Ғаламтор желісі - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды,гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор болып табылады. Ғаламторлы желілік заттар біздің өмірімізде жиі қолданылады. Медицина, білім, құрылыс, ауыл шаруашылық, банктік жұмыстар жоне т.б. сияқты ең маңызды салаларда қолданылады.Тіпті, қазір адам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды.
Жасанды интеллект (ЖИ)-интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы.Оған,әдетте роботтар,сөйлейтін көмекші «Алиса», «Яндекс», «Ақылды үй»сынды бағдарламалар мысал бола алады.
Мобильдік технологияларға түрлі қосымшалар, процессорлар, аккумуляторлар, дисплей немесе гаджеттер жатады.Бірнеше ондаған жылдар бұрын мобильдік технологиялардың енді ғана шыққан кезі болды. Қазіргі гаджеттерді айтпағанда физикалық түрі де жеткілікті емес еді. Содан бері технология дамуы қарқын алды, әсіресе сапалы өсуі соңғы он жылда болды. Мобильді кұрылғылар аз, бірақ куатты және әлдеқайда пайдалы болып шыға бастады. Олар қоғам өмірінің ажырамас бір бөлшегі болып,рөлі арта түсті. Түрлі смартфондар, планшеттер, электронды окулықтар, енді ақылды сағатқа қолжетімділік олардың бүкіл әлемге тез тарауына ықпал етті.
Мультимедиа технологиясы - бұл пайдаланушыға (бір мезгілде оқырман, тыңдаушы және көрермен болған) неғұрлым тиімді әсер ету мақсатында әртүрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрі[4].
«Мультимедиа» сөзі «мульти» - көп және «медиа» - тасымалдаушы деген мағынаны білдіретін сөздердің бірігуінен шыққан.Яғни «тасымалдаушылардың көп болуы» деп аударсақ болады, бұл дегеніміз деректердің берілуі (графика, дыбыс, анимация және т.б.) және әртүрлі әдістермен сақталуының көптеген түрі деген мағынаны береді. Мультимедиа жазылған және ойнатылған болуы мүмкін немесе компьютерленген және электрондық құрылғылар тәрізді ақпаратты өндеу кұрылғысына қолжетімділігі бар болуы мүмкін, сонымен қатар орындаушының табиғи түрде орындаған туындысының бөлігі болуы мүмкін. Мультимедиалық құрылғылар жалпы мультимедиалық ақпараттарды сақтау жәнс өңдеу кезінде пайдалануға арналған электрондык кұрылғылар. Мультимедиа басқа аралас ортадан бейнелену, дыбысталу артықшылығымен ерекшеленеді, мысалы аудионы қолдану арқылы көптеген ақпаратты сыйдырып, түсінікті түрде жеткізе алады. «Мультимедиа» термині интерактивті мультимедиа үшін синоним болып табылады. Мультимедиа косымшаларының медиаконтент санына карай Гипермедиа көлемі ауқымды бола түседі.Мультимедиалық құралдардың (қосымшалардың) жіктелуі:
- презентациялар;
- компьютерлік графика;
- видеоқосымшалар;
- цифрлық дыбыс;
- мультимедиа галереясы.[5]
Мәтіндік тексттер, графикалар, кестелер;
Достарыңызбен бөлісу: |