Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет173/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

Қасым ханның қасқа жолы – Қасым хандық құрған кезде (1511-23) 
ел басқару ісінде колданылған әдет-ғұрып заңдары. Негізі XIII ғасырда 
Шыңғыс хан, Жошы құрған «ярғу» заңынан алынған, қазақша «жарғы» 
(хақиқат) деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсені салмағын бір 
жағына аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен 
билерді халық бұқарасы ардақтап «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған. 
Оны екі жағының біреуіне артық жібермей, дәл айыру әділдіктің меңзеуі 
болған. «Жарғы» заңының негізгі мәні осында. Өзінің мазмұны бойынша бұл 
заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери демократия арнасына барып тіреледі. 
XV ғасырдың соңында XVI ғасырдың басында Бұхардың ишан-қазылары 


қазақ өлкесінде діни үгіт таратып, «ежелгі Жарғы заңын қалдырыңдар, ол 
көкке табынатын дінсіздіктің ісі, шариғат қағидасына ауысыңдар. Сендер ант 
бергенде "көк соқсын" демеңдер, "құран соқсын" деп, құранды бастарыңа 
көтеріңдер» деп үгіттейді. Бірақ халық бұқарасы оған селсоқ қарап, сол 
заманда шариғат қағидасына ойыса қоймайды. Уақытының көбін мал 
бағумен өткізген халық бұқарасына шариғаттың қағидалары өте қиын болып 
көрінген. Сондықтан шариғатты кіргіземін деген хандарға халық бұқарасы 
қатты наразылық білдіріп, кейде көтеріліске айналдырып отырған. 
Бұл тарихи уақиғаларды жақсы білген Қасым хан, саяси жағдайдың 
шиеленіскен кезінде, халық бұқарасының, билер тобының көптен бергі 
ойына қарсы тұрмай, қайта олармен бірігіп, шариғат заңын үгіттеген 
Бұхардың ишан-қазыларының тіміскілеуін тойтарды. Шариғатты бүтіндей 
қалдырып, халықтың тілегіне жақын әрі ерте заманнан оларға түсінікті 
ежелгі «Жарғы» заңын жаңадан күшейтеді. Халық бұқарасы Қасымның 
шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – жарғыны жаңадан 
көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. 
Бұл заңға кірген ережелер:
1) Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік);
2) Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу) ;
3) Әскери заңдар (аламан міндеті, қосын жасау, қара-қазан, ердің құны, 
тұлпар ат); 
4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық 
қатынасында сыпайылық, әдептілік); 
5) Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, 
жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті).
«Қасқа жолдың» заңдары өзгерусіз 17 ғасырға жетіп, Есімнің кезінде 
(1598-1645) «Есім ханның ескі жолы» деп аталады [19].
Есім хан (т.ж. белгісіз – 1645 ж.ш.ө.) – Орта жүз ханы (1598-1645) 
Шығай сұлтанның баласы, Орта жүздегі қазақ хандары әулетінің (XVII-XVIII 
ғ.) басы. Есім хан Түркістан қаласындағы қазақ хандарының ордасында 
тұрды. 1598 ж. қазақ сұлтандары Сырдария маңындағы қалаларда, Түркістан, 
Ташкентте т.б. мұрагерлік билік үшін Мауараннахрмен арадағы байырғы 
күресті күшейтіп, Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді басып алды. Бұл 
соғыста Есім хан 20 мың әскермен Самарқанда қалды да, ағасы Тәуекел 70-
80 мың әскермен Бұқар қаласын алуға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады. 
Есім хан соғыста айрықша көзге түсіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанды. 
Тәуекел өлгеннен кейін (1598) таққа отырды. 1599 ж. Бұқармен шарт 
жасасып, соның негізінде Ташкент қаласы атрабымен қоса 200 жыл бойы 
қазақ хандарының билігінде болды. Есім хан ойрат-қалмақтарға қарсы күрес 
жүргізді. Бір орталыққа бағынған мемлекет құруды көздеді. Шығыс 
Түркістандағы Құшар қаласына жорық жасады. Қазақ-қырғыз ынтымағын 
орнатуға күш салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет