Кесте 3-Желімделетін астарлық материалдар мінездемесі
Матаның түрі
|
Артикул
|
Же-
лім
түрі
|
Желімді жағу, г/м2
|
Беттік тығыздық,
г/м2
|
Арналуы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Қатырма
|
300
|
жиектік мата
|
Желімнің 120 000
|
126
|
Мойын оймасында, қолтық оймасында
|
2.4.3. Тігін жіптерінің сипаттамасы
Таслан типтес текстурланған тігін жіптері - аумақты жіптер. Аумақты жіптерді алу үшін қарапайым талшықтарды ширатқан кезде қысылған ауа ағынымен үрлейді. Соның салдарынан кейбір талшықтар ілмек құрады, ал кейбіреулері сол қалпында қалады. Нәтижесінде құрылымы аумақты жіп аламыз, бетінде мөлшері әрқарай ілмектенген талшықтары болады. Таслан типтес жіптер аз және қатты созылатын болып шығарылады. Аумақты жіптер иілгіш, серпімді және мықты. Тігін машинасында пайдаланған кезде таслан типтес жіптер ауа қабатын құратын ілмекті құрылымының арқасында инені біршама салқындатады, балқу мүмкіндігін азайтады. Соған қарамастан сол жіптер жылуға шыдамдылығын арттыру үшін арнаулы өңдеуден өтеді. Аумақты жіптер мықты, жұмсақ және иілгіш тігіс береді. Оларды киімнің бөлшектерін жалғастырудың барлық түріне, түйме қадауға, тесік торлауға, іш киімнің етегін тіккенге, жейде, блузка, көйлек, корсет бұйымдарын, трикотаждан киімдер тіккенде пайдаланылады. Жаңа маталардан ерлер мен әйелдердің киімін тіккендегі жұмыстың барлық түріне жұмсауға болады. Текстурленген 15,6 текс х 2 тігін жібі сыртқы көрінісі мен қасиеті жағынан құрамалы синтетикалық жіптер сияқты.
Тігін жіптерін текстурлеу нәтижесінде олар әмбебап тігін машиналарында пайдалану кезінде үзілгіштігі азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |