КӘсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің АҚпараттық ЖҮйесін тұРҒызу алматы 2006 мазмұНЫ



бет4/10
Дата03.07.2016
өлшемі0.78 Mb.
#175162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қаржылық есеп беру – бұлкәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастанБухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп берунысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процессінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелерікөрсетіледі.


Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылықұ жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететінкөрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашырытылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорының меншікті қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қаржылық есеп берулердің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілетіндігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес-кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды /16,62-63-бет/.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде өте маңызды болмақ.

Кәсіпорынның қаржылық есепберушілігінің мақсаттары:


  1. қаржылық жағдай туралы потенциалды несиие берушілер мен инвестрларға сенімді және шынайы ақпаратты ұсыну;

  2. бар инвесторларға ақша ағымдарының қозғалысы, экономикалық ресурстар, капитал және жалпы табыс жөнінде ақпарат ұсыну.

Қаржылық есепберушілік бухгалтерлік мәліметтердің жинау, өңдеу және соңғы жалпылау нәтижесі болып табылады. Қаржылық есепберушіліктің Қазақстандағы негізгі формалары болып табылады:

  1. Баланс (форма 1);

  2. Табыс пен шығын туралы есеп беру (форма 2);

  3. Ақша қозғалысы туралы есеп беру (форма 3).







2.3. Баланс

Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда,басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алу үшін кеңінен қолданылады.

Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 3.09.1994ж №10-4/1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пассиві көрініс табады.

Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілмегендігімен түсіндіріледі.

Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді. Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кездебұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады /16,16-бет/.

Кәсіпорынды құрған кезде иеленушілер әдетте инвестиция ретінде ақша құралдарын, өндіріс құралдарын, товарлы-материалды құндылықтарды т.б. салады. Кәсіпорын қызметі басында активтер құндылығы иеленушілердің осы салымдарына тең болады.

Активтерді сондай-ақ несие берушілерден алуға болады. Мысалы кәсіпорын бір нәрсе сатып алу үшін несиеге ақша алуы мүмкін. Сонымен бұл жерде несие берушілер кәсіпорын активын арттырып отыр. Несие берушілер құралдары міндеттемелер деп аталады.

Бухгалтерлік есептің негізгі принципі: Өзіндік капитал мен міндеттемелердің қосындысы активтерге тең және оны мына түрде көрсетуге болады:

АКТИВТЕР = МІНДЕТТЕМЕЛЕР+ӨЗІНДІК КАПИТАЛ (1)

Баланстың жалпы түрін 1-кесте түрінде көрсетуге болады:

1 Кесте “Баланс“/34/



АКТИВТЕР


ПАССИВТЕР



I. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ АКТИВТЕР




III. МЕНШІК КАПИТАЛ




Материалдық емес активтер

010

Жарғылық капитал

150

Материалдық емес активтердің амортизациясы

020

Төленбеген капитал

160

Материалдық емес активтердің баланстық құны

030

Қайтарылып алынған капитал

170

Негізгі құралдар

040

Қосымша төленген капитал

180

Негізгі құралдардың тозуы

050

Қосымша төленбеген капитал

190

Негізгі құралдардың баланстық құны

060

Резервтік капитал

200

Инвестициялар

070

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

210

Дебиторлық борыштар

080

Жалпы меншік капитал

220

1 Кестенің жалғасы

Жалпы ұзақмерзімді активтер

090

IV. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ КАПИТАЛ

220

II. АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР




Несиелер

230

Жалпы тауарлы-материалдық құндылықтар

100

Кейінге қалдырылған корпоративті табыс салығы

240

Қысқамерзімдік дебиторлық борыш

110

Жалпы ұзақ мерзімді міндеттемелер

250

Қысқамензімді қаржы инвестициялар




V. АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

260

Ақша




Қысқамерзімді несиелер мен овердрафт

270

Жалпы ағымдағы активтер




Ұзақмерзімді активтердің ағымдағы бөлігі

280







Қысқамерзімді кредиторлық борыш

290







Бюджетпен есеп айырысу

300







Еншілес (тәуелді ) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы

310







Басқадай алашақ борыштар

320







Жалпы ағымдағы міндеттемелер

330


БАЛАНС




БАЛАНС




Енді осы баланстың негізгі баптарының есептелу формулаларын қарастырып өтейік:

Матералдық емес активтер ( 010-ші бап) деп – белгілі бір нақты табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, бағаға бағаланатын болғандықтан субектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Және ол былай есептелінеді:





(010-ші бап) = Лицензиялық келісімдер+Программалық жабдықтау+Патенттер+ұйымдастыру шығындары+басқадай материалдық емес активтер

(2)


(030-ші бап) – Материалдық емес активтардің баланстық құны – осы материалдық емес активтердің тозуын алып тастағаннан кейінгі қалдық құнын айтамыз және ол былай есептелінеді:

(030-ші бап) = (010-ші бап) - (020 –ші бап) (3)

Негізгі құралдар (040 – ші бап) = деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке бірітіндеп бөліп-бөліп есептелген аммортизациялық аударым мөлшеріне ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтамыз және ол былай есептелінеді (040).

(050) Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы басқалары) өндіріс прцессінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге бірітіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайларып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнның кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады. Бухгалтерлік есептің 6-ші стандартында негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу үшін мынадай әдістер бегітілген /17,127-бет/.


    1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі

ААі =БҚ/n (4)

Мұндағы: ААі – і–ші жылдың амортизациялық аударымы;

N – негізгі құралды пайдалану мерзімі;

БҚ – негізгі құралдың бастапқы құны.


    1. Құнды орындалған жұмыстың (өндірілген өнімнің) көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)

ААі = (ӨСі/ӨТС)*БҚ (5)

Мұнда:

ААі – і-ші жылдағы амортизациялық аударылым мөлшері;



ӨСі – і-ші жылда өндірілген өнім саны;

ӨТС – осы негізгі құралдың өндіруге тиісті өнім саны ;

БҚ – негізгі құралдың бастапқы құны.


    1. Жылдамдатып есептен шығару әдістері:

а) қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту) әдісі

ААі < ААі+1 (6)

Мұндағы:

ААі - і-ші жылдағы амортизациялық аударылым;

ААі+1 - і+1 ші жылдағы амортизациялық аударылым.

ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік ) әдіс

ААі = (ҚЖС/ПЖС)*БҚ (7)

Мұндағы:


ААі – і-ші жылдағы амортизациядақ аударылым мөлшері;

ҚЖС – қалған жылдар саны;

ПЖС – пайдаланылатын жылдар саны;

БҚ – негізгі құралдың бастапқы құны.

Сөйтіп (050- бап) негізгі құралдардың тозуы деген бабы үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, аяқталмаған өндіріс, тағы басқалары негізінде жиналған амортизациялық аударылымдарынан құралады.

Ал (060-бап) негізгі құралдардың баланстық немесе қалдық құнын көрсетеді және оны былай көрсетуге болады.

(060-бап) = (040-бап) - (050-бап) (8)

Келесі бап (070-бап) инвестициялар - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығы /18,61-бет/.

Ол былай есептелінеді:



(070-бап) = Дс (Еншілес серіктестіктерге инвестициялар + Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар + Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар + Қозғалмайтын мүлікке инвестициялар + Алдағы кезең шығындары + Басқадай берешек қарыздар шоттарындағы дебиттік сальдо қосындысы).

(9)


Дебторлық борыш (080–бап) – деп белгілі бін қарым қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтамыз. Ол былай есептеледі:

Сонымен жалпы ұзақмерзімді активтер (090-бап) былай есептеледі:

(090-бап) = (030-бап)+(060-бап)+(070-бап)+(080-бап) (10)

Енді II. АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР бөлімін қарастырып өтейік

Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету жағдайлардың бірі – еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қатысып өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемі пайдаланылуына көмегін тигізеді./19,87-бет/

Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің 7-ші стандартына бойынша материалдық құндылықтар төменде көрсетілген әдістер негізінде бағаланады.

1.Арлайы есептеу әдісі

2.Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

3.ФИФО


4.ЛИФО

Арнайы есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын нақтылы бір материалдық құндылықтардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдармен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ, бұл арнайы есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе субъектінің өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша субъектіге кіріске алынған әрбір материалдық құндылықтардың бағасы олардың, яғни материалдық құндылықтардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық құндылықтар тобының орташа өзіндік құны субъектідегіматериалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

ФИФО әдісі – есептен шығарылған материалдық құндылықтарды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады.

ЛИФО әдісі – шаруашылық субъектісіне ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар шаруашылық субъектісіне ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланалы.

Өндіріске босатылған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша 1-кесте түрінде есептеледі.



2-кесте ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша есептеулер/16,141-бет/




саны

бағасы

сомасы

А материалдың қалдығы

100

150

1500

Бір айда кіріске алынған

1-топтамада

50

160

8000

2-топтамада

30

180

5400

3-топтамада

20

200

4000

4-топтамада

90

130

11700

5-топтамада

40

150

6000

Кіріске алынған А материалының жиыны




230




35100

Бастапқы қалдық пен қоса есептелгендегі қалдығы




330




50100

Ай бойы А материалының шығыс етілгені

ФИФО - әдісімен

220




35000

ЛИФО - әдісімен

220




33500

Ай соңында А материалының қалдығы

ФИФО - әдісімен

110




15100

ЛИФО - әдісімен

110




16600

ФИФО әдісі бойынша:

Айдың басындағы қалдық 100 дана, сомасы 1500 теңге бірінші топтамада кіріске алынғаны 50 дана, сомасы 8000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 30 дана, сомасы 5400 теңге, үшінші топтамада кіріске алынғаны 20 дана, сомасы 4000 теңге және төртінші топтамада кіріске алынғаны 20 дана, сомасы 2600 теңге. Барлығы 220 (100+50+30+20+20) дана сомасы 35000 (1500+8000+5400+4000+2600) теңгенің материалдары шығыс етіледі.

ЛИФО әдісі бойынша:

Соңғы, яғни бесінші топтамада кіріске алынғаны 40 дана, сомасы 6000 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 90 дана, сомасы 11700 теңге, үшінші топтамада кіріске алынғаны 20 дана, сомасы 4000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 30 дана, сомасы 5400 теңге, және бірінші топтамада кіріске алынғаны 40 дана, сомасы 6400 теңге. Барлығы 220 (40+90+20+30+40) дана, сомасы 33500 (6000+11700+4000+5400+6400) теңгенің материалдары шығыс етіледі.
Жалпы тауарлы-материалдық құндылықтар (100)

Қысқамерзімдік дебиторлық борыш (110-бап) – есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар болып табылады және олар ағымдағы активтерге жатқызылады. Қысқамензімді қаржы инвестициялар (120-бап), Ақша (130-бап).




Жалпы ағымдағы активтер (140-бап) =(100-бап)+(110-бап)+(120-бап)+(130-бап)


(11)


Ал жалпы баланс =(090-бап)+(140-бап)


(12)

Жалпы меншік капитал (220-бап) = Жарғылық капитал+ Төленбеген капитал+ Қайтарылып алынған капитал+ Қосымша төленген капитал+ Қосымша төленбеген капитал+ Резервтік капитал+ Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

(13)


Ұзақ мерзімді міндеттемелер(250-бап) = Несиелер+ Кейінге қалдырылған корпоративті табыс салығы

(14)

Ағымдағы міндеттемелер(330-бап) = Қысқамерзімді несиелер мен овердрафт+ Ұзақмерзімді активтердің ағымдағы бөлігі+ Қысқамерзімді кредиторлық борыш+ Бюджетпен есеп айырысу+Еншілес (тәуелді ) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың алашағы+ Басқадай алашақ борыштар


(15)


Ал пассив бөлігінің жалпы балансы = (220-бап)+(250-бап)+(330-бап)

(16)

2.4 Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру

Енді потенциалды инвестор үшін үлкен маңызға ие документ – пайда мен шығын туралы есеп беру. Ол кәсіпорынның жыл ішінде кәсіпорынның қандай пайда мен шығындарын көргенін көрсетеді. Пайда мен шығын туралы есеп беру кәсіпорынның барометрі деп айтса болады, ол болашақта кәсіпорынмен не болу мүмкін екенін көрсетеді. Бір жылыдың көрсеткіштері кәсіпорынны қызметінің нақты жағдайын көрсете алмайды. Ол үшін бірнеше жылдың көрсеткіштерін қарастыру керек. Әдетте пайда мен шығын туралы есеп беруде екі жылдың көрсеткіштері беріледі, ал он жылда жиынтық қаржылық есеп беру дайындалады./20,58-бет/

Пайда мен шығын туралы есеп беру кәсіпорын қызметінің нәтижесі бойынша қаржылық резюмесін қарастырады. Тек нақты жылды қарастыратын балансқа қарағанда пайда мен шығын туралы есеп беру кәсіпорын қызметінің белгілі бір уақыт аралығындағы нәтижесін көрсетеді. Пайда мен шығын туралы есеп беру компания активтерін қаншалықты тиімді орналастырғанын көрсетеді, басқа сөзбен айтқанда пайда мен шығын мөлшері басқарушылардың тиімділігі. Пайда мен шығын туралы есеп беру белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынның табыстарын (тауарларды сату бойынша және басқа да табыстар), осы уақыт аралығында болған шығыстар мен шығындарын және де кәсіпорынның пайдасын (табыстан шығын мен салықтарды алып тастаумен табылады) көрсететін жай ғана құжат болып табылады.

Пайда мен шығын туралы есеп беру мен баланстық есеп беруді салыстырсақ мынадай айырмашылықтарды атап өтуге болады:



Баланстық есеп беру

Пайда мен шығын туралы есеп беру

Кәсіпорынның ресурстардың шығу көздері мен олардың ораласуын көрсетеді

Кәсіпорынның табыстылығын көрсетеді

Белгілі бір уақытқа жасалады

Белгілі уақыт аралығындағы қызмет нәтижелерін бағалайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет