1.1.3 Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері
Еңбек тәрбиесінің мақсаты- жас ұрпақтың дене және ақыл- ой еңбегіне деген дұрыс қатынасын, өмірде де еңбекті қажетсінуіне тәрбиелеу.
Жастардың организмін дамыта отырып, сан қилы дене еңбегінің түрлерімен таныстыру.
Оқу еңбегіне қызықтыру, үйрету, оған дағдыландыру.
Шығармашылық еңбек дегенді түсіндіру, нәтижесін таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету.
Еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту.
Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзі.
Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту.
Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.
Еңбегінің нәтижесіне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, қуану сезімін дамыту.
Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендіру, өйткені еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзі.
Еңбек ету іскерлігін, дағдысын дамыту.
Еңбек мәдениетін сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмсауға үйрету.
Қабілетіне қарай, мамандыққа ие болуына бағыт беру.
Еңбекке белсенділік, бастамашылдық, ұйымдастыруышылық, оны жоспарлай білушілік мүмкіндіктерін дамыту.
Жас ұрпақтың еңбек арқылы адамдық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қалыптасқан білім мен білік дағды мен іскерлік жастардың өмірге, еңбекке құштарлығын арттырып, мүмкіндігін дамытатын сенімді құралы. Жастарды болашақ мамандығына, икемділігіне сәйкес тәжірибелік еңбекке дайындау, оларға еңбек етудің дағдыларын игерту, еңбек пәні мен сынып жетекшінің басты парызы.
Білім негіздерін үйренудің өзі- оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негізгі құралы. Оқу- үлкен ой еңбегі. Ол оқушының қоғам, халық, ата- ана алдындағы жауапты міндеті. Оқушыларды жүйелі оқу еңбегіне үйрету- кітаппен жұмыс, зертханалық жұмыстарды орындау, бақылау, өздігінен жұмыс істей алу қабілетін дамыту, дағдысын қалыптастыру, жұмыс орнын таза ұстау- еңбек тәрбиесінің міндеттерінің бірі.
Еңбек озаттары туралы баяндамалары, әңгімелер, диспуттар, кештер, кеңесулер сияқты, т.б. тәрбие түрлері, көркемөнерпаздар үйірмесінің сан салалы жұмыстарына оқушыларды қалаптастыру, оларды тиімді өткізудің мәні зор.
Осы әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, қазіргі замандағы ғылым жетістерін үйрете отырып, жан- жақты толыққанды тұлғаны қалыптастыру керек. [5]
Достарыңызбен бөлісу: |