Кәріпжанова айнұр оралқызы фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы



бет14/28
Дата05.12.2022
өлшемі275 Kb.
#466512
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
ainur09

2.2.2 Зооморфтық фразеологизмдер
Қазақ тілінде малға байланысты көрініс тапқан фразеологизмдер өте көп. Сондықтан ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фразеологизмдердің әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы орны ерекше болса, оны танымдық тұрғыдан талдау – қазақ өркениетіндегі ұлттық мәдениеттің табиғатын ашуда үлкен мүмкіндік береді.
Мәшһүр Жүсіптің адам мінезіне, сырт келбетіне, іс-әрекетіне, түрлі қасиетіне байланысты қолданылған жан-жануарлар атаулары ұйытқы болған фразеологиялық тіркестерінің семантикасы образдылық, бағалауыштық, эмоционалдық, экспрессивтік мағына үстейді: Түспеген тұғырынан ақ сұңқарым; Бәйге алған тұлпарымсың шабысқанда мысалдарындағы сұңқар, тұлпар секілді құс, жануар атауларын білдіретін сөздердің номинативтік мағынасының бір семалық элементі ретіндегі – күштілігі, биіктігі, алдына жан салмас жүйріктігі ескеріледі. Онтологиялық қасиеттері бойынша сұңқар – аспанда биік ұшатын құс, тұлпар – жүйрік ат, олардың бұл қасиеттері адамның әрекеті барысында танылып, рухани категория бойынша жаңа мәнге ие болған. Сөйтіп, бұл зооатаулар жағымды эмоциялы образды сөздер ретінде қолданылған.
Белгілі бір фразеологиялық үлгіні жасауда сол жануардың бейнесі, пошымы, іс-әрекеті т.б. жайлы мәліметтер жинақталып, этнос мәдениетіне сай тұрақты тіркес туындайды. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде де «ит» сөзі қатысқан бейнелі тіркестер: Дау болса, екі ит шығар ырылдауға; Өтті ғой ит қорлықпен өмір шіркін; Жаның қалмас талай ит талағанда; Иттің кетпес ойынан жерік асы; Ит дүние, сен бір сәурік айғырдайсың. Бұлардан жағымсыз бағалағыштық коннотацияны аңғаруға болады.
Ақынның ит образына деген көзқарасының қалыптасуына мұсылман дінінің де өзіндік ықпалы болғанын да айта кеткен жөн. Пайғамбарымыздан қалған, халқымыз ұстанатын сүннет бар, ол ит пен мысыққа байланысты. Пайғамбарымыз иттердің нәжіс екенін, оның сілекейі тиген сумен дәрет алуға болмайтындығын, егер бір ыдысқа аузы тисе әлгі ыдысты әуелі топырақпен, сосын алты мәрте сумен жуу керектігін айтқан. Пайғамбарымыздың осы сүннеттеріне халқымыз мойынсұнып, үйде ит ұстағанда оны аулаға байлап, үйдің ішіне кіріп кетпеуін қадалаған. Дінді аса дәріптеген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы итке деген жағымды көзқарастың көрініс таппағаны осы себептен болуы мүмкін. Себебі ақынның діни дүниетанымы бойынша иттің арамдық символы болуына құран сүннеттері себепші болған.
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында жылан лексемасы да фразеологизмдеріне жағымсыз коннотация үстеу үшін қолданылады: Бозарған сұр жыландай, іші зәрлі; Жыландай құр сыртымен жылтырайды.
Жан-жануарлар әлеміне қатысты қолданылған атаулардың шығарма мазмұнына, сөйлем ұйқасына сай келіп, ерекше бір қиысын табу – ақынның табиғи ортаны бақылай білуінен туындаған сан алуан пайым-байқаулары, өзіндік бір сөз саптау шеберлігін, суреткерлігін танытатын дүниелер болып келеді. Мәшһүр Жүсіп туындыларында көркемдеу, белгілі бір образ жасау, өз көзқарасын білдіру мақсатымен қолданылаған зооморфизмдер бағалағыштық коннотацияны танытып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет