Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019


Әлеуметтік- психологиялық



Pdf көрінісі
бет34/72
Дата30.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458801
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Baimukashova2

Әлеуметтік-
психологиялық
және мәдени
Мәртебені өзгерту сияқты
өзгерістерге алып келетін
жаңалықтарға қарсы болу;
жаңа жұмыс іздеу қажеттігі;
қызметтің орнығып қалған
әдістері;
мінез-құлық
стереотиптерінің, қалыптасқан
дәстүрлердің
бұзылуы;
сәтсіздікке ұрыну жазасынан
қауіптену; сырттан келген
барлық жаңалықтарға қарсы
тұру.
Моральдық
көтермелеу;
қоғамға танымал болу; өзін-
өзі іске асыру мүмкіндіктерін
қамтамасыз
ету;
шығармашылық еңбектен
босау.
Еңбек ұжымындағы қалыпты
психологиялық климат.
Инновациялық қызмет факторлары оны ұйымдастырудың нақты
нышандарымен өзара байланысты, соңғыларына өз кезегінде басқару
жүйесінің нақты белгілері тән болуы мүмкін.
99


Инновациялық үдерістерді ұйымдастырудың нақты формаларының әр
түрлілігіне қарамастан, келесідей негізгі түрлерін атауға болады: әкімшілік-
шаруашылық, бағдарламалық-мақсаттық, кооперативтік-мақсаттық,
бастамашылық.
6.3 Кәсіпорындағы инвестициялық жобалардың тиімділігін
есептеу жолдары
Қаржылық инвестициялары, яғни кәсіпорындардың құнды
қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік
қатысулар, басқа кәсіпорындарға қарыз беру және басқа да
борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы кәсіпорындардың
аса маңызды нысаны болып табылады. Капиталды берудің нышаны
мен пайданы бөлудің әдсіне қарай бағалы қағаздар қарыздық және
қарыздық емес болып бөлінеді. Қарыздық бағалы кағаздар - заттай емес
активтерге берілген салым ретінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық
алу үшін айырбасқа қарызға берілген қаржы болып саналады. Қарыз
алуға алған борышты белгілі бір келісілген уақытта қайтаруға
міндеттенеді.Әдетте инвесторлар кәсіпорынның капиталына қатысу үшін
құнды қағаздарды -акцияларды сатып алады.
Сурет 2. Қаржы инвестицияларының жіктелуі.
Акция - акционерлік қоғамдар, өндірістік кәсіпорындар, мекемелер,
банкілер, компаниялар шығаратын, осы қоғамдарды және т.б. дамыту
мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған
пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін құнды
қағаздың түрі. Акция шығару негізінде акционерлік қоғамдар ірі
инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Акциялар эмиссиясы
100
я
И
н
в
е
с
т
и
ц
и
я
л
ы
қ
қ
а
р
ж
ы
ж
о
б
а
л
а
р
ы
н
ы
ң
ж
ік
т
е
л
у
іО
б
л
и
г
а
ц
и
я
л
а
р
Қ
а
р
ж
ы
л
ы
қ
ф
ы
ю
ч
е
р
с


акционерлік қоғамдарды құру негізінде
;
мемлекеттік кәсіпорындарды
сатып алу, компанияның жарғы капиталын көбейтуді білдіреді.
Қарыздық міндеттемелер инвесторлар мен қаржы алушының
арасындағы қатынастарды нықтайды. Ондай қарыздық міндеттемелерге
-облигациялар, мемлекеттік заемдер, банктердің депозиттік және сақтау
сертификаттары, вексельдері жатады.
Шығарылған құнды қағаздар иелерінің акцияларды және
қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын береді.
Оларға опциондар, фыючерстік келісімдер жатады.
Опцион – бұл компания мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік
шартымен сатылатын және кейіннен жазылым кұқығын беретін құнды
қағаздар.
Қаржылық фьючерс бұл белгілі бір базистік активті келешекте
тіркелген бағамен сатуға, сатып алуға жасалған келісімді білдіреді.
Құнды қағаздардың иелеріне акциялар мен облигациялардың орнына
берілетін құнды қағаздардың сертификаттары құнды қағаз болып
саналмайды. Олар құнды қағаздарды сатып алу туралы куәліктің қызметін
атқарады және бұл сертификаттарда қанша көлемде, қандай бағамең, кандай
көлемде құнды қағаз сатып алынғаны көрсетіледі.
Сертификаттың тағы бір түріне –жамбо сертификаты немесе
номиналдық құны жоғары аса ірі сертификат жатады. Мысалы:
швейцарлық жамбо сертификаты аса ірі акцияларды жинақтайды да,
шамасы номинал бойынша 100 мың швецарлық франк болып саналады.
Ақша құралдарын акцияларға, облигацияларға және басқа да
құнды қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады.
Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (Іжылдан көп), қысқа мерзімде
(Іжылдан аз) қаржылық инвестициялар көрсетіледі. Аталған
активтерге қаражат құюшылар - инвесторлар, ал құнды қағаздар
шығарушылар -эмитенттер деп аталады.
Инвесторлардың негізгі міндеттеріне кіретіндер:

жобаның қауіпсіздігі;

жобаның табыстылығы;

жобаның өсуі;

жобаның өтімділігі.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, есептеп, олардың
тиімділігін жобаға кеткен шығындар мен инвестициялық жобаның іске
асу нәтижелерін салыстыра отырып, талдау нәтижесінде анықтайды.
Жобалық талдау - бұл қаржылық инвестициялық жобаның
табыстылығын талдау үдерісі. Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға
кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстырады. Ол
үшін инвестициялық жобаның барлық кезеңдері мен аспектілеріне
терең талдау жасалынады. Негізгі талдау барысында мыналар қаралады:

Техникалық талдауды жургізу. Инвестициялық жобаға неғұрлым
сай келетін техника мен технологияны анықтау.
101



Коммерциялық талдауды жүргізу. Инвестициялық жобаны іске
асырғаннан кейін, шығарылған өнімнің өткізілу нарығын талдау,
яғни каншалықты көлемде өнім шығару қажеттілігін талдау,
жобаға керекті өнім нарықтарын талдау.

Инститционалдық талдау - бұл инвестициялық жобаны іске
асырудың негізгі ортасын бағалау. Осы ортаны мемлекеттік мекемелердің
талабына сай жүргізу;

Әлеуметтік талдауды жүзеге асыру – бұл инвестициялық жобаның
жергілікті тұрғындарға әсерін анықтау.

Қоршаған ортаны талдауды жүргізу -инвестициялық жобаның
қоршаған ортаға тигізген әсерін экспертиза негізінде анықтау және ондай
кері әсерлерді болғызбау тәсілдерін зерттеу.

Экономикалық талдауды жүзеге асыру.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалау,
заң негізінде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан
Республикасында инвестициялык жобалардың тиімділігін анықтаудың
әдіснамасы мен тәсілдері, меншіктік түріне қарамастан, инвестициялык
жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу
жайлы әдістемелік нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді. Осы
әдістемелік нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың
экономикалық тиімділігін бағалау жүргізіледі. Экономикалық тиімділік
инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты кеткен шығындар мен
соңғы нәтижелерді есептеуде қолданылады.
Коммерциялық тиімділік - қатысушылар үшін инвестициялық жобаны
іске асырудың қаржылық нәтижелерін сипаттайды. Бюджеттік тиімділік -
инвестициялық жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің
жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін белгілейді.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі белгіленген көрсеткіштер
жүйесімен жүзеге асырылады. Бұл көрсеткіштерге жатады:

Таза дисконтталған құн немесе таза диконтталған
табыс(Тдт);

Инвестициялардың рентабелыділігі, табыс индексі (Ри) ;

Табыстың ішкі нормасы (Тін);

Өтелу мерзімі ( Өм).
Осы көрсеткіштермен қатар табыстың жай нормасы, капитал
беру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсетуіштері де есептеледі.
Кәсіпорында инвестициялық жобаның тиімділігін көрсету үшін
төмендегідей істер жүргізіледі:
102


Сурет 3. Инвестициялық жоба тиімділігін есептеу жолдары.
Ең маңызды көрсеткіштерге мыналар жатады:
1) күрделі салымдардың жалпы экономикалық тиімділігінің арақатынасы
E = P / K (1)
мұнда P - жылдық пайда;
K - күрделі салымдар;
2) өтеу мерзімі
T = K / P (2)
Өтемділік мерзімі инвестициялық шығындарды толық өтеу үшін талап
етілетін жылдардың күтілетін санын білдіреді. 
3) төмендетілген шығындарды азайту негізінде салыстырмалы
экономикалық тиімділік көрсеткіші,
P3 = C + EH- * K , (3)
мұнда C - бірдей нұсқа бойынша ағымдағы шығындар (шығындар);
ЕН - күрделі салымдардың тиімділігінің нормативтік коэффициенті;
K - әр нұсқа үшін күрделі салымдар.
Табыстың таза дисконтталған құнының әдісі жобаларды жіктеуге және
инвестициялық жобаға кірістердің ағымдағы құнына дейін төмендетілген
шығындарды салыстыру негізінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік
береді.
Жобаның экономикалық мазмұнына сәйкес кірістілік,яғни
рентабельділік мөлшерлемесі инвестицияның бірлігіне активтердің өсуін
көрсетеді.Егер индекс бірден үлкен болса, онда инвестициялық жобаның
табыстың таза дисконтталған ағымдағы құны бар.
Жобаны қайтарудың ішкі нормасы (ЖҚІН) жобадан төмендетілген
кіріс сомасына инвестициялардың (құнының) құнына тең есеп айырысу
мөлшерлемесін білдіреді. КТҚ кірістің таза ағымдағы құнының нөлдік
мәнін береді. ЖҚІН -ны пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды
бағалау, жобалардың үзіліссіз қалатын дисконттау мөлшерінің
максималды мәнін анықтауға болады.
Инвестициялық жобаның кірістіліктің өзгеру коэффициенті
(ИКӨК) қайталанатын ақша ағымдары болған жағдайда жобаның ішкі
кірістілік мөлшерлемесінің айтарлықтай жетіспеушілігін жоюға мүмкіндік
береді. Осындай қайталанатын ағымдардың мысалы бірнеше жылдар бойы
103
И
н
в
е
с
т
и
ц
и
я
л
ы
қ
ж
о
б
а
т
и
і
м
д
і
л
і
г
і
н
а
н
ы
қ
т
а
у
І
ш
к
і
т
а
б
ы
с
т
ы
л
ы
қ
к
ө
л
е
м
і
к
ө
р
с
е
т
к
і
ш
і
а
н
ы
қ
т
а
л
а
д
ы


бөліп-бөліп сатып алу немесе құрылысты сатып алу арқылы
жылжымайтын мүлікке инвестициялар салуды айтуға болады.
Инвестицияның өзіндік мәні болашақта және үлкен көлемде алу үшін
ағымдағы кіріс алудан бас тарту болып табылады. Мұндай шешім тек
негізгі болжамдарды растауға болатын сенімді ақпаратқа негізделуі тиіс:
инвестицияларды толық көлемде өтеу керек, ал инвестициялық жобаның
нәтижесі ретінде алынатын пайда өте тиімді болуы тиіс, бұл жағдайда
инвестор тәуекелдерді өтеу ұшін жұмыстанады.
Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін анықтау кезінде
инвестордың -инвестициялық және операциялык іс -әрекеттен болған, ақша
қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма
анықталады. Нақты ақшалардың сальдосы –инвестициялық жобаны іске
асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық,
қаржылық) іс -әрекеттен болған ақша қаражаттарының салынуы мен
шығуының арасындағы айырма анықталады.
Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін анықтау кезінде
инвестордың -инвестициялық және операциялык іс -әрекеттен болған, ақша
қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма
анықталады. Нақты ақшалардың сальдосы –инвестициялық жобаны іске
асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық,
қаржылық) іс -әрекеттен болған ақша қаражаттарының салынуы мен
шығуының арасындағы айырма анықталады.
Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау
үшін, қарызды толық өтеу мерзімі және инвестициялық жобалардың жалпы
деңгейіндегі инвестициялык жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.
Қарызды толық өтеу мерзімі, инвестициялық жобаны іске
асыруда несие мен қарызға алған қаражаттар болған жағдайда ғана
есептелінеді.
Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін кәсіпорын бойынша
есептегенде инвестициялық инвестициялық жобаның нәтижелеріне
мыналар кіреді:
♦ Соңғы өндірістік нәтижелер, жобалау барысында
қатысушылар берген мүліктер мен интеллектуалдық меншікті
сатудан түскен түсімдер;
♦ Күтілетін әлеуметтік және экологиялық нәтижелер;
♦ Күтілетін тікелей қаржылық нәтижелер;
♦ шетелдердің, банкілер мен кәсіпорындардың борыштары
мен
несиелері.
Кұндық өлшем бірлігіне кірмейтін әлеуметтік, экономикалық
саяси және басқа да нәтижелер кәсіпорын тиімділігінің қосымша
көрсеткіштері ретінде саналады және инвестициялық жобаны
қабылдау жайлы шешім қабылдағанда есептеледі. Қазіргі уақытта
тікелей инвестициялық жобалардың басылымдылық маңызы кеңейіп
келеді.Инвестициялық жобалардың бірқатар бөлігі жаңа технологияны
104


сатып алуға және өндіріске енгізуге жұмсалуы қажет. Бұл жерде екі
түрлі қиындықтарды айта кету керек: біріншіден, шетел технологиясын
жаппай сатып алу өз елімізде техникалық қарқынның төмендеуіне әкеліп
соқтырады.
Экономиканың қай саласында болсын кәсіпорын қызметі
қаржысыз дамымайды. Оны іздеу, толықтыру мүмкіндіктері түрліше
қиындықтар кездестіруде. Кәсіпорын экономикасын дамытуда ішкі
қаржының маңызды екені белгілі, бірақ, ол жеткіліксіз болып отыр.
Осыған байланысты шетел қаржыларын тарту басты мақсатқа
айаналуда. Кәзіргі уақыттарда шетелдік инвестицияларды тиімді
пайдалану жолдары тұрақты іске айнала бастады.Қазақстандағы
инвестиция туралы саясат шетел капиталын көбірек тартуға бағытталған.
Инвестициялық саясатты дұрыс жүзеге асыру, кәсіпорындардың
дамуына жағдай жасау, республикамыздың тұрғындарын жұмысқа
орналастырумен, олардың қал-ахуалының жақсаруымен тікелей
байланысты. Қазақстандық өнімді шығаруға, өндірісті дамытуға
керекті инвестиция табу - әр бір кәсіпорын дәрежесін көтереді, өңірлерде
жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет