Харли Квинн: Міне қызық. Ойын енді басталды...
Құртқа оянады. Құртқа (Оянып): Ааа... Ұйқы деген қандай жақсы.
Харли Квинн: Құртқа бізді енді Барсакелместің кереметі күтіп тұр. Жақын қалдық.
5 – бөлік «Барсакелмес» аралына кіре беріс есік. Алпамыс, Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ сахнаға шығады. Сақұлақ: Не деген үлкен... Өмірімде мұндай керемет есік көрмедім.
Алпамыс:Ендігі тапсырма, мына есікті қалай ашамыз?
Желаяқ: Мүмкін оны анау залым Джокер ашып қойған шығар?
Таусоғар: Олай ойламаймын. Әлі ешкім ашқан жоқ.
Алпамыс: Осының қасында оны күтейік. Саққұлақ осы жерге Джокер келді ме?
Саққұлақ: Қазір /Саққұлақ жерге жата қала тың тыңдайды/.Алыста екі адам келе жатыр. Алайда олар әйел жыныстылар.
Джокер екі ақ аюмен қарсы алдарынан шығады. Джокер:Саққұлақ десе Саққұлақ екенсің... Алпамыс міне біз ақыры қазақ жерінде кездестік.
Алпамыс: Джокер ғажайып шар қайда?. Қайтар оны.
Джокер: Ай, Алпамыс әлі балалығың қалмапты. Оны оңайлықпен аламын деп ойлама.
Алпамыс /Қылыштарын шығарып/. Кел онда кім мықты екенін анықтайық.
Джокер: Ұстаңдар.
Екі аю қорбаңдап оларға тап береді. Алпамыс бастаған жігіттер алыса кетеді. Таусоғар өзінің қара күшімен аюларды жерге алып ұрады. Олар Джокерді жанағынан қоршауға алады. Алпамыс: Джокер мырза сіз ұтылдыңыз.
Джокер:Сен мені білмейді екенсің /Қалтасынан «У» қосылған ұнтақты беттеріне шашып жібереді/. Таусоғар: Менің көздерім. Ештеңе көрмей қалдым....
Саққұлақ: Құлағым ештеңені де естімей қалды.
Желаяқ: Қозғала алмай қалдым. Қатып қалдым.
Джокер: Мен емес сендер қолға түстіңдер ақымақ батырлар ха-ха-ха-ха.
Алпамыс: Осы жолы сенің күнің туып тұр екен Джокер.
Джокер/Аюларға/. Ей қорбаңбайлар байлаңдар аналарды. Бәрін өзім жасауға тура келді тағы да. Сендерге сеніп жүрген қандай ақымақпын десеңші.
Аюлар бәрін байлап сахнадан алып шығып кетеді. Джокер: Балалар. Менің сүйікті балаларым ендігі кезек кімдікі? Иә, Құртқаны ұстаймыз. Сонымен бәрі аяқталады. Міне олар да келе жатыр.