Кеубасова Г. У ақтөбе, 2023 мазмұны кіріспе


АКТ-ның білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері



бет10/16
Дата14.03.2024
өлшемі0.61 Mb.
#495499
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Тоқбай Альфия Абайқызы БҚБ-01202

2.2 АКТ-ның білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері



1-сызба.Биологиялық білім берудің АКТ құралдары


Жылдар өткен сайын ақпараттың ағыны да артуда.Ауқымды ақпараттарды жеңіл түрде, сіңімді түрде, оқушылардың ойлауына ауырлық түсірмей, қалай түсіндіруге болады деген сұрақпен кез келген мұғалімнің бетпе-бет келері анық.Мұндай кезде, әрбір заманауи мұғалім жоғарыда шолу жасалынған ақпараттық коммункациялық технологиялардың көмегіне жүгінеді.Биология сабақтарында оқу платформалары, презентациялар,интерактивті технологиялар, мультимедиа технологиясы және өзге де құрылғылар оқушылардың табиғатты,қоршаған ортаны,тірі организмдердің құрылысы мен дамуын,жіктелуін реалистік тұрғыдан қабылдап,олар жайлы ақпараттарды оңай сіңіруіне,білімді ұзақ уақытқа дейін есте сақтауына мүмкіндік береді.


Заман талабына сай ақпараттық технологиялар меңгерілмесе,сабақ барысында қолданылмаса,өз кезегінде бұл оқушының ғана емес,жалпы мемлекеттің білім сапасының артта қалуына және өзге елдердің білім сапасы деңгейінің көрсеткішімен терезесі теңеспеуіне әкелуі мүмкін.


Бүгінгі таңда білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, әдетте, мынадай бағыттарда қолданылады:

  • сабақтарды жоспарлау және өткізу кезінде ;

  • дидактикалық материалдар жасау;

  • топта жұмысты ұйымдастыру ;

  • жеке тапсырмаларды орындау ;

  • тиімді білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыру [6].

Суретте көрсетілгендей ақпараттық технология болып табылатын презентация сабақтың дидактикалық мақсатына сай: білім беру, дамыту, тәрбиелік қызметтерді атқарады.

білім беру аспектісі




дамыту аспектісі

тәрбиелік аспект


оқушылардың танымдық қызығушылығын, жалпылау, талдау, салыстыру, олардың шығармашылық қызметін жандандыру қабілетін дамыту;


ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, өзіндік және топтық жұмысты нақты ұйымдастыра білу, серіктестік сезімін тәрбиелеу, өзара көмек көрсету қабілеті.





оқушылардың оқу материалын қабылдауы, оқу объектілері арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуі


2-сызба. Презентацияның қызметі

Мектеп мұғалімдері үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:



  • оқушының өз бетімен жұмысына;

  • уақытын үнемдеуге;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

  • қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту

мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді[7].
Мультимедиалық технологияны пайдалану білім беру процесінде мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • оқытудың когнитивті аспектілерін ынталандыру (ақпаратты қабылдау және ұғыну);

  • білім алушылардың уәждемесін арттыру;

  • бірлескен жұмыс және ұжымдық таным дағдыларын дамыту;

  • зерделенетін материалды неғұрлым терең түсінуді қалыптастыру;

  • оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту (оның жеке қасиеттерін ашу) [8].

Ақпараттық технологиялық оқыту теориясының мәні оқыту-ақпараттық материалды визуальді (көре отырып) және вербальді (ести отырып) бірге ұсынуда.Оқу материалын көре отырып және ол туралы тыңдай отырып, кешенді ақпаратты меңгерудің тиімділігінің жоғары болатындығын меңзейді.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «тиімділік» дегеніміз-қажетті нәтижелерге әкелетін әрекеттер[9].
Г.А.Ключниковтың пікірі бойынша, оқытудың тиімділігі оның түпкілікті нәтижесін ғана емес, оқу процесі мен нәтижесінің бірлігі қамтылады.Оқытудың тиімділігі- бұл нақты қол жеткізілген нәтижелердің білім беру бағдарламасында көзделген мақсаттармен сәйкес келу шарасы.Демек, ақпараттық технологиялық ресурстарды қолданудың нәтижесі биологиялық білім берудің мақсатын қанағаттандыра алуы керек.

Биологиялық білім беру үдерісінің нәтижесі




Бұдан шығатын нәтиже,ақпараттық технологияның құрылғыларын сабақтың мақсатына сай таңдау қажет.Әрі,оны қолданбас бұрын сынақтан өткізіп алған дұрысырақ.Сабақта тақырыптың ашылуы үшін кейде тіпті бір-екі АКТ құрылғысы да жеткілікті.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мәні оқыту процесінде тұлға аралық өзара әрекеттестікке,педагогикалық ықпалды ізгілендіруге бағытталуында жатыр. «Гуманизация» термині студенттердің тұлғалық еркіндігі мен белсенділігі абсолютті болатын тұлғалық-бағдарлы педагогикаға көшу процесі ретінде анықталады[10].
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ынтымақтастық педагогикасына негізделген жұмыс істейді,ол келесі ережелерді қамтиды:

  • адамның дүниеге және өзіне деген қатынасы белсенді көзқараста жатыр;

  • субъектінің әрекеті өзінің ең жоғары шығармашылық көрінісінде,субъект өзін-өзі қалыптастыруға көтерілгенде пайда болады;

  • адамның кәсіпті белсенді қалыптастыру идеясы[11].

Білім беру ортасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттыруды қамтамасыз етеді,ақыл-ой әрекетін белсендіреді және оқу материалының тиімділігін арттырады,ақпаратты беру мен меңгеру жылдамдығын арттырады,сонымен қатар білімді жедел түрде түзетуге мүмкіндік береді[12].

«Ақпараттық технология – ақпаратты алудың, жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары»(педагогикалық сөздік)[13].


Ақпаратты мультимедия арқылы жеткізу жолдары [14]:
1. Презентациялар;
2. Ойындар;
3. Интернет-ресурстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет