Қызметкерлерге қойылатын гигиеналық талаптар ("Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығы
Өндірістік аймақтарға кіретін адамдар осы аймақтарда орындалатын операцияларға сәйкес келетін қорғаныс киімдерін киюі керек. Киім әртүрлі функцияларды орындай алады:
технологиялық процесті, өнімді және қоршаған ортаны адам шығаратын ластанудан қорғайды;
адамды қоршаған ортаның зиянды әсерінен, оның ішінде технологиялық процестен, онда қолданылатын материалдар мен өндіріс өнімдерінен қорғау;
қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау.
Таза бөлмелерге арналған киімде қолданылатын Материал ластануды өткізбеуі, оларды шығармауы, беріктігі, тозуға төзімділігі, жақсы жылу өткізгіштігі болуы керек, ең аз түкті материалдардан жасалуы керек және қызметкерлерге ыңғайсыздық туғызбауы керек. А және В тазалық аймақтарында қолданған кезде стерильді болуы керек (автоклавтан өту керек). Бір реттік киім әдетте тоқыма емес матадан жасалған және беріктігі бойынша қайта пайдалануға болатын киімдерден төмен болады. Бір реттік нұсқада халаттар, комбинезондар, бет пен сақал маскалары, қалпақшалар, аяқ киім болуы мүмкін.
Қайта пайдалануға болатын киім синтетикалық талшықтардан жасалған, ол таза бөлмелердің барлық талаптарын қанағаттандыратын материалдың тығыз құрылымын береді. Табиғи шыққан маталар, мысалы, мақтадан жасалған маталар таза бөлмелерде қолданылмайды. Киім бос болуы керек, қозғалысты қиындатпауы керек.
А және В тазалық аймақтарында жұмыс жасатйын персоналдар комбинезон киімін киеді. Яғни, бір бөліктік киім. Бастарына шлем немесе капюшон, аяқтарына бахила, қолдарына перчатка, маска және очки киюлері керек. С, Д аймақтарында жұмыс жасайтындары екі бөліктік киім кие алады. Ол халат пен шалбарды құрайды.
Ішкі киім жиынтығына шалбар мен қысқа жеңді футболка кіреді. Шалбар тобыққа дейін немесе төменгі аяққа дейін болуы мүмкін.
Киім бір реттік және қайта пайдалануға болады. Осыған байланысты ол үшін материал таңдалады.
Таза бөлмелерге арналған киім шашты толығымен жабуы керек.
Кейбір киімдерге немесе материалдарға (мысалы, латекс қолғаптары) тері аллергиясы болған кезде қызметкерлер басқа материалдардан жасалған заттармен қамтамасыз етілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |