грамматикалық материалды ана тілінің грамматикасымен салыстыруды біледі.

Дағды: : Шет және ана тіліндегі тілдер жүйесіндегі грамматикалық ұғымдарды қарастыру барысында салыстырмалы түрде анализ жасау дағдылары бар.

Құзіреттілігі: Шет тілі және ана тіліндегі грамматиканың негізгі мәселелері бойынша білімдерін көрсете алады,оларды меңгеру қиындықтарын анықтау және ана тілдің әсерінің алдын алу үшін грамматикалық ұғымдарды ана тіліндегі фактілермен салыстыра алады.

Бағдарлама жетекшісі – Тулекова М.К., аға оқытушы

5

PF 0205

Практикалық фонетика

Кредит саны – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 3



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Базалық шет тілі (А1,А2, В1деңгейлері), Оқылатын тілдің теориялық негіздері.

Зерттеу мақсаты: Студенттердің дыбыстарды дұрыс айту дағдысын меңгеруі, ағылшын тілінің фонетикалық құрылымымен таныстыру, негізгі интонациалық компоненттер туралы түсінік қалыптастыру, ырғақтың өзгеруі, сөйлем екпіні, ауыз екі сөйлеу тілінде, әдеби және диалогтық мәтіндерді оқуда интонациялық құрылымдарды дұрыс қолдануды қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: «Практикалық фонетика» курсы аудармашыларды кәсіби даярлау жүйесінде маңызды орын алады. Бұл курс ағылшын тілінің фонетикасының нормативті курсын оқытуға бағытталған. Курс барысында ағылшын тілінің фонетикалық құрылымы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы, оқылуы, транскрипциясы, буын, сөз екпіні, ырғақ, интонация, негізгі интонациялық компоненттер қарастырылады.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Ағылшын тіліндегі дыбыстар жүйесін және интонциялық құрылымын, дауысты және дауыссыз дыбыстардың артикуляциясын, сөз формаларын, ассимиляция мен адаптацияны білу.

Іскерлік: Сөздер мен сөйлемдерді тындап түсіну, практикада қолдану, транскрипциялауды және фонетикалық құбылыстарды меңгеру.

Дағды: Сөйлемнің түріне қарай интонацияны түсіне білу және дұрыс дыбыстау дағдысын қалыптастыру.

Құзіреттілігі: Ағылшын тілі бойынша фонетикалық материалды толықтай меңгеру.

Бағдарлама жетекшісі: Есимбекова Қ.Е., оқытушы

6

ShKTS 0206

Шетел және қазақ (орыс) тілдерінің салыстырмалы фонетикасы

Кредит саны – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 3



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Базалық шет тілі (А1,А2, В1деңгейлері), Оқылатын тілдің теориялық негіздері.

Зерттеу мақсаты: Меңгеруге қиындық туғызатын жағдайларды анықтау үшін және ана тілінің интерференциясының алдын алу мақсатында оқытылатын және ана тілдерінің дыбыстық құрамын сараптау; Оқытылатын тілдің фонетикалық құрамының ең маңызды және тән құбылыстарын түсіндіру; Оқытылатын тіл мен ана тілінің фактілерін салыстыру; Айтуды шыңдау үшін алған теориялық білімдерді практикада қолдану.

Қысқаша мазмұны: Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетикалық құрылымы. Екі тілдің фонетикалық жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Фонетикалық интерференцияларды жүйелеп, жиі жіберілетін қателерді анықтау. Ағылшын және қазақ тілдерінің фонетикалық жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасын жасай отырып, студенттердің шетел тілінде сөйлеуде жіберуі мүмкін қателіктерді болжап, алдын алу. Салыстаырмалы фонетика екі тіл материалына жүгіне отырып ағылшын тілінің дыбыстық қатарындағы құбылыстарға түсініктеме береді.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Ағылшын тіліндегі дыбыстар жүйесін және интонциялық құрылымын, дауысты және дауыссыз дыбыстардың артикуляциясын білу.

Іскерлік: Сөздер мен сөйлемдерді тындап түсіну, практикада қолдану, және транскрипциялау, екі тілдің дыбыстық жүйесін салыстыра білу.

Дағды: Ағылшын және қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесін, дыбыстардағы ерекшеліктерді білу, барлық сөйлем түрлерінің интонациясын түсіну, палатализация, ассимиляция, шұғылдықтын жоғалуы, т.б. сияқты фонетикалық құбылыстарды меңгеру.

Құзіреттілігі: Тіл теориясының фонетика саласындағы ерекшеліктері мен ұқсастықтарды ажырата біліп, талдау әдістерін қолдану; Фонетикалық құбылыстарды меңгеру.

Бағдарлама жетекшісі: Есимбекова Қ.Е., оқытушы

7

UO 0207

Үйдегі оқу

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Көркем мәтінді талдау, Көркем аударма практикасы

Зерттеу мақсаты: Студенттерде көркем жанрдағы аутентикалық материалдардан алынған ақпаратты оқу және анализ жасау, контекст және сөздің құрылымы бойынша белгісіз сөздердің мағыналарын анықтау, болып жатқан жағдайларға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру дағдыларын қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Оқу – баспа және қолжазба мәтіндер арқылы берілетін адамдардың тілдік қарым-қатынасының ерекше формасы, тікелей емес қарым-қатынастың негізгі формаларының бірі. Оқу-баяу түрде оқырманға берілетін шығарманың біржақты әсері емес,қарым-қатынасқа түсушілер(мәтін құрушы) және қабылдаушылар(оқырмандар) арасындағы белсенді әрекет.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Оқылып жатқан шет тілінің әдеби стильдерінің ерекшеліктерін білу;

Іскерлік: Шығармада айтылған мәселелерді түсінгенін көрсете білу; қойылған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіре алу; көркем шығармаға қатысты өзінің көзқарасын сауатты айтып дәлелдей алу, әдеби тақырыпқа қатысты хабарлама жасай алу;

Дағды: Мәтінді тез, жылдам, танысып оқу, бүге-шүгесіне дейін оқу дағдылары бар.

Құзіреттілігі: Үйдегі оқу қарым-қатынастық құзіреттіліктің барлық компоненттерін нық түрде қалыптастыруды қамтамасыз етеді: тілдік құзіреттілік-сөздерді, грамматикалық формалардың жасалу ережелерін,мағыналы сөз-тіркестердің құрылымын білу; әлеуметтік-тілдік құзіреттілік – тілде сөйлей алатын адамдардың психологиясы мен менталитетін ескере отырып, қарым-қатынас талаптарына сәйкес беру тісілдерін, қажет лингвистикалық форманы таңдай алу; дискурсивті құзіреттілік – жазбаша және ауызша типтегі мәтіндер ерекшеліктері мен дұрыс сөйлеу тактикасы; әлеуметтік-мәдени құзіреттілік–шетелдік ауызша сөйлеу ережелері,салттары, нормалары,әлеуметтік шарттары,елтанымдық білімдермен танысу; әлеуметтік құзіреттілік–басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алу және оны қалау; компенсаторлық құзіреттілік-шет тілдік ортада тілдік және әлеуметтік тәжірибесін көрсете алу.

Бағдарлама жетекшісі: Тулекова М.К., аға оқытушы

8

ShTKA 0208

Шет тілінде көркем әдебиетті оқу

Кредит саны – 3 (0+3+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Көркем мәтінді талдау, Көркем аударма практикасы

Зерттеу мақсаты: студенттерде көркем мәтінге аудармалық анализ жасау саласы бойынша аударма, лингвистика, мәдениет аралық қарым-қатынас саласында кәсіби құзіреттіліктеріне қажетті болашақ мамандардың жалпы мәдени білімдерін, дағдыларын байыту.

Қысқаша мазмұны: Оқу нысаны–көркем шығарма. Оқу мақсаты–әлемдік әдебиет шығармаларына анализ жасау, көркем мәтінге анализ жасау мәселелері. Көркем мәтінге әдеби және стилистикалық анализ жасау ұғымы.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Оқылып жатқан шет тілі әдеби стилінің ерекшеліктерін білу;

Іскерлік: Көркем шығарманың көтеріп отырған мәселесіне анализ жасау,тақырыпты, идеяны,автордың ұстанымын бере алу, және эмоционалдьды қабылдау арқылы әлемге деген сыни көзқарасын, өз ұстанымын білдіре алу.

Дағды: Шындыққа эстетикалық қатысын дамыту. Сауатты әдеби сөйлеу, ойлау қабілетін жаттықтыру дағдыларын дамыту.

Құзіреттілігі: Сөздерді, грамматикалық формалардың жасалу ережелерін,мағыналы сөз-тіркестердің құрылымын білу; тілде сөйлей алатын адамдардың психологиясы мен менталитетін ескере отырып, қарым-қатынас талаптарына сәйкес беру тәсілдерін, қажет лингвистикалық форманы таңдай алу; жазбаша және ауызша типтегі мәтіндер ерекшеліктері мен дұрыс сөйлеу тактикасы;шетелдік ауызша сөйлеу ережелері,салттары, нормалары,әлеуметтік шарттары,елтанымдық білімдермен танысу; басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алу және оны қалау; компенсаторлық құзіреттілік-шет тілдік ортада тілдік және әлеуметтік тәжірибесін көрсете алу.

Бағдарлама жетекшісі: Тулекова М.К., аға оқытушы

9

AK 0209

Аударматануға кіріспе

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Аударма теориясы

Зерттеу мақсаты: оқушыларда кәсіби бағдар беретін,базалық және профильді пәндерді меңгеруге негіз болатын аудармашының кәсіби қызметі туралы білімді қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: «Аударматануға кіріспе» курсы болашақ мамандықпен жан-жақты танысуға, аудармашының кәсіби маңызды құзіреттіліктерін анықтауға арналған. Курсты оқу нысаны-аудармашының кісіби әрекетінің ерекшелігі болып табылады.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

    1. Білім: Аудармашылық кәсіптің пайда болу және даму тарихы;

қазіргі әлемдегі аударманың ролі мен орны; әртүрлі тілер және мәдениеттер өкілдері арасындағы делдал ретінде аудармашының негізгі қасиеттері; аудармашының құқықтары мен міндеттері; аудармашының кәсіби этикасы; аударманың түрлері, ауызша және жазбаша аударма арасындағы айырмашылықтар, ауызша және жазбаша аударма этаптары; көркем, ақпаратты аударма ерекшеліктері мен жалпы сұрақтары; аударма ережесі; аудармашылық шапшаң жазу негіздері; хаттамалық шаралардың түрлері.

Іскерлік: Кәсіби практикалық міндеттерді шешу үшін курстың теориялық бөлігін қолдана білу; кәсіби қызметке қолдану мақсатында фондық білімдерді жүйелеу, дамыту және одан әрі тереңдету; кәсіби білім және дағдыларды меңгеру барысында ана тілдегі мәдени-тілдік орта тәжірибесін қолдану; аударма үрдісінің түрлері мен этаптарын анықтау; ақпараттық әдебиеттің барлық түрлерін қолдану; аудармашы мамандығы мәселелері бойынша іздеу-зерттеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру; түйіндеме жасау, жұмысқа орналасу барысында өзін таныстыру; аударма жасау барысында компьютер, диктофон және басқа да құралдарды қолдану.

Дағды: Түйіндеме жасау,жұмысқа орналасу барысында өзін таныстыру; аударма жасау барысында компьютер, диктофон және басқа да құралдарды қолдану.

Құзіреттілігі: Ойлау мәдениеті болу, анализ жасау,ақпаратты жалпылау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай алу,ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін білу; өзінің интелектуальды дамуы, мәдени деңгейін, кәсіби құзіреттілігін арттыру, денсаулығын сақтау үшін білім, оқу және өзін-өзі ұстау әдіс-тәсілдерін қолдана алу; үнемі өзін-өзі дамытуға, кәсіби біліктілігін арттыруға тырысу; өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін сыни бағалай алады, өзін-өзі дамыту тәсілдерін таңдап, шешу жодарын біледі;

Бағдарлама жетекшісі: Тулекова М.К., аға оқытушы

10

MK 0210

Мамандыққа кіріспе

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Аударма теориясы

Зерттеу мақсаты: Бұл курстың мақсаты оқушыларда негізгі және кәсіби пәндерді меңгеруіне қажет аудармашының кәсіби қызметі жөніндегі білімдер негізіндегі жалпы кәсіби біліктілікті қалыптастыру болып табылады.

Қысқаша мазмұны:кәсіби аудармашылык қызметтің саласы мен ерекшелігін ашып көрсету, кәсіби аудармашының басты біліктілігі туралы түсініктер беру,студенттерді болашак мамандығы иіеңберінде өз бетінше креативті ізденіс-зерттеу жүмыстарына бейімдеу.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: аудармашы кәсібінің қалыптасу және даму тарихын; аударманың қазіргі замандағы орны мен рөлін; әр түрлі мәдениет пен тіл өкілдерінің дәнекері ретінде аудармашының басты сапалық қасиеттерін; аударманың түрлерін, ауызша және жазбаша аудармалардың айырмашылықтарын; көркем, ақпараттық аудармалардың ерекшеліктері мен жалпы мәселелерін; аудармашылық шапшаң жазба негіздерін; хаттамалық шаралардың түрлерін; оқытылатын тіл елдерінің менталитеті, дәстүрі мен әдеп-ғұрыптарын;

Іскерлік: кәсіби қызметінде әрі қарай пайдалану мақсатымен фондық білімдерді жүйелеуді, кеңейтуді және тереңдету үшін қоғамдық-саяси, мәдени-ағарту және елтану сипатты ақпараттарды іздестіруді және өңдеуді жүзеге асыруды; кәсіби практикалық міндеттерді шешу үшін курстың теориялық қағидаларын шығармашылық тұрғыда қолдануды; кәсіби білім мен іскерлікті меңгеру барысында туған мәдени-тілдік ортаның тәжірибесін пайдалануды; аудармашылық процестің түрлері мен кезеңдерін айқындауды; анықтамалық-ақпараттық әдебиеттің барлық түрлерін пайдалануды;аудармашылық кәсіптің мәселелері бойынша іздену-зерттеу қызметтерін жүзеге асыруды;

Дағды: резюме (түйіндеу) жасау және жұмысқа қабылдану кезінде өзін таныстыра білуді; аударма барысында компьютермен, диктофонмен және басқа да техникалық құралдармен жұмыс істеуді; практикалық үйлестік-ұйымдастыру мәселелерді өз еркімен шешуді.

Құзіреттілігі: Ойлау мәдениеті болу, анализ жасау,ақпаратты жалпылау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай алу,ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін білу; өзінің интелектуальды дамуы, мәдени деңгейін, кәсіби құзіреттілігін арттыру, денсаулығын сақтау үшін білім, оқу және өзін-өзі ұстау әдіс-тәсілдерін қолдана алу; үнемі өзін-өзі дамытуға, кәсіби біліктілігін арттыруға тырысу; өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін сыни бағалай алады, өзін-өзі дамыту тәсілдерін таңдап, шешу жодарын біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Тулекова М.Қ., аға оқытушы

11

OTTM 0211

Оқылатын тілдің теориялық мәселелері

Кредит саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизит – жоқ

Постреквизит – Кәсіби бағытталған шетел тілі, Тілі оқытылатын елдің әдебиеті және аударма мәселелері

Зерттеу мақсаты: Қазiргi ағылшын тiлiнiң фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесiмен таныстыру, сондай-ақ, болашақ аудармашы мамандарды ағылшын тiлiнiң даму және қалыптасу заңдылықтарымен және ерекшелiктерiмен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі заманғы ағылшын тілінің сөздік қорының жағдайымен таныстыру; лексикалық бірліктердің даму заңдылықтарымен және негізгі даму факторларымен таныстыру; лингвистикалық анализдің негізгі әдістері туралы білім беру және ағылшын және қазақ тілдерінің тілдік құбылыстарын зерттеуде өздігінен қолдана білуге үйрету.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Жалпы тіл білімнің даму тарихын, тiл білімінің басқа ғылымдармен байланысын, орнын айқындап, оқытылатын тілдің тарихи дамуын халықтың тарихымен байланысты қарастыра біледі.

Іскерлік: Оқылатын тiлдiң жүйесiндегi негiзгi ерекшелiктер мен белгiлердi меңгереді; тілдің этнолингвистикалық,әлеуметтік–мәдени, саяси және экономикалық жағдайларға негізделген фактілерін жалпылама түрде талдап ,тарихи және этимологиялық сөздіктерді пайдалана отырып өз бетімен жұмыс істейді, қазіргі ағылшын тілінің өзіндік ерекшеліктерін тарихи тұрғыдан түсіндіре алады.

Дағды: Тілдегі фонетикалық , лексикалық және грамматикалық өзгерістерді меңгеруге, шетел тілі мен ана тілінің дыбыстық жүйесін талдай білу, шетел тілін үйрену барысында ана тілдің әсері байқалатын қиыншылықтарды болдырмаудың алдын алуға, оқылатын тілдің жүйесінде жиі кездесетін әдеттегі фонетикалық құбылыстарды түсіндіре білуге,шетел тілі мен ана тілінің тілдік фактілерін салғастыра білуге, алған практикалық білімді күнделікті тәжірибеде дидактикалық міндеттерді шешу үшін қолдануға дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет