«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар


КІРІСПЕ................................................................................................(бет саны)



бет11/15
Дата06.04.2024
өлшемі252.5 Kb.
#497818
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Әдістемелік ұсыныстар курстық жұмыс

КІРІСПЕ................................................................................................(бет саны)




1. ОҚУШЫНЫҢ КӘСІБИ БІЛІМІ МЕН БІЛІГІН ШЫНАЙЫ ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙДА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗДЕРІ............................... (бет саны)

1.1 Оқытуды ұйымдастыру формасы туралы түсінік, оның жалпы сипаттамасы, негізгі түрі мен жіктелуі................................ (бет саны)


1.2 Электрматериалтану пәні бойынша тиімді оқытуды ұйымдастырудың формалары: дәстүрлі және инновациялық......
.............................................................................................................(бет саны)


2. ЭЛЕКТРМАТЕРИАЛТАНУ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ФОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ҰТЫМДЫЛЫҒЫН ТӘЖІРИБЕДЕ БАҚЫЛАУ.....................................................................................(бет саны)

2.1 Электрматериалтану сабағында оқытудың формаларын қолдана оқыту мазмұнын жасау...............................................................(бет саны)


2.2 Жетілдірілген дәстүрлі және инновациялық оқыту формаларының ұтымдылығын бақылауға педагогикалық тәжірибе жүргізу (бет саны)


ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………….....(бет саны)
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………….....……...(бет саны)
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................(бет саны)

Жұмыстың әр бөлімі жаңа беттен басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.


Жұмыстың барлық беттері мен қосымшасы, басқа құрамды бөліктері нөмірленуі қажет.
Курстық жұмыстағы бейне және графикалық сызба кескіндері бірінші және келесі беттерде екендігі ескерілетін мәтіннен кейін орналасуы керек. Ол кескіндерді түрлі-түсті тәсілмен де орындауға болады. Барлық кескіндерге сілтемелер койылады. Ол кескіндер міндетті түрде конструкциялық құжаттардың бірыңғай жүйесі мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.
Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс. Мысалы, сурет біреу болса, онда «Сурет», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасында жазылады. Иллюстрацияларды бөлімдердің ішінде нөмірлеуге де болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялардың нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрациялық реттік нөмірінен тұрады. Мысалы, Сурет 1.1.
Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары және түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін (сурет астындағы мәтін). Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Тәжірибе тобының диаграммасы.
Иллюстрацияға сілтеме жазау барысында басынан аяғына дейін нөмірлеген жағдайда «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.
Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл және қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «Кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.
Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастырады.
Барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылады.
Көп мөлшердегі кестені келесі бетке көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі бетке көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағында, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі. Мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі бетке көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырылады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.
Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.
Егер кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай – тырнақшамен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.
Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс. Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.
Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.
Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.
«Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.
Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, жұмысқа ескерту енгізіледі.
Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
Формулалар мен теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.
Символдар мен сандық коэффициенттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.
Курстық жұмыстағы формулаларда реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшағаалынып жасалады. Мысалы – (1) формулада. Бөлімше ішіндегі формуларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).
Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.
Дерек көздері туралы мәлімет курстық жұмыстың мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
Қосымшалар әдебиеттер тізімінен кейін келесі бетте рәсімделеді.
Курстық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады. Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауыбеттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс. Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриялы түрде бас әріппен жазылады.
Егер курстық жұмыс бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі. Қосымшалардың қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.
Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу
Курстық жұмыс түпкілікті нұсқасында компьютерде немесе жазу машинасында басылған болуы тиіс. Иллюстрацияларымен курстық жұмыстың көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 25 бетінен төмен болмауы тиіс.
Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы азат жолдан шегініс 1см құрауы тиіс.
Студент курстық жұмыстың бірінші (титулдық) бетін келтірілген үлгі бойынша рәсімдейді (Қосымша 1). Курстық жұмыс соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі. Тексерілген жұмыс қорғауға жіберіледі.
Курстық жұмысты рецензиялау және кафедраға тапсыру
Студентпен орындалған курстық жұмыс ғылыми жетекшіге тапсырылады. Ғылыми жетекші пікір жазу үшін, оны егжей-тегжейлі талдай оқып, мазмұны жағынан мәнді қателіктер болмаса, рәсімделіну талаптары орынды сақталса, пікір жазып береді.
Онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, курстық жүмыс тақырыбының маманды даярлау бейініне, қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы, мәселені шешу және зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетілуі тиіс.
Егер курстық жұмыстың жетекшісі жұмысқа қатысты қандай да бір ескертулер білдірсе, студент қорғауға шықпас бұрын кемшіліктер мен ескертулерді жоюы тиіс.
Кейін курстық жұмыс кафедраға тіркеледі және кафедра меңгерушісі қорғауға рұқсат етуді растайтын қолын, оның мұқаба бетіне қояды. Жұмыс қорғауға бір апта бұрын кафедраға тапсырылуы тиіс. Осы мерзім ішінде кафедра меңгерушісі білікті оқытушылар арасынан курстық жұмысты қорғаудың үш комиссия мүшелерін белгілеп ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет