Кәсіптік оқытудың әдістемесі


Кәсіптік оқыту әдістемесі



бет4/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

1. Кәсіптік оқыту әдістемесі
1.1 Кәсіптік оқытудың мазмұны және міндеттері

Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс- шараларды жүзеге асы-рудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі замаңғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.


Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.
Кәсіптік- техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі - қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңдіріс педагогтардың біліктілігін артыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.
Үкіметке қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажет. Перспективалы ғылыми- зертеулерді қаржыландырудың бюджеттік шығындарын инновациялық гранттарды бөлу арқылы ұлғайту маңызды.
«Ғылыми туралы» жаңа заң ғылымды жүйелі мемлекеттік қолдай үшін негіз қалайды. Отандық ғалымдарды қолдау қажет.
Назарбаев Университеті төңірегінде трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық- интеллектуалдық кластер қалыптасуы тиіс. Астанада жоғары технологиялы кәсіпорындар құра отырып, біз бұл тәжірибені Қазақстанның басқа да ғылыми- білім беру орталықтарына тарататын боламыз. Бізде заңнамалық негіз бар. Бұл менің тапсырмам бойынша қабылданған «Индустриялық – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң. Соның негізінде мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс- қимылының инновациялық әлеуетін өрістету қажет. [1]
Қазіргі заман талабы- оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдырдың бірі. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оның міндеттерінің бірі ретінде «Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәртебесін арттыру, оның ережесін, міндеттерін, құрылымын қайта қарау» көрсетілген. Терминология мен термин мәселесінің тап қазір кезеңде қаншалықты маңызға ие болып отыр. Сондықтан Елбасының Жарлығымен бекітілген осы мәселе алдығы уақытта міндетті түрде шешіміш табуға тиіс.
Терминология бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Қазіргі жаңа оқулықтарда термин сөздер көп келтірілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз»- деп баса айтты.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі- оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.
Қазіргі лицейдің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етіліде.
Білім – болашақ бағдары, кез- келген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі- жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет- оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс- әрекетіне қажетті блім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік- оқушының әрекет тәсілдерін жан- жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері- білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол- оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілетті болып табылатына жаңа сапа. [3]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет