Кенжебаева Т. Ж. ТӘуелсіздік кезеңдегі қазақ Әдебиеттану ғылымының даму бағыттары



бет11/14
Дата10.05.2023
өлшемі150.08 Kb.
#473463
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
кенжебаева тогжан

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, ойы орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, - деп бар үмітін оқуға талапты жастарға жүктейді. Өзі туралы айтқанда:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - дейді де, оқыған өз балалары жайында:
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, - деп, оқығанда әкім болу үшін емес, ғалым болып дүние тану үшін оқу керек екенін еске салады» [51,90].
Молдадан үш-төрт жыл оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне апарып оқуға орналастырады. Ол - «мүтәкәллимин» аталатын дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия, дүниелік білім салаларына қоса оқытуды қажет тапқан ағымның өкілі болады. Соның медресесінде төрт жыл оқыған Абай мұсылмандық шығыстағы араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысып, соларға еліктеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды. [52,92]
Сонымен, С.Мұқанов сынды әйгілі жазушы да абайтану ғылымына мол үлес қосты, еңбек жазды. Абайтану ғылымы жыл өткен сайын өркендеп, дамып келеді.
«Ұлы ақын мұрасын тану, зерттеу саласында алда тұрған уәзипалар жөнінде пікір қозғауды орынды көреміз. Абайтану бойынша құнарлы еңбек еткен ғалымдар, ақын, жазушы зерттеулерін ел біледі, сол үшін біз оған кең тоқталмаймыз. Дегенмен, солардың ішінен көрнекті зерттеушілерді атасақ, М.Әуезов, С.Мұқанов, Х.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов, М.Сильченко, Ә.Тәжібаев, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, Ә.Жиреншин, З.Ахметов, Х.Сүйінішәлиев, М.Мырзахметов т.б. есімдерін айтар едік.
Ұлы ақын өмірі мен шығармаларын ғылымның бұған дейінгі жетістіктеріне сүйене отырып, тереңдеп тексеретін сала-сала тақырыптар бар.
Ол тақырыптардан бірқаншасын ұлы жазушы, үлкен ғалым М.Әуезов өзінің еңбектерінде ертелі-кешті айтып, ескертіп отырған, негізгі ойлар мен желілерді тізіп көрсеткен.
«Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні барын байқаймыз. Мұның біріншісі – қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы, халықтың ауызша әдебиет қоры. Екінші бір қол артқан қазынасы -араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классик поэзиясы. Үшінші, үлкен өнер, мол азық алған зор саласы - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті. Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз заманы үшін әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек еді» [52,95]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет