«Келісемін» «Бекітемін» шжқ МҚК «Талдықоған қаласы» Оқу ісі жөніндегі



бет17/38
Дата03.12.2022
өлшемі121.75 Kb.
#466339
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Стандарттар ішкі аур. проп.

23.1. Стандарт: Инфарктті анықтауға арналған тест / Қандағы тропонин
Мақсаты: Қанның сары суында тез арада тропонинді анықтау, жедел миокард инфарктісі диагнозын қою.
Керек жабдықтар: Тест- плашка, пипетка, скарификатор, спиттелегн салфетка - 2дана, буфер (ерітінді), инструкция, капилярлы түтікше
Іс- әрекет алгоритмі

  1. Пациенттің қолын жылы сумен сабындап жуыңыз, спирттелген салфеткамен сүртіңіз де, кепкенше тосыңыз.

  2. Тесетін жерге тигізбей қолға массаж жасаңыз

  3. Қолды скарификатормен тесініз, алғашқы тамшыны сүртіңіз. Тесілген жерде қан тамшысын қалыптастыру үшін қолды білезіктен саусаққа дейін уқалаңыз.

  4. Қанды капилярлы түтікшемен алғанда, ауа көпіршіктерсіз алу керек.

  5. Каппилярлы түтікшедегі қанды тест плашканың «S» терезесіне тамызыңыз, және қанды мембранаға тікелей саусақтан тамызуға болады. (2-3 тамшы қанды мембранаға саусақты тигізбей тамызу керек.)

  6. 2 тамшы буферді «S» терезеге тамыздырып таймерді қосыңыз

  7. Тесттілеудің нәтижесін 15 минут аралығында бағалаңыз. 15 минут өткеннен кейін бағаламаңыз.

Нәтижесі:
Оң ( + ) : Анық 2 күлгін сызық пайда болады: біреуі «Т» зонада, екіншісі «С» зонада.
Теріс (- ) : «С» бақылау зонасында бір күлгін сызық пайда болады, «Т» зонада сызық көрінбейді.
Қате тест: Бақылау зонада сызық пайда болмайды. Инструкцияны сақтамағанда немесе қанның мөлшері аз болғанда.


24. Бронх демікпесі ұстамасындағы шұғыл көмек .
Мақсаты: бронхоспазмды жою.
Керек жабдықтар : Қалта ингаляторы , небулайзер, оттегі балоны.
Стерильді заттар: Бір рет қолданылатын шприц, көктамырға дәрілерді енгізуге арналған система, мақта домалақтары,70% этил спирт, жгут, перчатка, дезертіндегі пинцет, клеенкалы валик, латок, дәрілік препараттар, преднизалон 120-180мг, гепарин 5000-10000ЕД, бронхолитиктер(беротек, беродуал,сальбутамол), 0,9% натрий хлорид ерітіндісі.
Іс -әрекет алгоритмі:
1.Науқасты тыныштандыру, таза ауамен қамтамасыз ету 2.Науқасқа ынғайлы жағдай жасау. 3. Кеудедегі киімін босату 4. Қалта ингаляторын қолдану; 5. Бронхолитигі бар (сальбутамол) небулайзерді қолдану . 6. Маска арқылы ылғалданған оттегі беру . 7. К/т 2,4% - 10мл эуфиллин 5-7мл. 8. К/т Преднизолон 90-120 мг. 9. К/т тамшылатып 500мл 0.9 % натрий хлорид ерітіндісі немесе 500мл 4% натрий гидрокарбонат ерітіндісі . 10.көк тамырға 5000-10000 ЕД гепарин 11. Наукастың қан қысымын, пульсін, ТАЖ қадағалау . 12.Науқасты реанимация бөліміне немесе қарқынды терапия бөліміне жеткізу.
13.Науқастың басын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет