Кейіпкерлер: Алпамыс Қобыланды Құртқа Саққұлақ Желаяқ Таусоғар Король Джулиан



бет4/10
Дата27.05.2023
өлшемі47.3 Kb.
#474371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
12 Қ. Мұрат Барсакелмес аралы ертегі

Король Джулиан: Қандай ғажайып шар?
Желаяқ: Оны біреу ұрлап кетті.
Король Джулиан: Маған түк қызық емес.
Морис: Ол шар неліктен ғажайып?
Желаяқ: Қалаған арманыңды орындайды.
Король Джулиан: Менің ішім пысып кетті.
Құртқа кіреді.
Құртқа: Алпамыс бәрін естідім. Мен де сендермен бірге барамын. Көмектескім келеді. Өзіңмен бірге ертіп кет.
Алпамыс: Жоқ. Біз «Барсакелмес» аралын іздейміз. Ол жер өте қауіпті. Осындағы елге ие бол. Бұл жерге де батыр қыздар керек. Кеттік жігіттер.
Құртқа: Алпамыс мен саған көмектесе аламын./Алпамыс бастаған жігіттер шығып кетеді/. Мен... Естімеді.
Король Джулиан: Морис біз қалай да оны табуымыз керек.
Морис: Бананды ма?
Король Джулиан: Жоқ ақымақ. Ғажайып шарды қолға түсіруміз керек. Ғажайып шар арқылы аспан рухымен жүздесемін. Ол жерге мен король болуым керек. Король! Аспан королі Джулиан! Ха-ха-ха-ха. Ешкім естіп қоймасын. Кеттік. Арттарынан аңдып отырамыз Морис.
Құртқа: Мен де сендермен бірге барамын.
Король Джулиан: Қыздарға бізде орын жоқ.
Морис: Қыз... Хи-хи-хи..
Құртқа: Ертпесеңдер ертпей-ақ қойыңдар. Өзім іздеп табамын. Кетсеңдер, кете беріңдер. Мен өзім іздеймін. Маған мына достарым көмектеседі. Солай ма балалар?!/ Балалардың жауабы/ Ал «Барсакелмес» аралын іздеуге кеттік ендеше.


2 – БӨЛІК
Иен дала. Шаршап шалдығып Құртқа жалғыз өзі келе жатады.
Құртқа: Күн деген ыстық. Адасып кеткен сияқтымын ба, қалай өзі? Жыртқыштарға жем болып шөл далада өліп қалуға болады. Жалғыз жүрген қандай қорқынышты. Қасқырдың дауысы шығады ). Ой, бір аңның дауысы шығып жатыр. Мынау қандай аң? Қасқыр ма? Арыстан ба?(Динозаврдың дауысы шығады). Ой, мынау ненің дауысы мен естімеппін. Балалар сендер білесіңдер ме, бұл қандай аң? (Балалар жауабы ). Шөлден қанталап келем. Бір жұтым су болса ғой.
Құртқаға қарама-қарысы Харли Квинн кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет