Кәріпжанова айнұр оралқызы фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы


Фразеологизмдердегі ұлттық-мәдени стереотип



бет9/28
Дата05.12.2022
өлшемі275 Kb.
#466512
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
ainur09

1.4 Фразеологизмдердегі ұлттық-мәдени стереотип
Әрбір ұлттың және халықтың өзіне тән болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары, ұлттық ерекшелігі – сол халықтың тарихи даму жолының көрінісі.
В.Н.Телия кез-келген тілдер жүйесіндегі фразеологизмдер мәдени белгілердің экспоненттері ретінде қабілетті екендігін, фразеологизмдердің ұлттық-мәдени дүниетанымға синхронды түрде еніп қана қоймай, оның фрагменттерін ұрпақтан ұрпаққа табыстаушы ретінде жеке тілдік тұлғаның, сондай-ақ тілдік ұжымның дүниетанымын қалыптастыруға қатысатынын айтады [2].
Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастыру барысында фразеологиялық аспектідегі «бір ұлт өкілдерінде бірыңғай ұлттық сана-сезім құрылымы» концептісін талдау мәселелері алғашқы орынға қойылады.
Фразеологизмдердегі ұлттық нышанды анықтаудың тіл білімінде бірнеше жолы бар: 1) Бір тілдің ұлттық-мәдени болмысын екінші бір тілдің ұлттық-мәдени болмысымен салыстыру арқылы анықтайтын – салыстырмалы тәсіл; 2) Бір тілдің ұлттық-мәдени нышаны сол тіл иелерінің көзқарасымен қарастырылатын, яғни өзіндік талдау, өзіндік бақылау жүзеге асырылатын – интроспективті тәсіл.
Осы тұрғыда мәдени коннотация фразеологияның ең маңызды компоненті болып табылады. Бұл – жеке бір халықтың, ұлттың нышаны. Мәдени коннотация фразеологизмдердегі ассоциативтік-бейнелік негіздердің интерпретациялануының нәтижесінде туады, ол ұлттық-мәдени стереотиптермен сәйкестендірілуі арқылы жүзеге асады.
Стереотип – дүние туралы таным-түсініктің қайталануынан тұрақталған әрекеттер мен құндылықтар шаблоны. Стереотиптер өз семантикасында ұлт мәдениеті дамуының ұзақ уақыттық үдерісін көрсетеді, ұлттық сипат, тарихи және мәдени колоритті береді. Тіл білімінде стереотипті ситуацияның ойбейнесі ретінде фреймдер қарастырылады.
Әрбір суреткер тілді қолдануда сол тілдің негізінен, дәстүрінен қол үзбейді және автор тұлғасы көркем шығарманың мазмұндық құрылымында идеялық-эстетикалық позициясын танытумен ерекшеленеді. Мәшһүр Жүсіп шығармалары образды, ұлттық ерекше белгілері сайрап тұрған фразеологизмдерге өте бай. Олар мал шаруашылығына байланысты туындаған, қазақтың салт-дәстүрінен көрініс беретін, қазақтың ас-тағам дәстүрінен көрініс беретін, қазақтың үй әбзелдері мен жиһаздары атауларының қатысуы арқылы жасалған фразеологизмдер бойынша фреймдер түрінде келеді. Мысалы: Сөз деген – жайылған мал: далаға өрсе, Кәне, қора табылып, соған кірсе; Түспесін алдауына пенде не ғып? Жүрген соң дайым аңдып қойдай бағып; Боламын кейде жүйрік, кейде жорға, Бұл дүние көп қуғанмен түспес қолға; Кеудеме Құдай кеңес берген шақта, Қағазға он саусағым атша желген; Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мігізбей бақ, Міне қалса, жортқызып, желгізбей бақ; Байлардың қолындағы жиған мүлкі: Кем-кетік, жоқ-жітіктің сыбағасы; Екеуі құда болды: «Құдай»-десіп, Биылғы жыл құйрық пен бауыр жесіп; Зеректігі – Мәшһүрдің болды соры, Таусылмайтын сабаның болып қоры және т.б.
Фразеологизмдердегі сөз-компоненттер адам санасындағы мәдениеттің тақырыптық кодтарының жүйесімен сәйкестендіріледі. Мәдениет кодтарында аталған компоненттің мәдени мағынасын іздеу жүзеге асады, олардың мәдениеттің вербалды белгілері ретіндегі тұрақтылығы мен маңыздылығы дәлелденеді. Мысалы,
Жерге қиып тастамай көрген кісі,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет