Кәріпжанова айнұр оралқызы фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы


Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы



бет4/28
Дата05.12.2022
өлшемі275 Kb.
#466512
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
ainur09

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының нәтижелері: «ІІІ Мәшһүр Жүсіп оқулары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар-2003); «ҮІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар-2006); «ҮІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар-2007); М-Ж.Көпейұлының 150-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар-2008); «ІХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар-2009); «Ұлттық құндылық, әлемдік өркениет» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар-2009); «ІІІ Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар-2009); «Мәшһүр Жүсіп мұрасы: таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Павлодар-2009); «Жаһандану жағдайындағы тілдердің дамуы мен қазақ тілінің көкейкесті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Павлодар-2009) баяндалды (9 мақала). 4 ғылыми мақала ПМУ Хабаршысы, №1 (2009); Әл-Фараби атындағы ҚазМУ Хабаршысы, №3 (2009); «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №5 (2009); ПМУ Хабаршысы, №3 (2009) ғылыми басылымдарында, сонымен қатар «Мәшһүр тағылымы» ғылыми жинағында жарық көрді. Барлығы 13 мақала жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың жалпы сипаты, зерттеу нысаны, өзектілігі, негізі мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы анықталып, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар мен зерттеу жұмысының жариялануы туралы мәлімет беріледі.
Жұмыстың бірінші бөлімі «Фразеологиялық коннотацияның прагма-когнитивтік аспектісі» деп аталады. Мұнда фразеологизмдердің тілдік табиғаты анықталады және фразеологизмдер коннотациясындағы концептілердің ұлттық-мәдени сипаты танымдық тұрғыдан талданады. Сөз мағынасы мен ұғымға тән мәселелерді анықтау адам ойы, таным, қиял шарықтау деңгейімен байланысты екенін қазіргі когнитивті лингвистика дәлелдесе, прагматика оны танымдық-көркемдік тұрғыдан әсерлеп жеткізе білуді көрсететіні айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет