140
ХХІ ғасырдағы «ақпарат», «ақпараттық сауаттылық», «АКТ» және «негізгі құзыреттілік» терминдері ақпарат пен білімге негізделген қоғамға арналған түрлі пікірталастарда жиі пайдаланылады. Азаматтарға осы қоғамның өміріне қатысу және оған үлес қосу үшін жаңа құзыреттер қажет (білім, дағдылар мен қарым-қатынастар). Бұл терминдерді оқыту басталғанға дейін түсіну керек, және ақпарат тұжырымдамасынан бастау керек.
Төмендегі анықтамаларды талқылаңыз:
Ақпарат –
деректерді жинақтауға, өңдеуге және қолдануға болатын форматта ұсы- нылатын деректер.
Ақпарат – «бізді өзгертеді» (Stafford Beer, 1979).
Ақпарат «адамның
санасына жетіп, оның білімін арттырады» (Блокджик
және Блок- джик, 1987).
«Ақпарат – бұл алушы үшін маңызы бар нысанға айналдырылған және қазіргі немесе келешектегі іс-әрекеттер мен шешімдер үшін нақты немесе әлеуетті мәнді білдіретін деректер» (Дэвис
және Олсен, 1984).
Бұл анықтамалар арасында қандай ұқсастық бар? Сіз оларды XXI ғасырда маңызды деп санайсыз ба? Ақпараттың басқа анықтамаларын табыңыз. Осы терминнің кең анықтамаларын таба аласыз ба?