Кәсіптік оқытудың әдістемесі


Кесте 12 – Үтіктеу құрал-жабдықтарының сипаттамасы



бет31/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

Кесте 12 – Үтіктеу құрал-жабдықтарының сипаттамасы



Құрал-жабдықтың арналуы

Марка атауы

Салмақ, кг

Жылу тәсілі

Жылу температурасы
°С

1

2

3

4

5

Жеңіл бұйымдарды үтіктеу үшін





Panasonic

1

100

70





Қорытынды

«Кәсіптк білім беру және сәнді көйлектің технологиялық өңдеу» тақырыбында жасалған дипломдық жұмыс. Қазақша нақышта жасалған сәнді көйлек. Қазіргі заман талабына сай таңдалып, ұлттық киімге сәйкес жасалынды. Бірінші тарау бойынша кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары, оның әдістері, мазмұны мен мақсаты туралы мағлұматтар қарастырылды. Кәсіптік оқытудың тиімді жолдары, оқу процесі жоғары дәрежеде көрсетілді. Оқытудың сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс формаларының ерекшеліктері көрсетілді. Сондай-ақ білім көрсеткіштері кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді. Оқу үрдісінде жаңа технологияны пайдалан отырып, оқушыларға мағлұматтарды дұрыс жеткізу қажеттілігін қамту. Дипломдық жұмыс барысында атлас матадан әзірленген жас қыздардың кешкілік киім топтамасының жинағын өңдеу. Киім үлгілерінің ұқсастығы мен үлгі нобайының ерекшелігі кең орын алады. Киім түрлерінің ассортиментіне байланысты шығармашылық таңдаудың негіздемесі, үлгіге сипаттама беріліп, конструкциялық тұрғыда негіздеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұйымды құрастыру тиімд әдісті қолдану, үлгі лекалдарын дайындау, алынған лекалдар арқылы бөлшектерді құрастыру, түйіндік өңдеулермен негізделеді. Бұйымды тігу барысында құрал-жабдықтардың алатын орны ерекше. Қазіргі уақытта шығарылып жатқан тігін машиналарының түрлерн қолданып, уақыттың жылдамдығын тездетеміз. Матаны пішу барысында мата үнемділігіне көңіл аудару ең маңызды болып табылады. Таңдалып отырған сәнді көйлек – ұзын, әрі өсімдік тәріздес ою-өрнекпен, биссерлермен әсемделіп тігілген.


Ұлттық белгілерді пайдалана отырып, сәнді көйлекті киімді жобалау-қолданбалы өнердің ішіндегі күрделі және шығармашылығы мол жұмыс. Дайын болған киімнің сапасы жоғары болса, ол бүгінгі күні үлкен тапсырысқа ие болады. Осы оқу құралы арқылы автор ұлттық киім туралы, стильдеу жүйесі және кешкілік сәнді көйлектер туралы мәліметтерді оқырманға жеткізуге тырысқан.
Ұлттық белгілерді пайдалана отырып киімді тіккен кезде, оның бастауы – ұлттық костюм туралы біліміміз жетік болуы керек. Яғни, өткен кездің рухын сезініп, оны бүгінгі күн талабына сай пайдалана білуіміз. Саралау барысында киімді жобалауда ең тамаша нәтижелерге жеттік және дара киім тікпей, оны жаппай өндіріске де жібере аламыз. Бұл түрі мен мазмұны жағынан керемет сұлу киім болмақ. Күн талабына сай әдемі тігілген киім адамдарға қуаныш сыйлау арқылы оларға ерекше көңіл-күй де сыйламақ.
Киімді ұлттық белгілерді пайдалану арқылы үлгілеудің екінші орнында тұрған мәселе, ол киімнің ықшамдылығы және де сол киіммен адамның ортаға сіңісуі.
Жалпы алғанда, костюм сол адамға ғана қатысты сымбат, ерекшелік беру арқылы өзін тамаша, еркін сезінуге мүмкіндік беруі керек. Әр кезең бойынша сәнді көйлектің өсімдік тәріздес ою-орнегімен әшекейлеп сәндеуді жеке-жеке тыңдалды. Ою-өрнектің даму тарихы, қай уақытта қолдануы туралы мағлұматтар көп көрсетілген. Сән үлгісіне қарай бес ұқсас үлгі таңдалып, бұйымға атлас матасын таңдалуына байланысты сипаттама берілді. Алдағы уақытта қазақтың ұлттық ою-өрнегімен нақышталып жасалған сәнді көйлекті жастар арасында кең көлемде сұраныс арқылы тұтынушылардың талғамдары бойынша жұмыс орындары жоғары тапсырыстарға ие болатыны айдан анық. Келешекте жастардың киімге деген сұранысын, сәнді көйлектегі қазақша нақыштағы ою-өрнегінің неше түрлі болуын қажет етеді.
Барлық құрастырылған талаптарды, ерекшеліктерді, кемшіліктерді, ұсыныстарды ескере отырып, жобаланған дипломдық жұмыстың технологиялық өңдеу тәсілдерінің бұйымдардың детальдарының негізгі бірктіру түрлерін үйрендік. Өңдеу режимдерінде жіптік, желімдік, әрлеу тігістерін, сонымен қатар ылғал-жылумен өңдеу жолдарына көңіл бөлінді. Бұйымды дайындау барысында қолданылған материал түрлеріне конфекциялық карта жасалынды.
Қазіргі заманға сай машина түрлерімен танысып, үтікпен ылғалды-жылумен өңдеу режимдері туралы кестелер жасалынды.
Ателье, сән үйлері, цехтар, өндіріс бөлімдері, салондар, мамандандырылған тігін кәсіпорындарының өндірістік бөлімшелері болып табылады.
Ателье - халыққа өндірістік қызмет көрсететін кәсіпорынның немесе бірлестіктің, техннкалық және аумақтық жағынан оқшауланған өндірістік бөлімшесі. Ательенің тапсырыстар қабылдаудан бастап, дайын бұйымдарды тапсырыс берушіге берумен аяқталатын киімді тігу және тұйықталған өндірістік циклы болады.
- сәнгер-суретшінің қызметі, оның міндеті тапсы­рыс беруші үшін киімнің қолданылуына. тапсырыс берушінің бет-бейнесіне, сан бағытына байланысты модельдер мен материалдар таңдау.
Сән үйі жоғары немесе І разрядты болуы мүмкін. Ол қызмет көрсетудің жоғары сапалылығымен сипатталады. Ательеден айырмашылығы сән үйінде модель-конструкторлық топ, көрме және көрсету залдары болады, оларда сән бағытына сәйкес перспективалы қойылып көрсетіледі, түрлі киімдердіц, киім ансамбльдердің айрықша түрлерін көрсетеді. Тапсырыс берушіге көрсетілген киім үлгісін қайталамайтын тапсырыс жасауға құқық береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет