Кәсіпорын экономикасы пәнінен ДӘріс материалдары


 Кшк- жұмысшылардың жұмыстан шығып кету коэфиценті



Pdf көрінісі
бет12/25
Дата17.09.2023
өлшемі0.54 Mb.
#477750
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
дәріс материалдары КЭ

1. Кшк- жұмысшылардың жұмыстан шығып кету коэфиценті. 1. Кшк

(Жжш/Ж)*100% 
 Жжш- жұмыстан шығып кеткен адам саны. Ж- кәсіпорын жұмысшысының орташа саны. 
2. Кжқ- жұмысшыларды жұмысқа қабылдау коэфиценті. 2. Кжқ

(Жжқ/Ж )*100% Жжқ
белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа қабылданған жұмысшылар саны.
Кез келген еңбек ұжымында жұмысшылардың жалпы санына және кәсіпкерлік біліктілігіне сай 
әрқашанда өзгерістер болады: біреулері жұмыстан шығып жатса, біреулері жұмысқа кіріп 
жатады. Мұндай өзгерісті кадрлар ағымдылығы деп атайды. 
2. Кәсіпорында еңбек процесін дұрыс ұйымдастыру үшін және қандайда бір жұмысты орындау 
үшін, қанша еңбек көлемі керек екендігін білу үшін еңбек нормасын анықтап алу керек. Еңбекті 
нормалау белгілі бір кәсіпорында, өндіріс саласында белгілі бір жұмысты немесе операцияны 
орындауға кеткен ең жоғарғы уақыт мөлшерін анықтау. Еңбекті нормалаудың екі әдісі бар: 
1.Тәжірибелік статистикалық. 2. Талдау. 
Тәжірибелік статистикалық әдіс бойынша кәсіпорын іс жағдайы өткен уақыт жағдайымен
салыстырылады. Ал талдау әдісі көбірек қолданылады және оған мынадай операциялар жатады: 
Еңбек процесін зерттеп оларды элементтерге бөлу; Еңбек шығындарына әсер ететін факторларды 
анықтау; Жұмыс орнын жақсартатын шаралар жүргізу; Жұмысты орындауға кеткен уақытты 
есептеу; Нормаларды өндіріске енгізу. 
Талдау әдісі хронометраждан және жұмыс күнін суретке түсіруден тұрады. Хронометраж бұл 
өндіріс процесіндегі операциялардың ұзақтығын айқындау және бақылау, өлшеу арқылы уақыт 
шығындарын есептеу әдісі. Жұмыс күнін суретке түсіру белгілі бір уақыт аралығында жұмыс 
уақытын бақылап, ұзақтығын өлшеу арқылы еңбек уақытын анықтау, яғни жұмыс орнын 
дайындау уақыты, жұмысты бастау, аяқтау уақыты, үзіліс уақытын өлшеу. Уақыт нормасы 
белгілі бір ұйымдық техникалық жағдайда шығарылатын өнімнің бір өлшемін дайындауға 
жұмсалатын уақыт шығыны. Кәсіпорында еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек 
өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады. Еңбек өнімділігі деп өндіріс процесіндегі еңбектің 
тиімділігін айтамыз. Ол өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалатын уақыт мөлшері мен немесе 
уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет