Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының өндірген өнімі болып табылады,
сондықтан еңбекақы өндірілген өнімнің санына және сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек
жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді.
ЕАк = Бк*Ө
Бк - өнім бірлігінің кесімді бағалануы; Ө - өндірілген өнім мөлшері.
Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нышанын таңдау бірнеше факторларға тәуелді:
Қолданылатын жабдықтың сипатына
Технологиялық процестің ерекшелігіне
Еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға
Материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға
өнім сапасына қойылатын талаптарға ба
йланысты.
Тарифтік еңбекақы мөлшері - жұмысшының бір сағат, бір күн немесес бір ай ішінде
алатын жалақының көлемін белгілеу.
Жұмысшылардың әртүрлі квалификациясына қарай еңбекақы төлеудің біркелкі тарифтік
торы қолданылады.
1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы
қызметкерлердің барлық дәрежесіне қолданыла бастады. Мұнда, тиісінше коэффициент және
белгілі разряд саны көрсетілген. Тарифтік коэффициентінің ең төменгі разряды бірге тең.
Тарифтік коэффициентінің келесі разряды тариф ставкасының тиісінше әрі қарай бірінші
разрядтан жоғарылап өсуін көрсетеді.
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряды бар. бұл жүйе шаруашылықты жүргізу
нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға
арналған.
1 - 8 разрядтар бойынша - жұмысшыларға төлемдер.
6 -15 р/б - линиялық қызметкерлердің төлемдері,
4 -11 р/б - орта білімді мамандардың төлемдері,
7 - 15 р/б - жоғары білімді мамандардың төлемдері,
10 - 20 р/б - кәсіпорын басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтер
басшыларының төлемдері,
9 - 21 р/б - ғылыми қызметкерлердің төлемдері.
Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбекақы төлеудің негізгі
артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер мен кәсіпорын
қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде
тарифсіз жүйе жатады.
Тарифсіз жүйедегі еңбекақы төлеудің түрінде қызметкерлердің табыстары ұжым
жұмысының соңғы нәтижелеріне тікелей тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық
ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Осындай жүйеде тарифтік еңбекақы
мөлшері немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлес еңбекақыға
қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |