Келісілді ббқ төрайымы «Фармация және ФӨТ»


Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 16 ақпандағы



бет54/67
Дата01.03.2024
өлшемі4.73 Mb.
#493765
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
gxp сессия-1 2

Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы.
терең салқындату -15 С-тан төмен;
тоңазытқышта +2 С-ден +8 С-қа дейін;
салқын жерде +8 С-тан +15 С-қа дейін;
бөлме температурасында +15 С-тан +25 С-қа дейін.
8) қараңғы жерде сақтау – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарықтан қорғалған жерде сақтау;
9) құрғақ жерде сақтау – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65% аспайтын үй-жайларда сақтау.
Температураны өлшеу аспабының (термометр). Ылғалдылықты өлшеу аспабының (психрометр, гигрометр) Термометр,гигрометр үй жай ішкі қабырғасына орналастырылады.Жылына 2 рет тексеруден өтеді. Ең суық,ең ыстық мезгілде. Оларды ең суық,ең ыстық нүкте анықталған жерге орналастырады.Күніне кемінде 1 рет есеп журналына тіркеледі.
Дәрілік заттарды (өлшеу құралдарын) сақтау жағдайларын бақылау немесе мониторингілеу үшін пайдаланылатын жабдық калибрленеді (тексеріледі). Жабдықтарды (өлшеу құралдарын) салыстырып тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес жылына кемінде 1 рет жүргізіледі.


Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы.
Қағаз нысанындағы рецепттер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің қолымен расталады.
Электрондық нысандағы рецепттер рецепт жазып берген медицина қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталады.
Рецепттер дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауымен қазақ немесе орыс немесе латын тілдерінде жазылады, пациенттің қабылдауына болмайтын, дәрілік препарат құрамы көп компонентті болған жағдайларда саудалық атауымен жазылады.
Дәрілік заттарға, соның ішінде тегін және жеңілдікті шарттарда босатылатын рецептілер 3 айға дейін жарамды.
Тегін немесе жеңілдікті негізде дәрілік заттарды алуға бір рецептуралық бланкте құрамында туынды 8-оксихинолин, гормоналды стероидтар, клонидин, анаболикалық стероидтар, кодеин, тропикамид, циклопентолат, трамадол, буторфанол сиякты дәрілік заттарды алуға рецепттерді жазып берілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды.
Дәрілік затқа қағаз түріндегі рецептінің сақталу мерзімі, құрамында есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және улы заттар бар, бір жыл сақталатын дәрілік затқа,
ОСМС,ГОБМП тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде босатылатын, сақталу мерзімі екі жылды құрайтын дәрілік затқа рецептіні қоспағанда, кемінде күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Рецепт электронды базаға тіркелед немесе журналға кіріс шығысы жазылып отырады.
Сақтау мерзімі өткеннен кейін рецептілер жоюға жатады.
Рецептілерді жою үшін құрамында дәріхананың, дәріхана пунктінің басшысы мен материалдық-жауапты адамдары бар комиссия құрылады. Комиссия жою туралы акт жасайды, онда жойылған рецептілердің кезеңі мен саны жазбаша көрсетіледі.


Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2020 жылғы 27 қазандағы №155 бұйрығы.
300ден саны төмен болса, өзіміз жоямыз;
300ден жоғары болса, арнайы аутсортинг компанияларына тапсырамыз;
егер 300ден саны төмен бола тұрып, өндірістік кәріз жүйесімен қамтамасыз етілмесе өзіміз жоя алмаймыз.

  • сұйық дәрілік нысандар 1:100 арақатынаста сумен араластыру және алынған ерітіндіні өнеркәсіптік кәрізге төгу жолымен жойылады, ампулалардың, аэрозольдық баллондардың, пакеттердің және сауыттардың қалдықтары шығарылады және іске жарату жолымен жойылады;

  • суда еритін дәрілік заттардың субстанциясынан тұратын қатты дәрілік нысандар ұсақтағаннан кейін 1:100 арақатынаста суға еріте отырып және өнеркәсіптік кәрізге төгу жолымен жоюға жатады;

  • суда ерімейтін дәрілік заттардың субстанцияларынан тұратын қатты дәрілік нысандар, жұмсақ дәрілік нысандар, дәрілік заттардың трансдермальдық нысандары, сондай-ақ фармацевтикалық субстанциялар өртеу жолымен жойылады;

  • медициналық иммундық-биологиялық препараттар залалсыздандырылып және 30 минут бойы (күйдіргіге қарсы вакцинаны – 2 сағат) қайнату немесе ҚРда тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралына салып қою жолымен жойылады.



Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге көтерме және бөлшек саудада өткізуге рұқсат етілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын тауарлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 516 бұйрығы
1. Санитариялық-гигиеналық мақсаттағы заттар.
2. Ауыз қуысының күтіміне арналған заттар.
3. Науқастарды күтуге арналған заттар.
4. Науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын оңалтуға немесе қалпына келтіруге арналған құралдар.
5. Балаларды, оның ішінде жаңа туған балаларды күту құралдары мен заттары.
6. Балалар, диеталық, емдеу-профилактикалық тамақ өнімдері және биологиялық активті қоспалар.
7. Терімен, шаш күтіміне арналған косметикалық құралдар, гигиеналық ерін далабы .
8. Минералды, емдік, асханалық, емдік-асханалық, ішетін су.
9. Зарарсыздандыру заттары мен инсектицидтер (бөлшек саудада өткізу үшін өлшеп-салынған).
10. Оптика заттары, көздің көруін үйлестіру үшін пайдаланылатын оптиканы қоспағанда


"Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығына енгізілді. Арифметика жүзеге аспайды. 148,57болса жуықтап 150 немесе 149 деп баға қоя алмаймыз. 148 деп баға қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет