Кәсіптік оқытудың әдістемесі


Технологиялық белгісі бойынша



бет29/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

Технологиялық белгісі бойынша жіктелім тігін машинасының атқаратын міндетіне қарай мынадай топтарға бөледі:
А) түзу тігісті қайықты
Б) түзу тігісті бір жіпті ілмекті
В) түзу тігісті көп жіпті ілмекті
Г) ирек тігісті (зигзагообразный)
Д) түйме қадайтын жартылай автоматтық
Ж) ілмек (петли) торлайтын жартылай автоматтық
З) жартылай автоматтандырылған әр түрлі бұйым бөлшектерін өңдеуге арналған, мысалы: жаға, қаттама, жеңді қондыру. [20]
Зауыттық жіктелім тігін жабдықтарын жүйелеуге арналған. Жаңадан жасалған тігін машинасына осы жіктелімдерге сәйкес өзінің шартты белгісін және тиісті класын белгілейді. Тігін машинасын шығаратын әр зауыт өзінің кезекті маркасын әріппен және цифрамен белгілейді. Конструкциясына қарай машиналар бір инелі және көп инелі, қайықты және қайықсыз, айналмалы және тербелмелі қайықты машиналарға бөлінеді. Барлық машиналарды әмбебап және арнайы топқа бөлу қабылданған. Әмбебап машинаға бірнеше технологиялық операцияларды орындай алатын ( мысалы: қосу, қаю, бастыру, ақжайма, қондырып тігу, бүгу, жапсырып тігу, т.б.) тігін машиналары жатады. Арнайы машиналарға бір ғана технологиялық операция орындай алатын (түйме қадау, ілмек торлау, қиынды шетін торлау, жасырын тігіс, т.б.) тігін машиналары жатады, олар 85 кл, 26-кл, 525 кл, 27 кл және 95 кл, 1022 кл. Жұмысшының машинаны басқаруға қатысуы және бақылауы тұрғысынан машиналар автоматтандырылған, автоматтандырылмаған және жартылай автоматтандырылған болып бөлінеді. Автоматтандырылған машина барлық операцияны толық өзі орындайды: автоматтандырылмаған машина жұмысшылардың көмегін қажет етеді: жартылай автоматтандырылған машинада көбіне операцияларды машина орындайды, бірақ та жұмысшылардың көмегі де қажет. Мысалы: ілмекті (петли) торлау тігін машинасында жұмыс істеу кезінде жұмысшы бұйымды орналастыру және алу кезінде ғана керек, ал қалған операцияны торлау, матаны тесу, тасымалдау, машинаның тоқтау, циклі автоматты түрде орындалады.
3.2.1. Жаңа жабдықтардың түрлері

HUSKYSTAR 219-18 тігісті, HUSKYSTAR 224-23 тігісті орындайды.


HUSKYSTAR 207/215/219/224 - бұл сериадағы машиналар қажетті барлық операцияларды орындайды. Тігістің ұзындығы 0 - 4мм. HUSKYSTAR 207 алты тігісті және түймелік машинасы. HUSRYSTAR 215-14 тігісгі және оның 7 тігісті тоқыма полотнасына және біреуі түймелікке арналған машина. [21]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет