Кәсіптік оқытудың әдістемесі


Оқу үрдісінде дидактиканы қолданудың алғы шарттары



бет9/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

1.2.3. Оқу үрдісінде дидактиканы қолданудың алғы шарттары

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан өзгерістер мен ақпараттық технологияларда дидактиканы қолданудың мақсаты мен міндеті- оқытушының біліктілігі мен шығармашылығын, оны меңгеруде жаңашылдағы мен ізденісін дамыту, жас ұрпақты тәрбиелеу, осы бағытта білім көзін ашатын оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін, әрбір оқушыға жан- жақты білім беру жүйесінде одан әрі қарай жетілдіру. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі оқу материалдарын дидактикалық құрылымын әдіснамалық тұрғыдан (топтап және ұжымдап, жекелеп) оқытуға, оқушылардың мемлекеттік стандартқа сай білімін дамытуға мүмкіндік береді. Оқыту әдістерінің дидактикалық мақсаттары мен міндеттерінің сәйкестігін мынадан байқауға болады:





Дидактикалық мақсат

Оқыту әдістері

1. Оқушылардың жаңа білімді қабылдауы

Оқушының сөздік әдістерімен білімді баяндауы:
Оқушылардың өзбетінше істейтін жұмыстары:
Кітаппен немесе басқа әдебиеттерімен жұмыс істеу:
Бақылау және тәжірибе.

2. Білімді, іскерлікті, дағдыны
бекіту

1. Материалды қайталап оқу
2. Қайталау тапсырмаларымен жұмыс
3. Қайталау, қорынтындылау әңгімесі

3. Білімді, іскерлікті, дағдыны
тексеру

1. Ауызша сұрақ
2. Жазбаша бақылау жұмысы
3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемасын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп, жинақтауға, оқу үрдісінің табысты болуы мынадай жағдайларды іске асыруға мүмкіндік береді:

  1. Оқушының теориялық және практикалық дайындығы, оқу үрдісін ұйымдастыра және басқара білуі:

  2. Оқу үрдісінде оқытушының жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен ақпараттық технологияларды жете түсініп, пайдалана білуі:

  3. Оқытушы мен оқушы арасындағы адамгершілік өзара қатыстынасты қалыптастыру, оқу үрдісін бірлікпен дамыту. Қазіргі кезде орта кәсіптік білім беру саласында тәрбие мен оқыту, оқытуды ақпараттандыру ісі жаңа технологияларды дайындауды талап етеді. Біріншіден, электрондық оқулар, мультимедиалық оқу құралдары мен электронды жазбалар, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, екіншіден компьютерлік технологияны білім саласында оқушының сезім түйсіктеріне әсер ету, сабақта ізденушіліктерінің пайда болуын көрсетеді. Сабақ қандай дидактикалық талаптарға жауап беруі, тиіс, соны қарастырайық. Сабақтың дидактикалық мақсатың айқындығы, әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты. Жоғарыда айтылған дидиктикаға байланысты нені оқыту керек? Қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі- оқытушының педагогикалық жаңашыл ізденіс идеяларымен іске асырылуы қажет. Мысалы: қалай оқыту керек? Қазіргі оқыту үрдісінде оқытудың әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың формуларын тиімді пайдалану керек. Не үшін оқыту керек? Өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау, оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру болса, оқушының іс- әрекетіне, таным міндеттеріне жете түсіну, жаңа материалды қабылдау, ұғыну, т.б. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өзбетінше ізденіп шешуге тырысады, оқу үрдісінде жеке- жеке дайындалады. [8]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет