Кәсіптік оқытудың әдістемесі


Кәсіптік білім сапасын зерделеуді ұйымдастыру



бет8/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

1.2.2 Кәсіптік білім сапасын зерделеуді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін бақылау және мониторинг өткізу әдісін әзірлейді.


Әдістемелік құрал «Білім» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспарының 45-тармағында сәйкес әзірленген.
Мониторинг- дегеніміз білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім саласына арналған заңнамалары мен нормативтік- құқықтық актілерінің орындалуын бақылау, зерттеу, талдау.
Орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін бағалау және мониторинг өткізу оқу- әдістемелік, тәрбие және ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру үшін жағдай жасауға, білім сапасын жақсартуға және педагогикалық ұжымдардың ынтасын арттыруға бағытталған.
Білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың мақсаты Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімді дамыту және жетілдіру, орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерді насихаттау, тарату, кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерді дамытудың қарқыны, деңгейі туралы нақты мәліметтердің, орта кәсіптік білім беруді жоспарлаудың және мемлекеттік басқару органдарын ақпараттық сараптау материалдарымен қамтамасыз ететін деректер қорын жасау болып табылады. Кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін бағалауға арналған көрсеткіштердің біріңғай жүйесі білім беру ұйымдарымен қатар, білім саласындағы жергілікті және орталық атқару органдарында да компьютерлік технология жолымен мониторинг жүргізу, «Жылдың таңдаулы кәсіптік мектебі», «Жылдық таңдаулы колледжі» конкурстарын қорытындылауға, оқу орнының рейтингін анықтауға мүмкіндік туғызады. Бақылау барысында республикалық және облыстық кәсіптік білім беру жүйесінің кәсіптік деңгейі жоғары, даму болашағы зор және шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждер айқындалады. Бағалауға меншік және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан еліміздің мемлекеттік аттестациядан өткен кәсіптік мектептері (лицейлері) мен колледждері қатыса алады.
Бағалау екі кезеңде: облыстық (қалалық) және республикалық деңгейлерде іске асырылады. Облыстық (қалалық) деңгейдегі бағалауды облыстық (қалалық) білім департаменттері (басқармалары) жыл сайын 1-ші қарашаға дейін жүргізсе, республикалық деңгейдегі бағалауды жыл сайын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 1-ші желтоқсанға дейін анықтайды. Республикалық деңгейдегі бағалауды анықтауға облыста (қалада) ең жоғары көрсеткішке жеткен бір ғана оқу орны жіберіледі. Облыстық (қалалық) Білім департаменттері (басқармалары) оқу орындарының республикалық деңгейдегі рейтингін бағалауды анықтауға қатысуы туралы шешім қабылдайды және ол жөніндегі құжаттарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. Мониторинг өткізу кезеңінде білім беру ұйымдарының қызметі- кәсіптік білім беру бағдарламалары, оқытушылар мен оқушылар, өндірістік оқыту шеберлерінің құрамы тәрбие жұмысы, кәсіптік сараман, мамандар даярлап шығару, баспа қызметі, әдістемелік жұмыс, өндірістік қызмет, оқу- материалдық қорлар, әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлар- сияқты осындай 12 бөлімге топталған 52 көрсеткіш өлшемдерімен бағаланады. [7]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет