МБ-2.3. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
1. Кәсіпорынның экономикалық ресурстарының мәні
2. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстардың мәні
1. Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары
немесе өздерін факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар – тауарларды өндіру және
қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін
ресурстары. Ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Ол
материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар – бұл жер немесе
шикізат материалдары және капитал. Еңбек ресурстары - еңбек және кәсіпкерлік қызмет.
Жер ұғымына – барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су
ресурстары жатады.
Капитал немесе инвестициялық ресурстар ұғымына – тауар өндіру және қызмет көрсету, оларды
тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға арналған барлық өндірістік құралдар жатады.
Еңбек ұғымы – тауар өндіруге және қызмет көрсетудегі адамның дене және ой қабілеттілігін
көрсетеді.
Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие, олар сирек
немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда
барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді.
Егістік жерлердің, пайдалы қазбалардың, өндіріс құралдарының, жұмыс қолдарының белгілі бір
шегі болады.
Ресурстардың сирек кездесетін салаларынан өндірістің өнімдерді мардымсыз болып, осыдан қоғам
тауарлармен қызмет көрсетудің өлшенген (шегі қойған) барлық мөлшерін ала алмайды. Кез келген
кәсіпорынның өндірістік – экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай
нысаны түрінде қалыптастырудан басталады.
Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
Материалдық заттай нысаны
Ақшалай нысаны
1. Жұмыс күші
Ауыспалы капитал
2. Еңбек құралдары (машиналар, құрал жабдықтар)
Негізгі капитал
3. Еңбек заттары (шикізат материал)
Айналым капиталы
4. Дайын өнім
Айналыс аясындағы айналым
капиталы
5. Өндірістің табиғи жағдайы (жер, табиғи байлықтар) Негізгі капитал
Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары да болады. Сұраныс
пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесін баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің
жалпы барлық түрлері олардың әрбір айырмашылықтарын толық қамтиды. Ал ресурстар
сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы қарама-қарсы байланысты көрсетеді. Егер де
баға көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарды аз сатып алады немесе оларды арзандау басқаларымен
алмастырады. Ресурстарға сұраныстың ерекшелігін қысқаша тоқталайық:
1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы болып табылады. Демек біріншінің (өнім) өзгеруі
ең алдымен екіншінің (сұраныс) өзгеруіне байланысты.
2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне тәуелді. Оның дамуы экономикалық ресурстарға деген
сұраныстың серпініне байланысты, яғни қолда бар ресурстар мен қосымша ресурстар
бағаларының өзгеруі.
3. Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді. Егерде өнімге сұраныс көбейсе, дайын өнімді
шығаруда еңбек өнімділігі артса, қолда бар ресурстардың бағасы төмендесе немесе жоғарыласа,
қосымша ресурстардың бағасы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |