Келісілді ббқ төрайымы «Фармация және ФӨТ»


Тиісті дәріханалық практика принциптері (GPP)



бет51/67
Дата01.03.2024
өлшемі4.73 Mb.
#493765
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
gxp сессия-1 2

29. Тиісті дәріханалық практика принциптері (GPP).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 ақпанда № 22167 болып тіркелді "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 10-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар:


5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Тиісті дәріханалық практика (GPP) стандарты;

Тиісті дәріханалық практика станддарты (GPP)


Стандарт надлежащей аптечной практики (GPP
Good Pharmacy Practice (GPP)

Осы Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған. Осы Стандарт дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалануды оңтайландыруға және ем нәтижесіне баға беруге мүмкіндік беретін дәрігердің, пациент және фармацевтің өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы Стандарт дәрілік заттардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылады.


5-БӨЛІМ. ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ, ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ АЙНАЛЫСЫ


27-тарау. ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
230-бап. Фармацевтикалық қызмет түрлері
Фармацевтикалық қызмет мынадай түрлерді қамтиды:
1) дәрілік заттарды өндіру;
2) медициналық бұйымдарды өндіру;
3) дәрілік препараттарды дайындау;
4) медициналық бұйымдарды дайындау;
5) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
6) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу;
7) дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу;
8) медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығы.


Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу үшін, яғни осы қызмет түрлерін ашу үшін Нормативтік құқықтық актілерге сүйенеміз:

  • Лицензия алу керек; 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қандай үй-жайларда аша аламыз?


" Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығына сәйкес:

7. Дәріханалар, оптика дүкендері, медициналық бұйымдар дүкендері:


1) бөлек тұрған ғимараттарда;
2) тұрғын үй қорына кірмейтін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда;
3) тұрғын үй қорына кіретін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
8. Медициналық ұйымдардың дәріханалары:
1) медициналық ұйымға жататын аумақта бөлек тұрған ғимаратта;
2) медициналық ұйым ғимаратының құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
9. Дәріхана пункттері тек медициналық ұйымның жанында немесе олардың аумақтарында:
1) оқшауланған үй-жайларда;
2) үй-жай ішіндегі оқшауланған блокта орналастырылады.
Жалпы ауданы 123 кв.м құрайды. Өндірістік үй-жай -50кв.м, сақтау үй-жайлары-30кв.м, қызметтік және тұрмыстық үй жайлар 25кв.м, 118кв.м,+5 123кв.м,
Халыққа қызмет көрсету +30кв.м, Дәріхана пункті +20кв.м.

Персоналға қойылатын біліктілік талап: Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығы.


3) дәріханалар үшін:
- дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі);
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандардың жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
- дәрілік заттарды интернет арқылы саудада өткізу кезінде меншік немесе жалға алу құқығындағы сақтау және тасымалдау процесінде олардың қасиеттерінің өзгеруіне жол бермейтін тәсілмен жүзеге асыратын көліктің болуы;
4) медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін:
- дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі). Дәріханалары жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін оларды өткізу үшін оқытудан өткен медициналық білімі бар мамандарға рұқсат етіледі.

Дәрілік заттарды сақтау


Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау белгілі бір температурада жүзеге асырылады:
терең салқындату -150С-тан төмен;
тоңазытқышта +20С-ден +80С-қа дейін;
салқын жерде +80С-тан +150С-қа дейін;
бөлме температурасында +150С-тан +250С-қа дейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет