Саққұлақ: Қылмыс жасалды деп естідік.
Алпамыс: Ғажайып шарды біреу ұрлап кетті.
Таусоғар: Батыр аңғал келеді деген осы.
Желаяқ: Оны қалайда табуымыз керек. Зұлым күштердің қолына түссе...
Саққұлақ: Қазір. Қайда кетіп бара жатқандарын анықтаймыз /Еденге жата қалып тың тыңдайды/. Ол жалғыз адам Барсакелмес аралына қарай бет алды.
Алпамыс: Ол зұлымдық патшасы Джокер болды.
Желаяқ: Енді не істейміз?
Саққұлақ: Барсакелмес аралына кіретін есіктің құпия сөзін білмейді деп ойлайық.
Желаяқ: Құпия сөз?
Саққұлақ: Оны ешкім де білмейді және ол есікті ешкім дәл тауып барған емес. Барсакелмес аралын іздеп шыққандардың бәрі адасып кетіп жоғалып кеткен.
Таусоғар: Қандай үрейлі жер.
Желаяқ: Құпия сөзді кім біледі?
Алпамыс: Ешкім де білмейді. Тек бір ғана адам біледі. Құпия сөз атадан балаға аманат болып беріліп отырады. Ол оны ешкімге де айтпайды.
Желаяқ: Олай болса уақыт жоғалтпай тезірек ғажайып шарды табайық.
Морис өзбектердің үрлемелі аспабын айбындатып отырды. Король Джулиан, Морис кіреді.
Морис: Қарсы алыңыздар! Ханзаданың ханзадасы. Патшалардың патшасы. Тағысын-тағы басқа да мақтауларға лайық Корооооооль Джулиан!
(Король Джулиан кірген кезде «ай лайк ту мувет-мувет» әуені қосылады )
Король Джулиан: Қанекей балалар бәріміз бірге билейміз!
Морис: -Мына музыканы қатты жақсы көремін, ай лайк ту мувет-мувет..
Король Джулиан: Салем достар! Сендерді Король Джулиан мерекелеріңмен құттықтайды! Морис қандай мереке?
Морис: Білмеймін.
Король Джулиан: Білмейтін мерекелерің құтты болсын!
Алпамыс: Сені танымай тұрмыз, кімсің?
Король Джулиан: Морис не масқара?! Бұлар мені танымайды ғой? Өзің барып сөйлес!
Морис: Сендер не, шынымен король Джулианды танымай тұрсыңдар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |