Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет32/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
treatise63052

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ӨНДІРІСТІҢ ЭЛЕМЕНТЕРІ МЕН РЕСУРСТАРЫ,
ОЛАРДЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ҚҰРЫЛУЫ 
 
1. Айналым қаражатының құрылуы 
 
 
Айналым қаражатының сыныптамасы 
 
Айналым қаражаты дегеніміз өнімді, жұмыстар мен қызметтерді дайындау мен 
өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге қажетті ақшалай қаражатының жиынтығы. 
Негізгі құрал-жабдыққа қарағанда, айналым қаражаты өнімнің өзіндік құнына өзінің 
құнын толығымен аударады.
Айналым қаражатының үлкен бөлігін өндірістік айналым қорлары (ӨАҚ) 
құрайды, олар өндірістік запастардың, аяқталмаған өндірістің және болашақ кезеңдерге 
жатқызылатын шығыстардың құндық бағасын қамтиды да, дайын өнімнің қалдықтарымен 
бірге нормаланатын айналым қаражатын құрайды. Айналым қаражатының аз бөлігін 
(30%) айналыс қорлары (АҚ) құрайды, олар қоймалардағы дайын өнімнің 
қалдықтарының және жөнелткен, бірақ төленбеген өнімнің құндық бағасын қамтиды. АҚ-
ның елеулі бөлігін банктердегі, кәсіпорынның кассасындағы және аяқталмаған есеп 
айырысудағы ақшалай қаражат құрайды, олар дебиторлық берешекті білдіреді. Бұл 
қаражат, кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнімнің қалдықтарын есептемегенде, 
нормаланбайтын айналым қаражатына жатады. 
Мұндай сыныптама практикада айналым қаражатының ауыспалы айналымын және 
оларды қаржыландыру көздерін анықтауға мүмкіндік береді. Айналым қаражатының 
әрбір теңгесі кәсіпорынның логистикалық жүйесінде толық ауыспалы айналымынан өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет