Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы отырысында (№7 хаттама) күн тәртібінің 8 мәселесі бойынша шешімдер қаралды және қабылданды
-
«KEGOC» АҚ 2011 – 2015 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 21) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 21) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ 2011 – 2015 жылдарға арналған даму жоспарын бекітті.
-
«KEGOC» АҚ міндеттемелерін оның меншік капиталының он және одан да көп пайыз мөлшерін құрайтын көлемге арттыру туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 16) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 16) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі Қоғамның міндеттемелерін Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен негізгі борышы 78 (жетпіс сегіз) миллионға дейінгі АҚШ доллары, сондай-ақ Қоғам несие туралы келісімге сәйкес төлеуі тиісті пайыздар мен өзге де төлемдер кіретін несие туралы келісім жасау жолымен меншік капиталының мөлшерінің оннан көп пайызын құрайтын сомаға арттыруды шешті.
-
«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, «Энергоинформ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерін сайлау
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 14) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі шешті:
1) «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 6 адам болып белгіленсін.
2) Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2 жыл болып белнгіленсін.
3) Сайлансын:
Бексары Жаңабай Мұратбекұлы – «KEGOC» Корпоративтік басқару жөніндегі вице-президенті - «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып;
Ақмұрзин Абата Аманұлы – «KEGOC» АҚ Филиалдармен және ЕБҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры - «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы – «KEGOC» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры - «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып;
Үпішеву Гаухар Елемесқызы - Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып;
Ахметов Ыбрай Қарабайұлы - «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор;
Королева Елена Николаевна - членом Совета директоров
АО «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып.
4) «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Бексары Жаңабай Мұратбекұлы сайлансын.
-
Қоғамның мүддесі бар мәмілелерді жасау туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 17) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 17) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ға белгіленген тәртіпте Қоғамның мүддесі бар мәмілелерді – «KEGOC» АҚ мен «Батыс транзит» АҚ арасында Қазақстанның БЭЖ-да электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсетуге, «KEGOC» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде және «батыс транзит» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде қызмет көрсетуге шарттар жасауды тапсырды.
-
«KEGOC» АҚ орталық аппаратының ұйымдық құрылымы мен қызметкерлерінің жалпы штаттық санын бекіту туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 19) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 19) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ орталық аппаратының ұйымдық құрылымын бекітті, орталық аппарат қызметкерлерінің 318 бірлік көлеміндегі жалпы санын бекітті.
-
«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (орталық аппаратының) қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақылары схемасын бекіту туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 27) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 27) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі 2011 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (орталық аппаратының) қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақылары схемасын бекітті.
-
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасына және Басқарма, Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне, Корпоративтік хатшысына төленетін лауазымдық айлық ақы мен сыйлықақының мөлшерін белгілеу
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің, Корпоративтік хатшысының лауазымдық айлық ақыларының мөлшерін, KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелеріне, Ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне, Корпоративтік хатшысына лауазымдық айлық ақы мен сыйлықақы төлеу шарттарын «KEGOC» АҚ басқарушы және әкімшілік қызметкерлеріне еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу ережелеріне, «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларының схемасына сәйкес белгіледі.
-
«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2010 жылғы 3-тоқсандағы қызметі және Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлеріне 2010 жылғы 3-тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйылқақы беру жөніндегі есепті қарау туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 8) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 8) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2010 жылғы 3-тоқсандағы қызметі туралы есепті назарға алды, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің 2010 жылғы 3-тоқсан қорытындылары бойынша алдыға қойылған мақсаттарының орындалу бағасын бекітті және «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы коэфиценттерін бекітті.
Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы отырысында (№8 хаттама) Қоғамның міндеттемесін оның меншік капиталы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын көлемге арттыру туралы шешім қабылданды.
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 16) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 16) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі Қоғамның міндеттемелерін «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен құрамына 78 000 000 (жетпіс сегіз миллион) АҚШ доллары көлеміндегі негізгі борыш, сыйақылар, комиссиялар, тұрақсыздық айыптарының (өсімпұл, айыппұл) сомасы мен өзге де төлемдер, сондай-ақ бюджеттік заңнамаға сәйкес бюджет қаражатынан алынған сомаға есептелген сомаға есептелген сыйақы сомасы кіретін сомаға кепілдік шартын жасау жолымен арттыруды шешті.
Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы отырысында (№9 хаттама) күн тәртібінің мәселесі қаралды және сол бойынша шешім қабылданды.
-
«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда алдын ала бекіту туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 37) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда алдын ала мақұлдады.
-
Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2010 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 23) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 23) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2010 – 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» бекітті.
-
2010 жылғы 1-жарты жылдықта инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есепті қарау туралы
«KEGOC» АҚ Инвестициялық саясатының 8.6.4-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі 2010 жылғы 1-жарты жылдықта инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есепті назарға алды.
-
«KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2010 жылғы 9 айдағы орындалуы туралы есепті қарау туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 43) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 43) тармақшасына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі KEGOC» АҚ Басқарушылық есептеме жүйесін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2010 жылғы 9 айдағы орындалуы туралы есепті назарға алды.
-
Тәуекелдерді корпоративтік басқару саясаты мен Тәуекелдердіб басқару жүйесі жөніндегі басшылықты бекіту туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 23) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 23) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «Тәуекелдерді корпоративтік басқару саясаты» стандартын жаңа редакцияда және «Тәуекелдерді басқару жүйесі» басшылығын жаңа редакцияда бекітті.
-
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 18) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 18) тармақшасына сәйкес Қоғам:
1) Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті мен Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеттің мүшесі Б.У.Ақшолақовтың, Директорлар кеңесі тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің сарапшысы О.В.Амергужинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
2) Әбілғазин Данияра Рүстэмұлын Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті мен Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеттің мүшесі етіп, Оразбекова Найля Капанқызын – «самұрық-Қазына» АҚ Қызметкерлерді басқару жөніндегі департаментінің бас менеджерін Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетінің құрамына сарапшы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) сайлады.
-
Е kegoc 00-202-08 « «KEGOC» АҚ Дивиденд саясаты туралы ережегі» өзгерістер енгізу туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «Самұрық» Холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің 2008ж.14.08. шешімімен (№11/08 хаттама) бекітілген Е kegoc 00-202-08 «KEGOC» АҚ Дивиденд саясаты туралы ережегі» өзгерістер енгізуді мақұлдады.
-
«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен (№12 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізуді бекітті.
-
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереженің өзгерістерін бекіту туралы .
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 18) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 18) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 20 қазандағы шешімімен бекітілген (№10 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізуді бекітті.
-
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетіне келіп түскен шағымдар мен өтініштерді алу, қарау ережесін бекіту туралы
«KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 10) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетіне келіп түскен шағымдар мен өтініштерді алу, қарау ережесін бекітті.
Директорлар кеңесі Комитеттерінің қызметі
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттері
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 2009 жылға 20 қазанда (№10 хаттама) «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 25) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 8-тармағы 9) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесінің мына комитеттерін құрды:
Аудит жөніндегі комитет мына құрамда:
Балтабаев Базарбай Қабдолұлы – тәуелсіз директор, Комитеттің төрағасы;
Дәукеев Ғұмарбек Жүсүпбекұлы – тәуелсіз директор;
Ақшолақов Болат Оралұлы – директор;
Баймұрзин Рысхан Қалымұлы – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Аудит және бақылау департаментінің бас менеджері – сарапшы /дауыс беру құқығынсыз/.
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет мына құрамда:
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы – директор – Комитеттің төрағасы;
Дәукеев Ғұмарбек Жүсүпбекұлы – тәуелсіз директор;
Ақшолақов Болат Оралұлы – директор;
П. Хауз - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы директоры с-арапшы /дауыс беру құқығынсыз/.
Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет мына құрамда:
Дәукеев Ғұмарбек Жүсүпбекұлы – тәуелсіз директор, Комитеттің төрағасы;
Балтабаев Базарбай Қабдолұлы – тәуелсіз директор;
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы – директор;
Амергужина Ольга Вячеславовна – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қызметкерлерді басқару жөніндегі департаментінің бас менеджері, сарапшы /дауыс беру құқығынсыз/.
Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (2010 жылғы 29 желтоқсандағы №9 хаттама) Әбілғазин Д.Р. Қоғамның Директорлар кеңесі аудит жөніндегі комитеті мен Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің мүшесі болып, Оразбекова Н.К. «Самұрық-Қазына» Қызметкерлерді басқару жөніндегі департаменттің бас менеджері Директорлар кеңесі Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамына сарапшы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) сайланды.
Директорлар кеңесі тұтастай алғанда Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі біткенге дейін Комитеттердің мүшелерінің өкілеттік мерзімін анықтады.
Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет (бұдан әрі - Комитет) 2010 жылы құзыры шегінде 4 күндізгі отырыстарды өткізді. Комитеттердің отырыстарында 9 мәселе бойынша ұсынымдар қаралды және Директорлар кеңесіне шығарылды.
Комитет Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 2010 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Комитет «KEGOC» АҚ басқарушы және әкімшілік қызметкерлеріне еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу ережесінің жобасын мақұлдады, «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (орталық аппараты) қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақы схемасына енгізілетін өзгерістерді мақұлдады, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қызметін бағалау туралы ұсынымдар берді.
Директорлар кеңесіне «KEGOC» АҚ Бірінші вице-президенті, Корпоративтік басқару жөніндегі вице-президенті лауазымына кандидаттарды тағайындау жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ Қоғамның атқарушы органының құрамына кандидаттарды сайлау жөнінде ұсынымдар берілді.
Қоғамның Директорлар кеңесіне Қоғамның басқарма мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде ұсынымдар берілді.
Сонымен бірге. Комитет «KEGOC» АҚ басқарушы және әкімшілік қызметкерлеріне еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу ережесін және «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының (орталық аппараттың) лауазымдық айлық ақы схемасын, Атқарушы орган басшысы мен мүшелерінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының, Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақы мөлшерлерін мақұлдады. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің еңбеккерлері мен Корпоративтік хатшыға сыйлықақы беру туралы мәселе Директолар кеңесінің қарауына шығарылды.
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитетінің 2010 жылға арналған жұмыс жоспарын, «KEGOC» АҚ 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясын, енгізілген өзгерістерін есепке ала отырып, «KEGOC» АҚ Даму жоспарын қарады, «KEGOC» АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын, жаңа редакцияда Корпоративтік басқару кодексінің жобасын, «KEGOC» АҚ 2011-2015 жылдарға арналған даму жоспарының жобасын алдын ала қарап, мақұлдады.
Аудит жөніндегі комитет 2010 жылы мыналарды қарады:
№ р/б
|
Мәселенің атауы
|
1
|
ІАҚ 2009 жылғы 3-тоқсандағы қызметі туралы есепті мақұлдау туралы
|
2
|
«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2010 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспарын алдын ала мақұлдау туралы
|
3
|
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі аудит жөніндегі комитетінің 2010 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
|
4
|
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі аудит жөніндегі комитеттің хатшысын тағайындау туралы
|
5
|
«KEGOC» АҚ операциялық тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі ережені алдын ала мақұлдау туралы
|
6
|
«KEGOC» АҚ 2010 жылға арналған Тәуекелдерді басқару бағдарламасын алдын ала мақұлдау туралы
|
7
|
«KEGOC» АҚ валюталық тәуекелін басқару» ережесін алдын ала мақұлдау туралы
|
8
|
«KEGOC контрагент-банктеріне теңгерімдік және теңгерімнен тыс міндеттемелері бойынша лимиттер белгілеу» ережесін алдын ала мақұлдау туралы
|
9
|
«KEGOC» АҚ өтімділік тәуекелдерін басқару» ережесін алдын ала мақұлдау туралы
|
10
|
«KEGOC» АҚ пайыздық тәуекелдерін басқару» ережесін алдын ала мақұлдау туралы
|
11
|
Ішкі аудит қызметі басшысына еңбек ақы төлеу шарттарын өзгерту туралы
|
12
|
«2010 жылғы қаржылық есепетеме аудиті (аудиторлық қорытынды)» қызметін сатып алу туралы шарттың жобасын алдын ала мақұлдау туралы
|
13
|
ІАҚ 2009 жылғы 4-тоқсандағы қызметі туралы есепті мақұлдау туралы
|
14
|
2009 жылғы 4-тоқсан қорытындысы бойынша ІАҚ еңбеккерлерінің алдыға қойған мақсаттарын орындау бағасын алдын ала мақұлдау туралы
|
15
|
ІАҚ 2009 жылғы қызметі туралы есепті мақұлдау туралы
|
16
|
ІАҚ 2010 жылғы 1-тоқсандағы қызметі туралы есепті мақұлдау туралы
|
17
|
ІАҚ еңбеккерлерінің 2010 жылғы 1-тоқсан қорытындысы бойынша алдыға қойған мақсаттарды орындау бағасын алдын ала мақұлдау туралы
|
18
|
2009 жылғы қаржылық есептеме аудитінің нәтижелерін қарау
|
19
|
2009 жылғы тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі есепті алдын ала мақұлдау туралы
|
20
|
«KEGOC» АҚ Тәуекелдер тізілімі мен картасын өзгерістерімен бірге алдын ала мақұлдау туралы
|
21
|
«KEGOC» АҚ қаржылық есептемесін алдын ала мақұлдау туралы
|
22
|
ІАҚ 2010 жылғы 2-тоқсандағы қызметі туралы есепті мақұлдау
|
23
|
ІАҚ еңбеккерлерінің 2010 жылғы 2-тоқсандағы қорытындылар бойынша алдыға қойцылған мақсаттарының орындалу бағасын алдын ала мақұлдау
|
24
|
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі аудит жөніндегі комитеттің 2009 жылғы қызметі туралы есепті бекіту
|
25
|
2010 жылғы 7 шілдедегі №61781 хатта берілген «Делойт» ЖШС мәселелері мен байқауларын қарау
|
26
|
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі аудит жөніндегі комитет туралы ережеге енгізілетін өзгерістерді қарау туралы
|
27
|
«KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге енгізілетін өзгерістерді алдын ала мақұлдау туралы
|
28
|
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетке келіп түскен шағымдар мен өтініштерін алу, қарау ережесін алдын ала мақұлдау туралы
|
29
|
ІАҚ 2010 жылғы 3-тоқсандағы қызметі туралы есепті мақұлдау туралы
|
30
|
ІАҚ еңбеккерлерінің 2010 жылғы 3-тоқсандағы қорытындылар бойынша алдыға қойған мақсаттарын орындау бағасын алдын ала мақұлдау туралы
|
31
|
«KEGOC» АҚ 2010 жылға арналған тәуекелдер тізілімі мен картасын алдын ала мақұлдау туралы
|
32
|
«KEGOC» АҚ тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2010-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын алдын ала мақұлдау туралы
|
33
|
Б ТБЖ KEGOC 00-200-10 «Тәуекелдерді басқару жүйесі» басшылығын алдын ала мақұлдау туралы
|
34
|
«СТ KEGOC 00-202-10 «KEGOC» АҚ тәуекелдерді корпоративтік басқару саясаты» Ұйым стандартын алдын ала мақұлдау туралы
|
КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫҢ 2010 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Корпоративтік хатшы – Директорлар кеңесінің немесе Қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын Қоғамның қызметкері, оны Директорлар кеңесі тағайындайды және Қоғамныңс Директорлар кеңесіне бағынады. Өз қызметі шеңберінде Қоғамның Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындайды және өткізеді, Қоғамның Директорлар кеңесіне құжаттар жасауды қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыры мен қызметі Қоғамның ішкі құжаттарымен айқындалады.
Корпоративтік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасының, «KEGOC» АҚ Жарғысының, Корпоративтік басқару кодексінің, «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы туралы ереженің, Қоғамның басқа да ішкі нормативтік құжаттарының нормаларына, сондай-ақ «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционерінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті құжаттарды (материалдарды) жасау мен таратуды қамтамасыз етті (отырыстың өткізілетіні туралы ескерту, отырыстың күн тәртібі мәселелері бойынша шешімдердің жобалары, алдын ала танысу үшін арналған құжаттардың жобалары және т.б.)
белгіленген тәртіпте Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын құжаттарды ресімдеудің уақтылы өтуі қамтамасыз етілді; Қоғамның бөлімшелерінде құжаттарды алу және Директорлардың сұратуы бойынша қажетті құжаттарды (ақпараттарды) ұсыну ұйымдастырылды; Директорлар кеңесінің атынан келген хаттарға сұратулар мен жауаптарды дайындау, Директорлар кеңесі бекіткен құжаттарды тарату ұйымдастырылды; Қоғамның Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылау ұйымдастырылды.
сырттай нысанда отырыстар өткізуді есепке алумен тиісті бюллетеньдер жасалды, Директорлардың дауыс беруі үшін бюллетеньдер жіберу (табыс ету), толтырылған бюллетеньдерді, Директорлардың жазбаша пікірлерін алу және оларды Директорлар кеңесі төрағасына тапсыру қамтамасыз етілді.
2010 жылы Директорлар кеңесінде талқыланған мәселелер «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп» бөлігінде анық келтірілген.
Директорлар кеңесі
Корпорративтік хатшының негізгі мақсаты Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету, Қоғам туралы маңызды ақпараттың сақталуын, ашылуын және ұсынылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттың айқындығының жоғары деңгейін сақтауды, Қоғамның органдары арасындағы анық та тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.
Директорлар кеңесінің комитеттері
Корпоративтік хатшы Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет отырыстарын дайындау мен өткізуді, отырыстарға материалдар жинау мен жүйелендіруді, Комитеттердің мүшелеріне және шақырылған адамдарға Комитеттің отырысы өткізілетіні туралы хабарламаларды, отырыстардың күн тәртібін, күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдарды уақтылы жіберуді, отырыстардың хаттамаларын жасауды, Комитеттің шешімдері жобаларын дайындауды, сондай-ақ барлық тиісті құжаттарды бұдан кейін де сақтауды қамтамасыз етеді.
Басқарма
Корпоративтік хатшының міндеттемелеріне Директорлар кеңесі, оның Комитеттері шегінде, Басқарма мен Директорлар кеңесінің арасында ақпараттың қалыпты ағынын қамтамасыз ету кіреді. Корпоративтік хатшының Қоғамның атқарушы органымен қарым-қатынасы Қоғамның қызметкерлерімен және баслырарымен өзара қарым-қатынасты құру қағидаларынан, өзіндік ұстанымын жасаумен және жұмыста қажетті жан-жақты кәсіби білімдері мен дағдыларының болуымен қалыптасады.
Корпоративтік хатшының сыйақысы
Корпоративтік хатшының еңбек ақы мөлшерін Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына, «KEGOC» АҚ Жарғысының 10-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына сәйкес білгіленеді.
Корпоративтік хатшыға еңбек ақы төлеу жасалған еңбек шарттарына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Сыйлықақа төлемдері Корпоративтік хатшының есептік кезең ішінде алдыға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауын бағалау нәтижелері бойынша қызметті бағалау шкаласына сәйкес жүзеге асыралады.
Достарыңызбен бөлісу: |