https://support.kahoot.com/hc/ Kahoot-кез келген жасқа сай және кез келген пән бойынша білімді оқытуда қолдануға болатын тегін платформа болып табылады.Оның көмегімен оқытуды әртүрлі форматта жүргізуге болады:ойын, марафон, тест, викторина және сауалнама түрінде.
Бұл платформада жасалған тапсырмаларға бейнефрагменттерді және суреттерді қосуға болады.Бұл функциясы өз кезегінде оқушылардың бейнелі түрде жақсы қабылдауына,тапсырманы тыңғылықты орындауға көмектеседі.Викторина мен тесттерді орындатуда белгілі бір уақыт шегін белгілеу қажет.Тестілеуге қатысу үшін мұғалімнің өзіне берілетін PIN-кодты енгізу қажет.Жауаптың нұсқалары геометриялық фигуралармен беріледі.
Қазіргі кезде бұл бағдарлама толықтай тегін.Платформаны қолданып,жұмыс істеу үшін регистрация жасау қажет болады.
Kahoot-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі - уақытты үнемдеуге қол жеткізетін тесттерді өңдеу және қайталау.
Сурет 3.LearningApps платформасы
https://learningapps.org/ LearningApps – интерактивті модульдердің көмегімен оқу үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған қосымша болып табылады.Платформа Германияда пайда болған,яғни,негізгі тілі-неміс тілі.Бұған қарамастан, көптілді қолдау жүзеге асырылды.Десе де,кейбір сөз тіркестерінің аудармасы қате болуы мүмкін.
Навигация мен функцияларды түсіну өте оңай әрі тез.Бұл үшін бар болғаны «барлық жаттығулар» мәзірін басса жеткілікті.Сонда өзге пайдаланушылар жасаған және жарияланылған жаттығулардың тізімі шығады.
Тапсырмаларды жасап,сақтау үшін тіркелу қажет.Тіркелгеннен кейін интерактивті жаттығулар топтамасын жасау үшін тапсырмалар үлгісі қолжетімді болады.
LearningApps үлгілері функционалдық белгілер бойынша жинақталған: