Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет150/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

‘ақыл-ес’, ‘сана’, ‘сана-сезім’. 
Қорытынды түйін: түпқыпшақ тіліне нұсқаның екеуі де – *us та *es те 
еңгізілсе, түпоғыз тіліне тек қана *us кіреді (орта ғасыр ескерткіштерде 
таралуын сал.: ЭСТЯ I 607)
Тарихи тұрғы. Қыпшақ тарихының хронологиялық классификациясын 
жасағанда, біріншіден, дәстүрлі қыпшақ кезеңі мен жалпы “қыпшақтық” 
этно-глоттогенізінің аражігін бір-бірінен ажыратқан жөн. Дәстүрлі “қыпшақ” 


кезеңі IX-XIII ғғ. аралығына тап келсе, қыпшақ этно-глоттогенез желісі бізді 
жазба пайда болу заманынан (“дописьменный”) әлдеқайда көне 
(“доисторический”) дәуірлерге жетелейді. 
Ең байырғы скиф-сақ, массагет-савромат, шумер-этрусск деңгейінде 
“қыпшақ” атрибуттері, жұрнақтары болу мүмкін бе, әлде жоқ па? Мүмкін 
болса, олардың бүгінгі біз білетін қыпшақ сұлбасына, жобасына ұқсастығы 
мен алшақтығы неде? Түпқыпшақ тілі ғұндардан ежелгі заманға тән болса, 
онда текқыпшақ пен түптүрік тілі осы сақ пен скиф кезеңдерге тұстас келмей 
ме? 
Сөзсіз, қыпшақтықтың ең байырғы, ең көне тұстарын зерттеп, жүйелеу –
болашақта ғалымдардың қолға алатын ең қомақты ісі болып табылады. Олай 
болмаса, елтаңбамызға орналастырылған “Алтын адам” атрибуттері де, 
алтын адамның өзі де, басқасын айтпағанда және бүгінгі дәстүрлі ғылымда 
әлі де едәуір көпшілік “қолдаған”, ғылыми орта мақұлдаған пікірдің өзі –
біздің 
төл 
тарихымызды, 
шынайы 
болмысымызды 
анықтауға 
бағытталмағаны айдан анық. Мен бұл жерде толып жатқан ғылымисымақ 
және ғылымнан тыс талай еңбектерді айтқым келіп отырған жоқ. Мамандар 
мойындамаса, мамандар мойындайтын тілде, сол деңгейде жазылған еңбек 
болмаса, оны еңбек деп те атаудың қажеті шамалы. 
Бізге қазір “ура патриот”, көрінгенді қазақтан шығаратын сауаты төмен 
“сәуегейлерден” гөрі, инемен құдық қазғандай, тапжылмай тар, нақты бір 
салада жұмыс істейтін жоғары дәрежелі көп жас мамандар қажет: 
шумерологтар, индологтар, көне қытай мамандары, скифтік әлемінің әр 
саласы бойынша – мифологі, тілшісі, өнертанушысы, археологі, зергері, 
антропологі, т.т.
Бір ғана мысал келтірейік. Норвегия, Дания мен Швеция елдері өздерін 
аты шулы викингтерден таратады. Сол викингтердің шығу тегін анықтау –
күні бүгінге дейін шешімін таппаған мәселе. Атақты Тур Хейердал 
дүниежүзін салымен де, атпен де, жаяу да аралаған басты себебі де осы 
сұраққа жауапты іздеуі еді: біз, викингтер, кімбіз, кімнен тараймыз, ата-
бабаларымыз кім, қайдан келген елміз? 
Өкінішке қарай, Тур Хейерал, көп елді араласа да, түрік халықтарына 
жетіп үлгірмеді. Мына фактілерге зер салып қараңызшы. 
Тарихи-мифологиялық дәлел. Викингтердің ресми ата-бабаларының бірі –
ғұндардың көсемі Аттила. Тіпті, керек болса, ол қаһраман ретінде олардың 
скандинав жырларында да бас кейіпкердің бірі болып орын алады. 
Этнографиялық дәлел. Қайтыс болған викингті атпен бірге жерлейді 
екен, орнына үйіп қорған орнатады, қорған басына тасты қояды. 
Палеографиялық дәлел. Викингтердің төл жазуы – біздің орхон-енисей 
жазбаларымыздың сыңары. Дат (Даниялық) Вильгельм Томпсеннің бірінші 
болып көнетүрік руна тілін дешифровка жасағаны кездейсоқтық жағыдай 
емес екені баршаға мәлім мәлімет: ол бірден өзіне жақсы таныс құдай аты 
“Тәңірі” деген викинг сөзін таныды. Бізде де тәңірі, оларда да тәңірі екен, 
айтылуы да, жазылуы да бірдей болып шықты. 
Гастрономиялық дәлел. Викинг ұрпақтарының бүгінгі ұлттық тағамы –
мүшеленген қойды пісіріп, қонаққа етті қойдың басымен бірге ұсыну. 


Тілдік дәлел. Тіл ғылымында, компаративистикада мынадай заң бар. 
Сөздер түрлі тілдерде бір-біріне сәйкес келе беруі мүмкін. Оларды кірмелік 
немесе басқа бір ауыс-түйістің нәтижесі дей салуға болады. Алайда, 
грамматикалық 
ұқсастықтарға 
келгенде, 
яғни 
морфологиялық 
форманттардың сәйкесуіне – бұндай жағыдайда тілбілімінің үкімі өте қатал:
бұлар, сөзсіз, туыс, тегі бір тілдер болып шығады.  
Олай болса, бір ғана мысалды назарларыңызға ұсынайын. Қазіргі норвеж, 
дат, швед тілінде -ter деген жұрнақ бар. Кәдімгі көптік жалғау қызметіндегі 
аффикс. Мысалы: норвежше biletter, toaletter – яғни көп билет (сататын 
жер), көп әжетхана (орналасқан жер). Ең ғажабы – *-ter жұрнағы мен 
“қойдың басын қонаққа ұсыну” палеорәсімінің ап-анық түпқыпшақтық 
сипатында болып отыр. Түптүрікте *-ter жалғауы диалект ретінде (е. 
түпқып.) көрініс табу әбден мүмкін болса да, *“қойдың басын қонаққа 
ұсыну” палеорәсімінің – түптүрік деңгейіне орнығуы мүлде мүмкін емес, 
өйткені, түпоғ. бен түпқарл. реликттеріне бұл рәсім (сырттан келген бір 
көршілес өңірлерде болмаса) етене, қанға сіңген, төл әрі тән ежелгі салт емес 
екені этнограф ғалымдарға жақсы таныс жәйт. 
Түпқыпшақ тілдерінің текқыпшаққа (түптүрікке әлі жетпеген тұста) 
айнала бастаған кезеңнің – Ғұн империясының ең алғашқы бастауларынан 
бірәз ілгері (көне) орналасқанын ескерсек – тарихи-мифологиялық дерегінің 
жаны бар екенін мойындауымыз керек. 
Алысқа бармай-ақ, тек қана осы ғұн тарихына бір көз жүгіртіп көргеннің 
өзінде – Еуропа елдерінің ұлыстық, ұлттық, мемлекеттіліктің ірге тасын 
қалаған өр өркениет – осы Еділ бабамыздың атымен тікелей байланысты 
екені нақты көрініс табады. Қаншама зерттеу жұмыстары, фильм, роман, 
пьесалар жазылды – еуропа тілдерінде, қытайша, орысша да. Өркениетті 
елдердің бәрі, байырғы Рим мен Грекия, Германия да, Франция да, тіпті, 
мына Ресей де ғұндарды кезінде иемденгісі келген. Бірақ, амал нешік, тайға 
таңба басқандай дәлелдерден ешкім аттап өте алмады. Ғұндар – түріктер, 
көне түріктер. Бұған қазір ғылымда дау жоқ. Шетелдіктер (өз қалаулары 
бойынша) шеттетілді, біздер ше, тікелей ұрпағы, түріктер – бір сүйем де 
тақырыпқа жақындай түспедік, бұл келелі мәселені келер ұрпақ үшін қолға 
алғанымыздың түгі жоқ, бұрынғы (надан) сарын, әсіре сөз бен бос бөспе 
тұжырымдар әлі де жалғасуда... Бұрынырақта да ынталы түрде жігерін сарп 
еткен Ерекең мен Саматтан басқа қоғамдық санада (проф. Ереңғайып Омаров 
пен тарихшы Самат Өтениязовты айтып отырмын) осы проблемаға 
байланысты кімдер танымал? Мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік 
қамқоршылық, мемлекеттік ғылыми саясатымыз қайда қалды?
Жарайды, тым ескіні қойып, дәстүрлі Қыпшақ дәуіріне көшелік. Ол, 
әлбетте, Қимақ заманынан бастау алады. Қимақ кезеңі – Қыпшақтықтың 
алғышарты. 
Ұлы “Дешт” мемлекеті, ұлы қыпшақ мәдениеті, ұлы қыпшақ өркениеті –
көнетүрік қағанаттары, ғұн империясының төл мұрагері, қарашаңырақ 
ұрпағы... 
Осы ретте, бірінші, еске марқұм бауырымыз, мажар ғалымы Иштван 
Мандоки Қоңыр оралады... Сонау, фашист-коммунист, анти-түрік 


идеологиясының қылышынан қан тамған уақытта, жарқын ағамыз жүрегін 
шүберекке түйіп, қуанышынан жасын тыймай, қыршын жас шақта елге 
қайтып халқымен қауышқаны әлі есімде... Сол келістен Қоңыр мажар еліне 
қайтпады, бізде қалды, мәңгі Кеңсай баурайына отауын тікті... 
Еуропа тарихын, әсіресе, Австрия, Германия, Франция, Болгария, 
Венгрия, Румыния, Словакия, Финляндия, Эстония, Босния мен Герцеговина, 
Македония, Сербия, Хорватия, Черногория, ж. көптеген б., Азия мен 
Еуразиядағы – Орта Азия мемлекеттері, Қытай, Монғолия, Кавказ 
тұтасымен, Балқан өңірі, Мысыр мен Сирия, Түркия мен Грекия, тіпті, Ресей 
мемлекеттілігінің тарихын, керек болса, Америка құрлығындағы маңызды 
тарихи оқиғаларды – Қыпшақтың ұйыстыру, біріктіру, қалыптастыру, 
орнықтыру, құрастыру рөлісіз елестету мүмкін емес. 
Грузияның тарихында Қыпшақ факторы шешуші мәнге ие болған. Орта 
ғасыр заманынан бастап мың жылға жуық уақыт бүкіл Кавказда бір ортақ 
ресми, әдеби тіл болған. Осетиндер де, армян-грузиндер де, аварлар да –
бәрі сол тілде іс қағаздарын жүргізген, сот үкімдерін, бұйрық хаттарын, 
ресми хаттасуды, салық есептесулерін осы тілде атқарған. Ол тіл – кәдуілгі 
қыпшақ тілі. Оны құмық тілі, қазақ тілі, ноғай, қарашай тілі десек те болады.
Ресей тарихындағы елбасыларының бірінші Иван Калиталарынан бастап 
(“Калита” сөзін де таза қыпшақша “карман” [ < *qalta ] деп аударып турады 
орыс ғалымдарының өзі; оғ. “карман” jep, қарл. yançuk) XIX ғасырдағы 
Шуйскийлерге дейін қыпшақ саясаты бұл алқапта басым болғаны тарихта 
жақсы зерттелген сала. Тіпті, атышулы Владимир княздігінің патшасы 
Александр Невскийдің өзі сол қыпшақ тілінде ана тіліндей сайрағаны туралы 
мәлімет сол тұстағы орыс билеушілеріне жат құбылыс болмағаны 
тарихшыларға аян [1, 80-81 б., ж.б.] мәселе. 
Тоқетеріне келсек, қазақ халқының төл тарихын, қазақ мемлекеттілігінің 
тарихын, қазақ этногенезін осы Ұлы Қыпшақ Ұлысының тарихымен тікелей 
байланыстырмай зерттеу – бүгінгі ұлттық тарихимыздың ең осал жері. 
Қазақ хандығының бастауын кешегі Жәнібек пен Керейдің бір көшкен 
әрекетінен емес – осы ұлы бағдардан, қыпшақтық сара жолынан бастау 
керек. Басқа тарих – жалған тарих, келте тарих, жұпыны тарих. 
Соңғы жылдарда, еліміз егемендік алған соң, кейбір ғалымдарымыздың 
қытай, араб, парсы деректерін біраз ақтаруға мүмкіншілікке ие болғаны 
баршаға жақсы таныс. Осындайда табылған тың деректердің бірін ғана 
келтіре кетейін. 
Тегерандағы Қажы Хүсейін Мәлек кітапханасынан табылған 
құнды қолжазбалардың бірі «Тарих-и Сафавие» деп аталады. Бұл 
қолжазбаның авторы – атақты Ысмайыл Хүсейін Мараши Тәбризи. Ол өз 
ортасына Мір Мүләйім Бек деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘уа» 
деген лақап аты да белгілі... Бұл қолжазба – 372 парақтан тұратын қомақты 
еңбек... «Тарих-и Сафавие» қолжазбасының бірнеше жерінде Қасым ханның 
аты аталады. Шығарманың авторы Қасым ханды қалай атайды екен? Осы 
мәселеге назарыңызды ерекше аударғым келіп отыр. Ысмайыл Хүсейін 
Мараши Тәбризи Қасым ханды атағанда – оны екі түрде айтады екен. 
Біріншісі, Қасым хан – Дешті Қыпшақтың ханы, екіншісі – Қасым хан 
Дешті Қыпшақтың патшасы [қ.: 2]. Яғни сол кездегі Қазақ хандығының 


мазмұны – Дешті Қыпшақ көлемі болып табылады. Міне, Қазақ 
хандығының қыпшақ дәуіріне тән территориясы осындай болған. Кейін, 
Алтын Орда ыдыраған соң, солтүстік бөлігі бөлектеніп, Орта Азия мен 
бүгінгі Қытай жері жеке ірі ел болып қалады – тарихта оны Түркістан деп 
атаған. Міне, Қазақ хандығының – екінші тарихтан белгілі жері осындай кең 
аумақты болған. Бұлар әрдайым көптеген түрік халықтары мен тайпалары 
қоян-қолтық бірлесе өмір сүрген саяси-мәдени-тарихи бірлестіктер түрінде 
болған.
Қазақтың «Қасымхан салған қасқа жолы» мен «Есімхан салған ескі 
жолы» ұлттық дала кодексінің негізінде сол замандағы мемлекетімізге 
құрамдас қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікпен, өзбек, тәжіктер – бәрі де 
Қазақ хандығының ішінде болғаны бесенеден белгілі. Керек болса, кезінде, 
Ғұн, Түрік, Қыпшақ сияқты, Қазақ сөзінің негізгі мағынасы да –
ортақтықты, бірлікті, ұйымшылдықты білдіретін этноним. Қазақ деген ру 
жоқ, қазақ сөзі – мемлекеттің аты, елдің атауы, жердің қасиеті, ұлттың 
ұйысқаны, ерлік пен ердің белгісі. 
Қыпшақ дәуірі – тікелей қазақтықты қалыптастырған, қазақ елдігінің 
іргесін қалаған батыр бабалар заманы, алтын тарихымыз, баға жетпес 
мемлекеттілігіміздің қайнар көзі.
Осыны ұмытпасақ деймін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет