Кеубасова Г. У ақтөбе, 2023 мазмұны кіріспе


Мультимедиялық технологияның негізгі компоненттері



бет7/16
Дата14.03.2024
өлшемі0.61 Mb.
#495499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Тоқбай Альфия Абайқызы БҚБ-01202

Мультимедиялық технологияның негізгі компоненттері

Суреттер;
анимациялар,презентациялар

Интерактивті тақталар, компьютерлер


Қашықтықтан оқыту технологиясы - ақпараттық технология құрылғыларын пайдалана отырып,қандай да орынға немесе уақытқа тәуелсіздіктен өзіндік әрекеттерді жүзеге асырудың технологиялары.
Презентациялар технологиясы (фотографиялар,иллюстрация,дидактикалық, бейнелік материалдар) - жаңа материалды оқушыларға көрнекті түрде көрсету құралы.Презентация түрлі объектілерді бірнеше есе үлкейтілген бейнеде көрсету мүмкіндігіне ие.Материалды полисенсорлық қабылдауды жүзеге асырып қана қоймай,сақталған сенсорлық жүйені және т.б. қабылдау үшін қолжетімді объектілерді де көрсететін артықшылықтарға қол жеткізуге болады.Презентациялар оқу үдерісінде келесідей мүмкіндіктерді береді:
-қызметтің тиімділігін арттыру
-тәрбиелеу,дамыту
-уақытты үнемдеу
-дамуды даралау
-көрнекі қабылдау мен есте сақтауды жеңілдету
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамуы және ауқымды түрде қолданылуы соңғы он жылдағы техникалық-ғылыми төңкеріс пен әлемдік деңгейдегі дамудың үлкен көлемді тенденциясы болып саналады.Ақпараттық технологияларды пайдалану тек білім саласында ғана емес,өзге де салалардың қолданысында маңызды шешуші рөлді атқарады.

2. БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛДАУ


2.1 Күнделікті биология сабағында жиі қолданылатын платформаларға шолу

Сурет 1. Quizizz платформасы


https://quizizz.com/?lng=ru
Quizizz Kahoot-ке бейнесі мен құрылуы бойынша өте ұқсас болып келеді. Десе де,оның өзіне тән ерекшеліктері бар.
Біріншіден,сынып ішінде викторинаны қосқан уақытта өзге оқушылардың жылдамдығына тәуелді болмай,орындаушы өз ыңғайына қарай қозғала отырып,орындай алады.
Екіншіден,бұл платформада тапсырма сұрақтарын алдын ала жоспарлы түрде құрастырып қоюға болады.Оған қоса,мұғалім оны оқушыларға үй жұмысы ретінде де бере алады.Тіпті,мұны қашықтықтан басқару платформасына жатқызуға болады.
Үшіншіден, ондағы белгіленген уақытты алып тастау мүмкіндігі де бар.Сонда оқушы байыппен ойланып жауап бере алады.
Тағы бір артықшылық,әрбір дұрыс жауапта орындаушыға мақтау мақсатында смайлик,гифтер шығып тұрады.Оқушы викторина соңында соңында шыққан рейтингтен өзінің нешінші орында екенін қарап,білімінің деңгейін бағамдай алады.Ал оқушыларының жауаптарын мұғалімнің бақылай алатын мүмкіндігі бар.Бұл платформа қазіргі уақытта да кең қолданысқа ие.
Бұл платформаның көмегімен келесідей әрекеттерді жүзеге асыруға болады:

  • жарыстар ұйымдастыру;

  • әр оқушының оқу нәтижесін бақылау;

  • тесттерді жүргізу;

  • викторина мен ойындар жүргізу;

  • үй жұмысын жасау.



Сурет 2. Kahoot платформасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет