Кәсіптік оқытудың әдістемесі



бет23/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

Құрастыру сызықтары (тігістер) киім бетін бөлек бөліктерге бөледі. Ең көп кездесетіндері мынандай бөліктер:

  1. артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға, белдемшенің алдыңғы жаймасы, белдемшенің артқы жаймасы:

  2. шалбардың алдыңғы жартысы, шалбардың артқы жартсы:

Киімнің негізгі бөліктерінің тігістерін өзара қосады. Сондықтан да, құрастыру сызықтары көп жағдайларда киім тігістерінің орналасуымен сәйкес келеді. Киімдегі әшекейлі- құрастырушы форма құрушы сызықтарға бүкпені жатқызады. Бүкпе- бұйымнығң барлық ұзындығы немесе еніне жүргізілмейтін тігіс. Кейбір тігістер, мысалы бедерлік және иініш тігістері екі түрлі қызмет атқарады: құрастыру және сәндік.
Сәндік сызықтарға әр түрлі әрлеу сызықтарын, сондай- ақ бөлік шеттерінің контур сызықтарын (жаға, лацкан, өңір және т.б.) жатқызады.
Киім пішімі. Пішім (покрой) деп киімнің конструктивтік құрылымының жалпы сипаттамасы түсіндіріледі. Киім пішімі жеңді қондырып тігу сызықтарымен, алдыңғы бой мен артқы бойдың тік сызықтарымен немесе көлденең бөліндімен сипатталады.


2.3.2. Үлгінің сыртқы көрінісінің сипаттамасы

Атлас матасынан әзірленген, кеуде тұсы қынамалы силуэтті етегі қызғалдақ пішіммен кеңейтілген жас қыздарға арналған сәнді көйлек. Көйлекті жамылғы мен бас киім толықтырып, қазақша ою- өрнекпен нақышталған, ұлттық костюмнің тұтас бір топтамасын құрайды. Көйлектің бел кесіндісінен төмен қарай 2 бөліктен тұрады, оның бірі ақ атласпен етегі кеңейтілген, алдыңғы бойының ортаңғы бөлігінде өсімдік тәріздес ою- өрнекпен биссер тастары арқылы әсемделген. Ал екінші бөлігі- жамылғы ретінде көрсетілген.


Алдыңғы бойында- қолтық оймасынан бел кесіндісіне дейін түскен бедер тігістері бар. Бел тұсында сәндік ретінде белдікшесі бар, оның ортаңғы бөлігінде ақ бантик орналасқан.
Артқы бойында- бел бүкпелері бар, сол жақ бүйір бөлігінде жасырын сыдырмамен өңделген.
Мойын оймасы- оймалы, қайықты пішіммен үлгіленген, оның шеттері әдіппен өңделген (әдіп - қолтық оймамен, мойын ойма бірге пішілген).
Бас киім- цилиндр пішіммен үлгіленген. Бас киім қатты қатырмамен, желімдік материал, оның сыртынан қызыл мен ақ атласпен бес бөлік қатпарлармен әшекейленген. Бір жағына қарай қиғаш ақ атластың үстіне қазақша нақышта ою- өрнекпен биссер тастары арқылы сәнделіп тігілген.
Жамылғы- жартылай күн тәріздес, шеттері бейкалармен жиектелініп тігілген.
А – үлгісінен, Б – үлгісінің айырмашылығы кимешексіз сәнді көйлек.
А – үлгісінен, В – үлгісінің айырмашылығы етегі конус тәріздес, ассиметриялы жамылғысы бар.
А – үлгісінен, Г – үлгісінің айырмашылығы аралас матадан сән үлгісінің түрі.
А – үлгісінен, Д – үлгісінің айырмашылығы аралас матадан сән үлгісінің бел жамылғысы үш бұрышты болып тігілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет