Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет142/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

сыйынған құдайын білмегендіктен (мүмкін алғашқы еуропацентризмнің 
ықпалымен әдейілеп тастап кеткен. Автор.) Тарғытайды грек құдайы 
Зевстен таратып отырғанын айта келіп, ежелгі ғұндардың санасындағы 
«Көк пен жерден жаратылып, Күн мен Айдың құдіретімен таққа отырған 


хуннудың Ұлы шаньюі» (Н.Я. Бичурин), ортағасырлық түріктердің де 
өздерінің «тәңіртекті» екенін сезінгенін немесе солай санағанын Күлтегін 
жазбасындағы «Теңірі тег теңіріде болмыш», Білге қаған жазбасындағы 
«Теңірі тег теңіріде йаратмыш» деген жолдардағы сан ғасырлық 
сабақтастықтарға тоқталған [7, 368 б.]. Ассириялық жазбалар аудармалары 
бойынша алынған деректердегі «тиграхауда» атаулы сақтардың «құдайдың 
садақшылары» деген мағынаға ие екенін көрсеткен зерттеушілер бар [8, С.7]. 
Сонымен бірге зерттеушінің пікірінше корейлердің де ескі аңыздары 
бойынша ежелгі Чосон жұртын «шығыс садақшылар» деп аталуы, олардың 
да арғы аталары Аю әйел мен Көк тәңірінің ұлы саналатын Тангун атты 
ұлдан тарататыны ойландырады. Зерттеуші Тангун атауының өзін «Таң», 
яғни аспан және «гун», яғни адам деген сөздердің мағынасынан деп 
қарастырады [8, С.370]. Дегенмен автордың «шығыс садақшылардың» 
қатарында емэк тайпасының аталатыны туралы, оларды ортағасырлық 
кимектермен байланысты қарастырған мағлұматтары мен пікірлері 
келешекте арнайы түріктану ғылымы аясында мәселені тереңдете зерттеуді 
қажет ететін мәселелердің бірі деп санаймыз.
Шындығында да сол сақтардың, ғұндардың мирасқорлары саналатын 
Түріктердің өздерін тәңірдің ерекше назары түскен жұрты ретінде 
санайтыны Күлтегін жазбаларындағы сөздерден анық байқалады. 
«Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында 
адам баласы жаралған. Адам баласын басқаруға ата-бабам Бумын қаған 
Істемі қаған отырған. Отырып, түркі халқының елілік, заңын ұстай берген, 
иелік еткен» деген мәтіндер соның айғағы бола алатындай (Күлтегін жазуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет