«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «11» желтоқсандағы №12 хаттамасымен бекітілген


-қосымша – ІАҚ қызметкерлері құзыреттіліктерінің деңгейлері бойынша мінез-құлық көрсеткіштерінің айқындамасы (өлшемдері)



бет3/14
Дата09.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
#125048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14





2-қосымша – ІАҚ қызметкерлері құзыреттіліктерінің деңгейлері бойынша мінез-құлық көрсеткіштерінің айқындамасы (өлшемдері)





Құзыреттіліктің түрі

Жеке өзі және көшбасшылық

Құзыреттілік

Командамен жұмыс істеу

-   Ойларын жеткізе алады (ауызша және жазбаша) және өз жақтастарын жинақтай алады
-   Келліссөздерді жақсы жүргізуші болып табылады.

- Дауларды реттей алады және тараптармен келісімге келеді


-   Ақпаратты тиімді жинау және талдау үшін басқа бөлімшелердің қызметкерлерімен қатынаста бейресми қарым-қатынас орнатуға қабілетті
-   Басқалармен ойларын бөлісуге бейімі бар және өз шешімімен басқаларды мезі қылмай, бірлесе отырып жақсы шешім қабылдайды
-   Басқа қызметкерлердің қадыр-қасиетін бағалауға және оларды командада жан-жақты өсуіне қолдау көрсетуге қабілетті
-   Өзінің және өз командасының жан-дүйнесін дамытуға ұмтылады
-   Өз командасының компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне қосқан үлесін түсінеді


Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау


Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

Жаңа командада кейде ақпарат алмасуға және өзінің көзқарасын білдіруге бейім. Өзінің пікірін білдіру нысаны көбінесе дәлелді болмайды, анық әрі дәл болмайды.

Өзінің пікірін өзінен тікелей сұрағанда ғана айтады. Пікірін білдіру нысаны анық әрі дәл болмайды.

Өзінің пікірін түсінікті әрі дәлелді етіп жеткізумен бірге, командада мәселелерді талқылауға белсене қатысады.

Өзінің пікірін білдіріп қана қоймай , және басқалардың пікірлерін тыңдауға да қабілетін танытады. Команданың басқа мүшелерінің пікірін ескере келе, өзінің көзқарасын дәлелді әрі анық білдіреді.

Өте жоғары шешендік қабілетке ие. Құжаттардың дайындалуына басшылық жасайды. Құжаттар қысқалығымен, анықтығымен, құрылымдалуымен ерекшеленеді.

Кейде өзінің көзқарасын қабылдайды, кейде команданың басқа қатысушыларының күшті жақтарын мойындайды.

Басқалардың пікірін тыңдауға және оларды мәлімет ретінде қабылдай алады.

Тапсырмаларды орындау кезінде өзінің және басқалардың күшті және әлсіз жақтарын түсіне отырып, командадағы басқа қатысушылардың көмегіне жүгіне алады.

Тапсырмаларды орындау кезінде командадағы басқа қатысушылардың күшті жақтары мен пікірлерін ескереді, салмақты шешім қабылдай алады.

Командадағы басқа қатысушылардың күшті жақтарына үнемі оң бағасын білдіреді, оларды қолдайды, олардың дамуы мен бұдан былай оларды қолдануға мүмкіндік береді. Басқаларды жалпы мақсаттарға жетуге жұмылдыруға қабілетті ұйымдастырушы орталық болып табылады.

Жұмыстарды орындау кезінде кейде топтың басқа қатысушыларының пікірін ескереді. Басқаларға өзінің пікірін тануға бейім.

Басқа қатысушылармен мәселелерді талқылаудан бас тартпайды.

Топтың басқа мүшелерімен мәселені талқылау үшін бастама танытады. Басқа пікірлерге ықылас танытады және егер олар дәлелді болса, оларды қабылдайды.

Жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін топтағы әртүрлі қөзқарастар арасында келісімге келу жолын іздейді.

Ойларын басқалармен бірге талқылағанды және басқаларға өзінің пікірін таңудан гөрі жақсы шешім қабылдағанды жөн көреді

Құзыреттілік

Нәтижелілік

-   Өзіне жауапкершілік алып, шешімдер қабылдай алады.
-   Ішкі нормалар мен талаптарды сақтай отырып мерзімінде жұмысты орындайды.

-   Өзгеріске тез және уақытында мән береді.


-   Қиындыққа төтеп бере алады.
-   Күрделі және қиын мақсаттарға/нәтижелерге қол жеткізу үшін шыдамдылық және табандылық танытады.
-   Департаменттің/компанияның, жобалар және т.б. мақсаттарының шеңберінде өзінің жұмысының соңғы нәтижелерін түсінеді.
-   Қиын жағдайды болдырмайды, шешімдерді іске асырады.

Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

Кейде қысқа мерзімді немесе күрделі емес тапсырмаларға бар күшті салуға байланысты жұмысқа деген жеткілікті қабілетін танытады.

Жеткілікті жұмысқа деген қабілетке ие және күшін күрделі емес және қысқа мерзімдік тапсырмаларға салуға шоғырландырады. Жұмысқа және мақсаттарға қол жеткізуге сырттай ынталандыруды ("итермермелеу") қажет етеді.

Егер жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеу қажет болса, бөг немесе көмекші міндеттерге алаңдамай, белгілі бір міндетті шешу үшін неғұрлым бар күшін салуға қабілетті.

Күрделі дәне қиын мақсаттарға/нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыс қабілеті бар әрі оған бар күшін салады.

Күрделі дәне қиын мақсаттарға/нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыс қабілеті бар әрі оған бар күшін салады. Қиын жағдайда басқамен иін тіресіп жұмыс істеуге, өзіне жауапкершілік алуға қабілетті екендігін көрсетті.

Жұмысты шешетін міндет ретінде емес, уақыт өткізу ретінде қабылдайды. Жұмысты атқара отырып, топтан/бөлімшеден талап етілетін соңғы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылмайды.

Соңғы нәтиже деп өз бөлімшесінің мақсаттары шеңберінде өзінің жұмысы деп ғана түсінеді.

Топ/бөлімше алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізуді ұжымдық жауапкершілік деп түсінеді. Өзінің үлесін қосуға ұмтылады. Өздерінің тікелей міндеттемелері шеңберінен шығады, басқаларға көмектесуге тырысады.

Топтың/бөлімшенің мақсаттарына қол жеткізуге қатысты жауапкершілікті танытады. Команданың басқа қатысушыларын іске жұмылдырады.

Топтың/бөлімшенің алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізуге өзін және команданың басқа қатысушыларын жұмылдыруда көзбасшылық рөлді өзіне алға қабілетті.

Құзыреттілік

Жоспарлау, ұұйымдастыру және бақылау

- Міндеттерді тұжырымдауға, жұысты жоспарлау мен ұйымдастыруға, бақылауды жүзеге асыруға қабілетті.

- Мақсаттар мен міндеттерді анық қоя алады.

- Өз жұмысын ұйымдастырады, ресурстарды тиімді пайдаланады, ақпаратты уақытында алады және және жібереді.

- Өзінің жұмысын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерге жоспарлайды. Басымдылықтарды орнына қояды, уақытты бөледі.




Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

Өз бөлімшесінің жұмысын жоспарламайды, бақыламайды, сонымен бірге басқалардың шырқын бұзады. Өзі жоғары тұрған басшылықтың тарапынан болатын тұрақты бақылауында болғысы келеді.

Нақтылықты, қол жеткізушілікті, нәтижелердің өлшемдері мен мерзімдерін белгілеуді есепке алғанда, қарамағындағылардың міндеттерін әркез тұжырымдай алмайды. Тапсырмаларды бөледі, бірақ әркез орындаушыларды таңдай алмайды. Бақылауды жүйелі жүргізе алмайды. Жоспарлайды, бірақ бюджетке бақылау жасамайды.

Өз бөлімшесінің жұмысын тиімді ұйымдастырады. Жұмыс тапсырмаларын дәлме-дәл бөледі, адамдарды кәсіби іскерлік тәжірибесі мен орындаушылардың әлеуетіне қарай орналастырады. Жүйелі түрде бақылау жасайды. Жоспарға сай жұмыс істейді.

Міндеттерді дұрыс қоя біледі, соның өзі қызметкерлердің жақсы жетісітіктерге жетелей түседі. Жағдайға байланысты жұмыстардың орындалу барысына бақылау жасаудың түрлі тәсілдерін қолданады.

Жұмысты қарамағындағы адамдардың өздері өз міндеттерін жасап және басшылары бекітетіндей етіп ұйымдастырады. Бақылау жүмыстың нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Құзыреттілік

Бизнес талдау

-   Талдау жасай алатын қабілетке ие және талдау негізінде іс-қимылды жоспарлайды.

-   Шынайы фактілерге сүйене отырып, өзінің шешмінің негіздемесін жасай алады.

-   Қосымша, негізгі емес ақпаратты ("шу") електен өткізіп, айтарлықтай көлемдерден/деректер ағындарынан негізгі ақпаратты бөліп көрсете алады.

-   Бизнес ахауалдарды талдауға қойылатын құрылымдау әдістерін қолданады.

-   Қажетті қорытындыларды жедел жасайды және соның негізінде әрекет етеді.


Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Мастер

Сарапшы

Өзінің ойларын білдірер кезде дәледемелердің бастапқы деңгейін айқындайды. Өзінің бастапқыда алған немесе басқалардың пікіріне жүгінуге бейім.

Өзінің дәлелденген пайымдауларын дәлелденбеген, жалпылай қабылданған пікірлерге немесе теріс түсініктерге негізделгенін ажырата алады.

Пайымдаулардың дәлелдемелерден ерекшелігі бар.

Шынайы факторларды пайдалана отырып, өз шешімінің негізін жасай алады.

Құжаттарды дайындау немесе мәселелерді топ болып талқылаған кезде айтылатын ойлар негізсіз пайымдаулардың беделді «сүзгісі» болып табылады, топ қатысушылары арасындағы дауларда бейресми ретінде «аралық сот» сөз алады, соның нәтижесінде қиын жағдайларда дұрыс, дәлелденген пайымдауларды бағалауға қабілетті болады.

Құжаттармен және деректермен жұмыс істеу кезінде құрылымдау тәсілін қолданады, жоғары тұрған қызметкерлерге деректерді, ақпараттарды және шамалы болса да «құндылығы бар» құжаттарды табыс етеді.

Пайдасы шамалы ақпараттар үшін бірінші болып қызмет ететін «тосқауыл» Деректерді құрылымдау үшін, керек емес ақпаратты ажырату мен «аса жоғары құндылығы бар» құжаттарды дайындау үшін әлі барынша тәжірибелі әріптестердің көмегін қажет етеді.

Пайдасы шамалы ақпаратты маңыздысынан айтарлықтай дәрежеде өз бетінше ажырата біледі, деректерді әзірлейді әрі құрылымдайды, 1 және 2 құзыреттілік деңгейіне орай әріптестеріне көмектеседі.

Құрылымданбаған деректерді құрылымданға айналдырады, соның негізінде қызметкер немесе оның әріптесі дұрыс басқару шешімін құруы нмесе «жоғары құндылығы бар» құжаттарды жасай алады.

Қосымша, негізгі емес ақпаратты ("шу") електен өткізіп, айтарлықтай көлемдерден/деректер ағындарынан негізгі ақпаратты бөліп көрсете алады.

Жоғары тұрған қызметкерлер мен әріптестерге берілетін ақпарат жоғары сапалылығымен, құрылымдануымен және қандай да болмасын пысықтаулардың жүргізілуін қажет етпейтіндігімен ерекшеленеді.



Кейде бар деректердің негізінде қорытынды жасайды.

Қарапайым жағдайларда немесе неғұрлым тәжірибелі әріптестердің көмегімен бар деректердің негізінде қорыныды жасайды.


Бар деректердің негізінде қорытынды жасайды, бірақ қорытындыларды неғұрлым тәжірибелі әріптестер тексереді.

Күрделі жағдайларда бар деректердің негізінде қорытынды жасауға қабілетті.

Қажетті қорытындыларды жедел жасайды және соның негізінде әрекет етеді.

Құзыреттілік

Инновациялық

-  Әдеттегі тәсілдерге жаңа көзқараспен қарауға қабілетті.

-   Жаңа және инновациялық шешімдер ұсынады.



Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

Ұйғарылған рәсімдер бойынша одан бір қадам да кейін шегінбей қатаң түрде әрекет етеді

Қолданыстағы тәсілдер мен және өзінің тікелей міндеттеріне қатысты ғана әрекеттерді жете түсініп, ұғынып алуға тырысады, және ең жақсы өнімділікке/тиімділікке әкеп соғуы мүмкін жақсартуларды/өзгерістерді ұсынады.

Өзінің лауазымдық нұсқаулықтарына және өзінің кемшіліктеріне тән қолданыстағы тәсілдер жайында түсіне алады. Жақсартудың жолдарын іздеуге және неғұрлым тәжірибелі әріптестермен кеңесе отырып, оларды ұсынуғ тырысады. Ол өзінің міндетін ғана емес, өзі жұмысқа тартылып отырған барлық бизнес-процестерді түсініп алуға ұмтылады.

Қолданыстағы бизнес-процестерді, әдістерді,топтағы/департаменттегі тәсілдерді жақсартуды үнемі ұсынып отырады.

Бизнес-процестердің реинжинирингіне, тиімділігін айтарлықтай жақсартуға барынша өзгертуге қабілетті.

Өзінің құзыреті саласындағы мәселемен ғана айналысады. Басқа салалардың тәжірибесін өзінің саласына қолдана білуге қабілетті емес.

Өзінің ой-жүйесін толықтырып отырумен айналысады. Басқа компанияларда қолданылып жүрген жақсы іс-тәжірибелерді білуге және өз құзыреттілігінің саласында қолдануға ұмтылады.

Қызметтің басқа салаларынан іс-тәжірибелерді топтың/департаменттің қызметі аясында қолдануға мүмкіндік беретін кең танымдық ой-жүйесі бар, бұл маңызды инновациялық жаңашылқдыққа алып келеді.

Танымдық ой жүйесі кең. Әріптестерінің қарауына қызметтің басқа салаларынан топтың/департаменттің қызмет аясына жақсы іс-тәжірибелерді қарауды үнемі ұсынып отырады.

Танымдық ой жүйесі кең, білімі терең және жаңашылдық ұсынысты ұсынуда ғана, оны өндіріске енгізе білуде де тәжірибелер бар.

Құзыреттілік

Еңбек және атқарушылық тәртіп

 

 



Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

Кейде жұмысқа кешігіп келеді немесе жұмыста болмайды. Жұмыс уақытында басқа істермен айналысады. Функцияларын уақытында орындамайды.

Орынды себептермен жұмысқа кешігетінін немесе жұмыста болмайтынын әрдайым ескертпейді. Басқа істермен көбінесе айналысып жүреді. Өзінің функцияларын уақытында орындамайды.

Жұмыста болмайтынын немесе кешігетінін әрдайым басшылықты ескертіп отырады. Жұмыс уақытында жұмыспен айналысады. Өзінің функцияларын уақытында орындайды.

Жұмысқа сирек кешігіп келеді/кешікпейді. Орынды себептермен ғана жүреді. (Тек қана құжаттық құжаттаумен). Функцияларын уақытында сапалы орындайды.

Әрдайым жұмысында уақытында болады. Орынды себептермен ғана жұмыста болмайды. Ерікті корпоративтік іс-шараларға (демалысы кезеңінде және демалыс күндері сенбіліктерге, семинарларға барады). Функцияларын сапалы уақытында, мүмкіндігі болса мерзімінен бұрын орындайды.

Құзыреттілік

Басшылармен өзара әрекет ету

 

  


Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

Басшының ескертпелері мен ұйғарымдамаларына жүре барды қарайды. Тапсырмаларын орындауды ұмытып кетеді.

Басшының ескертпелері мен өтініштеріне сыни көзбен қарайды, негізсіз дауласады, жағымсыз мінездерін көрсетеді. Тапсырмаларды тек бақылауда болғанда ғана орындайды.



Басшының ескертпелері мен ұйғарымдамаларына уақытында ықыласпен қарайды. Тындырымды.

Басшы сенім артқаннан артық жұмысты орындайды. Ескертпе алмайды.

Әрдайым басшыға көмектеседі, жұмыс тапсырмаларының маңыздылығын түсіне біледі, және оларды орындайды.

Құзыреттілік түрі

Техникалық (кәсіби)

Құзыреттілік

Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарын (ІАХС) білуі аудита

-   ІАХС қағидаттары мен тәсілдерін біледі.

-   ІАҚ бағдарламасы мен немесе басқа мамандандырылған бағдарлама бойынша сертификатталған ішкі аудитор болып табылады.



Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

-   ІАХС туралы біледі,    ІАХС құрылымы, оның қағидаттары мен тәсілдерін нашар біледі.

-   ІАХС бар екені туралы хабардар етілген,  ІАХС қағидаттарымен және тәсілдерімен таныс емес.

-   ІАХС құрылымын біледі, қағидаттары мен тәсілдерін түсінеді.

-   ІАХС жайында терең білімі бар.

-   ІАХС жайында өте жетік біледі.

Сертификаттау бағдарламасы бойынша оқуға кіріспеген.

Тіркелген және сертификаттау бағдарламасы бойынша оқуға кіріскен.

Бағдарлама бойынша оқытудың, емтихан тапсырудың 20-40% өткен.

Бағдарлама бойынша оқытудың, емтихан тапсырудың 40-80% өткен.

ІАҚ бағдарламасы мен немесе басқа мамандандырылған бағдарлама бойынша сертификатталған ішкі аудитор болып табылады.

Құзыреттілік

ҚЕХС білуі

-  ҚЕХСқағидаттары мен тәсілдерін біледі.

-  АССА бағдарламасы мен немесе басқа мамандандырылған бағдарлама бойынша сертификатталған ішкі аудитор болып табылады.

-   Есепке алу функцияларына тікелей қатысы бар ҚЕХС бөлімдерінің тақырыптарын жақсы біледі.


Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

-   ҚЕХС туралы біледі,    ІАХС құрылымы, оның қағидаттары мен тәсілдерін нашар біледі.

-   ҚЕХС бар екені туралы хабардар етілген,  ҚЕХС қағидаттарымен және тәсілдерімен таныс емес.

-   ҚСХС құрылымын біледі, қағидаттары мен тәсілдерін түсінеді.



-   ҚЕХС жайында терең білімі бар.

-   ҚЕХС жайында өте жетік біледі.

Сертификаттау бағдарламасы бойынша оқуға кіріспеген.

Тіркелген және сертификаттау бағдарламасы бойынша оқуға кіріскен.

Бағдарлама бойынша оқытудың, емтихан тапсырудың 20-40% өткен.

Бағдарлама бойынша оқытудың, емтихан тапсырудың 40-80% өткен.

АССА бағдарламасы мен немесе басқа мамандандырылған бағдарлама бойынша сертификатталған бухгалтер болып табылады.

Құзыреттілік

Нормативтік және әдіснамалық базаны білуі және оны қолдануы

-   Нормативтік базаны біледі және оны қолданады.
-   Аудиттің әдістері пен практикасын біледі және оны қолданады.



Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

Өзінің қызметтің реттейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы туралы бастапқы түсінігі бар.

Қандай нормативтік құжаттарды жұмыс барысында қолдануға болатынын жақсы біледі, бірақ онымен өзі таныс емес.

Өзінің тікелей міндеттерін орындауға қатысты барлық нормативтік құжаттарды жақсы зерделеген.

Өзінің қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды егжей-тегжейлі біледі.

Жұмыстың аралас учаскелеріне немесе бөлім/департаменттің барлық қызметіне қатысты нормативтік құжаттарды жақсы біледі. Нормативтік құжаттардың өзгерістерін қадағалап отырады. Нашар білетін әріптестерін оқытады, кеңес береді.



Бөлімнің/департаменттің қызметіне байланысты барлық нормативтік базаны егжей-тегжейлі біледі, басқа қызметкерлерді оқытады/кеңес береді

Құзыреттілік

ИТ білуі

-   Есепке алу жүйелерін біледі
-   Жүйелерді дамыту әдістерін біледі

Мінез-құлық көрсеткіштерін деңгейлері бойынша анықтау

Хабарландыру

Базалық қолдану

Алға жылжу арқылы қолдану

Шебер

Сарапшы

Қоғамда ақпаратты жүйелерді қолдануға байланысты тәжірибесі жоқ. Оқытуды және бөгде адамдардың көмегін қажет етеді.

- Кейбір жүйелермен жұмыс істеу жөнінде қысқа курстан өткен (жаттығушымен немесе өздігінен оқу).
- Ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу кезінде өздерінің міндеттерін орындау барысында тәжірибелі пайдаланушылардың тәжірибесін әлі қажет етеді.

- Жүйелерді пайдалануда жеткілікті тәжірибесі бар ( 1,5-ден 3 жылға дейін).

- Бөгде адамның қатысуынсыз ақпараттық жүйелерді пайдалана аолады.



Тәжірибелі пайдаланушы болып табылады (3-5 жыл).
Ақпараттық жүйелердегі өзекті жағдайларды шеше алады.
Тәжірибесі шамалы пайдаланушыларды оқытады.
Қызметтің ақпараттық жүйелеріне әкімшілік етумен және үйлесімдеумен айналысады.

Тәжірибелі пайдаланушы болып табылады (>5 лет) және ақпараттық жүйені әзірлеуге қатысады. Ақпараттық жүйенің жаңа жұмысын әзірлеуге қатысады. Қызметтің ақпараттық жүйелеріне әкімшілік етумен және үйлесімдеумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет