Таусоғар: Король Джулиан? Біздің қазақ ертегісі мен эпосында ондай кейіпкер жоқ.
Морис: Танымасаңдар.. Король Джулианның кім екенін балалардан сұрайық.
Желаяқ: Балақайлар, мына сайқымазақты танисыңдар ма?
(балалардың жауабы).
Желаяқ: Мадагаскар мультфильміндегі Король Джулиан мен Морис?
Король Джулиан: Иә біз Мадагаскардан келдік. Ал сендер кімсіңдер?
Желаяқ: Мен желден де жылдам Желаяқ боламын.
Таусоғар: Тау көтерген толағай Таусоғар деген менмін.
Саққұлақ: Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған Саққұлақ деген мен боламын.
Алпамыс: Қазақ батыры Алпамыс батыр мен боламын.
Король Джулиан(Есінеп): Отқа салса батпайтын, суға салса күймейтін батырлар сендер екенсіңдер ғой!
Морис: Мәртебелім, керісінше емес пе?
Король Джулиан: Қандай айырмашылық бар? Бұларға сол да жетеді.
Алпамыс: Ей сасық тышқан, босағада тұрып төр менікі дегенің не?
Король Джулиан: Ах, маған қатты сөздер айтып жатыр. Ешкім маған мұндай қатты сөздер айтқан емес. Морис мен қазір жылаймын (Жылап). Аааа..Аааа...Ааа... Көрдіңдер ме жылап жатырмын. Аааа, аааа...
Морис: Алпамыс тез менің королімнен кешірім сұра.
Алпамыс: Тышқаныңнан сұрамаймын.
Морис: Өтінем мен үшін сұрай салшы. Ол маған күн көрсетпейді енді.
Алпамыс: Жарайды. Король Джулиан мені кешір.
Король Джулиан: Мәртебелім де...
Алпамыс /кекетіп: Аса құрметті мәртебелім.
Король Джулиан: Жарайды. Кешірім сұрап келіп отыр екенсің, кешірейін! Енді біз доспыз!
Алпамыс: Қандай ақымақтық!
Король Джулиан: Менің кішкентай достарым, көңіл күйлеріңді түсірмеңдер. Бізбен бірге қосылып би билеңдер! Морис музыка!
Алпамыс: Жігіттер, бұлармен ренжісіп тұратын уақыт жоқ. Ғажайып шарды қайтаруымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |