Кеубасова Г. У ақтөбе, 2023 мазмұны кіріспе


https://www.vialogues.com/



бет9/16
Дата14.03.2024
өлшемі0.61 Mb.
#495499
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Тоқбай Альфия Абайқызы БҚБ-01202

https://www.vialogues.com/
Vialogues – YouTube немесе компьютерден жүктелген бейнежазбаларды ұжым болып талқылау мүмкіндігін береді.
Мұғалім бейнежазбаның белгілі бір бөлімдеріне пікірталасып талқылауды ұйымдастыру үшін сауалнаманы қоса алады.Сол сауалнамаға қолданушылар пікірлерін жазып,визуалды түрде қабылданған ақпаратты қабылдап,бекіте алады.Оқушылар сервиске электрондық пошта арқылы тіркелуді жүзеге асырады.Тіркелгеннен кейін мұғалімнің берген сілтемесімен сабақ ашылады.

Сурет 6. Mentimeter платформасы
https://www.mentimeter.com/
Mentimeter – сынып оқушыларынан жылдам кері байланыс алу мақсатында қолжетімді әрі қарапайым дауыс беру құралы болып табылады.
Онлайн – сауалнама әртүрлі жауап түрлері бар жауаптар қатарын қамтуы мүмкін:

Бұл құралмен жұмыс істеу үшін бағдарламалық қамтуды жүктеудің қажеті жоқ.


Сурет 7. Google Күнтізбе платформасы


https://workspace.google.com/products/calendar/?hl=ru
Google Күнтізбе – тапсырманы жоспарлаушы платформа.Барлық тапсырмалар бойынша электрондық поштаға хабарлама келеді.Егер тапсырмалар орындалмаса,жылдамдықты талап етпесе,күнтізбеде басқа күнге алмастыруға болады.Құрал әмбебап болып келеді.Оқыту – тәрбиелеу үдерісінде ғана емес,бизнес саласында да қолдануға болады.
Google Күнтізбеде сабақтың жоспарын құруға,кездесулер кестесін жасауға,оқушылар үшін тапсырмалар тізбегін құруға болады.



Сурет 8. Schoodle платформасы
https://schoodle.com.au/
Schoodle – оқу кестелерін жасап,жариялау үшін веб-сервис.Сервисте кез келген адам өзінің оқу кестесін жүктей алады.Жүктемес бұрын,қолданушы сайтқа тіркелу қажет.Кестеге кез келген мәліметтерді қосуға болады:сынып нөмірлері,мұғалімдердің аты-жөні,пәндердің түрлері және т.б.
Сервистің ерекшелігі арнайы QR – кодты сканерлеу арқылы немесе ғаламтор желісіне қосылған мобильді телефондардан сайтқа өту арқылы бағдарламаға өту мүмкіндігі бар.


Сурет 9. Bilimland платформасы


https://bilimland.kz/ru
Bilimland – электронды оқытудың әлемдік деңгейдегі көшбасшыларының озық түрдегі жетістіктеріне негізделген сандық білім беру платформасы.Бағдарламада 40 мыңнан астам электронды сабақтар бар әрі ол үш тілді білім беруд қамтиды.Сонымен қатар, бұл тренажерлар,интерактивті жаттығулар,анимациялық оқу және бейне фильмдер түрінде ұсынылған заманауи білім беру контентінің ірі цифрлық кітапхана болып табылады.Bilimland онлайн мектептің де функциясын атқарады.Қазіргі таңда мектептерде оқыту үшін жаңа тақырыпты таныстыру мақсатында осы платформадан тақырыпқа сай бөлімге кіріп,оқушыларға интерактивті тақта немесе өзге де құрылғы арқылы көрсетіледі.Бұл платформаны ұялы телефонға да орнатуға болады.
Бұл платформадан бөлек, Kundelik.kz(https://portal.kundelik.kz/), Edus(https://web.ok.edus.kz/),Daryn.Online(https://daryn.online/) секілді бағдарламалар қашықтықтан да білімді басқара алады.
Оқу онлайн платформаларды күнделікті сабақта қолдану арқылы мұғалім оқу үдерісінде оқу процесін ұйымдастырудың жаңа педагогикалық тәсілдерін әзірлей алады.Сонымен қоса,оқушының шығармашылық қабілетінің өсу динамикасы мен педагогтың кәсібилігінің дамуын бақылауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет