Кәсіптік оқытудың әдістемесі



бет25/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

Кесте 2 Сәнді көйлекті дайындауға арналған маталар мінездемесі
бұйым





Матаның түрі

Талшықтық құрамы

Ені, см

Өңделуі

Тоқылуы

1

2

3

4

5

6

1

Атлас

Он бетінде арқау жіптері, ал атласта негіз жіптері басым. Атластық айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болады.

150

Көйлекте, жейдеде





Диагональ бойымен тоқылады, қарапайым айқаспа

2.4.2. Желімдік материалдар

Киім бөлшектерін желіммен жалғау тәсілі тігін өнеркәсібінде кең өріс алуда. Желімдер сұйық және қойыртпақ күйінде, желімдік ұнтақ түрінде, төсемдік матаның бір жағына жағулы күйінде және көлемдік жіп түрінде пайдаланылады. Желімдік материалдарды пайдалану көп экономикалық тиімділік береді. Бөлшектерді жалғастырудың желімдік әдісі тігін бұйымдарының сапасын арттырады, өндірісті механикаландыруға мүмкіндік береді, бұйымды өңдеу уақытысын қысқартады, бір бұйыға алғанда еңбек өнімділігін 3-11% - ке арттырады. Барлық шығарылатын киімдердің бөлшектерін жалғаудың 12-15 тен 40%-ке дейін желімдік әдіспен жүргізсек еңбек өнімділігі көп арттады.


Киімнің қандай мақсатқа жұмсалатынына қарамастан желімдік материалдарға қойылатын талап мынандай: желімнің желімденетін бетінен жақсы байланысып берік тұрып қалуы: желім құрамында адам организміне зиянды заттардың болмауы: желім қабатының мықтылығы мен иілгіштігінің жеткілікті болуы: тез арада ескірмеуі (желімнің ескіруі - оның құрылымының өзгеруі, жарықтың, күннің, ылғалдың, жуудың, химиялық тазартудың және т.б. әсерінен уақыт өткен сайын физико-механикалық және химиялық қасиеттерінің нашарлауы): желімдеу әдісінің қарапайымдылығы мен қауіпсіздігі. Желімдік жолағы бар маталардың орнына желімдік ұнтағы бар төсемдік материалдарды пайдалану үлкен экономикалық тиімділік береді.
Жоғарғы қысымдық полиэтилен (ЖҚПЭ) суда қайнатып, сабын-сода ерітіндісінде ұстағанға төзімді, мықты желімдік тігіс береді (15 рет жуғаннан кейін немесе І сағат қайнатқанда тігістің мықтылығы өзгермейді). Алынған тігістер хлорлық ертінділерге жарық – ауа райына төзімді, бірақ химиялық тазартуда пайдаланатын бензин мен уайт- спирттің әсеріне шыдамды емес. ЖҚПЭ қалыңдығы 0,12-0,2мм үлпек түрінде шығарылады, немесе төсемдік материалдарға ұнтақ немесе түгел үлпек етіп жапсырады. Жоғарғы қысымдық полиэтиленді көйлек, блуза, жейде сияқты жуылатынын киімдердің желімдік жалғаспаларына пайдалануға болады. Полиэтилендік үлпектер әйел көйлектерінің етегін бекітуге, жейденің жағасына төсемдікке, манжетаға, белдікке және басқа бөлшектерге пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет