1.1.2 Пәнаралық байланыс негізінде еңбекке оқыту процесін ұйымдастыру
Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн- тәртібіне қойылып отыр. Оқу- тәрбие процесінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық ақыл- ойын байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір- бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс- әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді талап етеді.
Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңарту процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесін пәнаралық байланыспен өткізу ерекше көкейкесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуды.
Я.А. Коменский: «өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек»,- деп жазды.
Пәнаралық байланыс ұғымы өз ішінде мынадай үш бөліктен тұрады:
Бірінші- байланыс құрамы. Бұған байланыстардың негізгі обьектілері кіреді (оқу пәндері арасындағы құрамы мен тақырыптары және пәндік хабарламалардың обьектілері).
Екінші- байланыс амалы, құралы. Бұл бір пәннен екінші пәнге және басқаларына хабар беру арқылы жүзеге асырылады. Ал хабар кнез келген теориялық жаңалық деп түсіндіріледі. Байланыс амалдарын таңдау әр түрлі жағдайлармен шешіледі. Білім деңгейіне, көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын, әр түрлі жабдықтарды қамтамасыз етумен анықталады.
Үшінші-байланыстың бағыттылығы. Хабардың, кейбір мәліметтердің бір пәннен екінші пәнге беріп отыру бағыты. Сөйтіп, пәнаралық байланыс- маңызды дидактикалық әдістемелік категория және оқыту жүйесінің бір проблемасы ретінде танылады. Еңбекке оқыту әдістемесі де технология пәнін басқа пәндермен байланыстылығына назар аударған. Технология пәні барлық пәндермен тығыз байланысады.
Мектеп тәжірибесінде еңбек пәнінің мұғалімдері пәнаралық байланыс негізінде сабақ өткізу барысында «Киім конструкциясы», «Маталардың қасиеттері», «Еңбек туралы мақал- мәтелдер», т.б. тақырыптарды ұсыну арқылы оқушылардың білім байлығын, шығармашылық қабілетін, дағдыларын шебер қолданылуын, олардың өздеріне зерттеу әдістемелік тұрғыдан қажеттілігін дәлелдейді. Еңбек- қоғамды дамытудың құралы. Ендеше еңбек- адамның ақыл- ойының көрінісі, әдет-ғұрпының байлығы, өнер- білім қазынасын меңгерудің құралы. Пәнаралық байланыс танымдық іс- әрекеті негізінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы ойлау қабіліттерін арттырады. . [5]
Достарыңызбен бөлісу: |