1.2 Ауданның геологиялық зерттелу тарихы
«Амангелді» кен орны 1975 жылы алғашқы рет ашылды. Алғашқы ашылған болып, өндірістік газ ағын төменгі визей горизонтынан алынған №1 ұңғыма саналады. Ол құрылымның жоғарғы бөлігінде бұрғыланған. 1981 жылы кеніштің табиғи қоры есептелді. Газ қоры есептелгеннен кейін бұрғыланып және сынақтан №18-ші ұңғыма өткізілді. Геологиялық барлау жұмыстарының қорытындыларын қайта қарау арқылы және жаңа бұрғылау мәліметтері бойынша 1996 жылы төменгі визей горизонты кенішінің геологиялық газ қоры қайта есптелінді және де ГКЗ ҚР қайта қаралып бектілді.
«Амангелді» кеніш орнында 17 ұңғыма бұрғыланған, солардың ішінде 11-іздеуші, 6-барлау ұңғымасы. Геологиялық тапсырмаларды орындағандықтан 6 ұңғыма жойылған (7,10,13,14,15,17), қалған ұңғымалар тоқтатылған..
Проект, техникалық тапсырысқа сай, 20.04.01ж. болған ЖАҚ «КазТрансГаз»-дың және ЖАҚ «НИПИмұнайгаз»-дың мамандырылған қызметкерлерінің біріккен жиналысының хаттамасы бойынша, 18.06.96ж. ҚР өкіметінің шешімімен бекітілген «ҚР-дағы мұнай және газ кен орындарын игерудің біртұтас ережесі»-не сай, Қазақстан Республикасы Президентінің жер қойнауы және жер қойнауындағы байлықты игеру, қоршаған ортаны қорғау туралы 15.07.97 жылғы Указы бойынша орындалған.
«Амангелді» кен орны ҚР Жамбыл обылысы, Мойынқұм ауданына қарасты, Тараз қаласынан солтүстікке қарай 170 шақырым жерде орналасқан.
1.3 Стратиграфия
“Амангелді” құрылымы аймағында жоғарғы девон, карбон, пермь шөгінділері ашылған, олар қалыңдығы 400м мезокайназой жынысының астына орналасқан. Девон шөгіндісі тек 1 ұңғымада анықталған, ондағы төменгі орта девон қалыңдығы 160 м,онда кангломераттар және аргилиттер тығыздалған күйінде кездеседі. Жоғарғы девонда құмдар,қиыршақ тастар, аргиллиттер, конглематтар өзара қабаттаса келе 220м қалыңдықты құрайды.
Карбон жүйесі (С)
Карбон жүйесі төменгі және ортаңғы + жоғарғы болып екі бөлімге бөлінеді
Төменгі карбон жүйесі (С1 )
Төменгі карбон жүйесі турней, визей және серпухов ярустарынан құралған.
Турней ярусы (С1t)
Турней ярусында төменгі карбон шөгінділері құм, құмтастар, мергель мен аргилиттердің өзара қабаттасуынан тұрады. Қалындығы 320м. Визей ярусы (С1V)
Визей ярусы литологиялық бөлінісінде төменгі және ортаңғы-жоғары болып бөлінеді. Газоконденсаттық кенішіне жапсарлас төменгі визей ярусының (С1V1) төменгі қабатында көмір қаттары аралас аргилиттер, сазды құмдар, ал жоғарғысында - әк тас қатпары араласқан құмтастар мен аргиллит кездеседі. Қалыңдығы 80м. Ортаңғы-жоғары визей ярусы (С1V2+3) бөлігі негізінен әк тастардан, доломит, ангедрит, саздар және аргиллит пен алевролит қат-қабаттарынан түзелген. Қалыңдығы 240 м 320 м-ге дейінгі өзгерісте болады.
Серпухов ярусы (С1sr)
Серпухов ярусы алевролиттерден, доломиттерден және аргиллиттерден тұрады. Қалыңдығы 800м.
Ортаңғы – жоғарғы карбон жүйесі (С2+3)
Ортаңғы және жоғарғы карбон шөгінділері тасқұдық ярусында түрлі-түсті аргиллиттер, алевролиттер,құмтастар, саздар және құмды қоспалардан тұрады, үсті қалың қызыл түсті құмды алевролит және аргиллиттермен жабылған. Қалыңдығы 420м
Пермь жүйесі (Р)
Пермь шөгінділері тұзасты, тұзды және тұзүсті қабаттарға жіктеледі. Төменгі пермьнің тұзасты қалындығы негізін аргиллиттер, саздар, алевролиттер түзейді. Қалыңдғы 280-290м жетеді. Тұзды қабат қызыл түсті сульфатты ангедриттерден құралған. Қалыңдығы 320м. Жоғарғы пермьнің тұзүсті қабаты негізінен құмды, ал қалған бөлігінде құмтастар, алевролиттер, аргилиттер шөгінділері араласып жатады. Шөгінді қалыңдығы 260 - 280м. аралығындағы өзгерісте болады.
Мезозой - кайназой шөгінділерінде құм, саз және алевролит араласып келеді. Құрылым шегінде оның қанаты 178-346 метрлік аумақта.
1 – Кесте. Кен орынның литологиялық қимасы
Интервал
|
қалындығы
|
Тау жыныстары
|
Бұрғ. бойынша
категориясы
|
0-280 м
|
280 м
|
Құмдар,құмтастар,саздар,алевролиттер
|
II
|
280-570 м
|
290 м
|
Қызыл түсті аргилиттер, алевролиттер
және құмтастардың өзара араласқан
қатпарлары
|
III
|
570-960
м
|
390 м
|
Тасты тұздардың, аргиллиттердің және жартылай ангидриттелген алевролиттердің өзара араласқан қатпарлары
|
IV
|
960-1260 м
|
300 м
|
Қызыл түсті құмтастар, аргиллиттер және алевролиттер
|
IV
|
1260-1650 м
|
390 м
|
Қоңыр түсті, тығыз, қатты құмтастар, алевролиттер және аргиллиттер
|
V
|
1 – кестенің жалғасы
1650-1790 м
|
140 м
|
Сұр, қара-сұр түсті, тығыз, ангидриттелген әктастар, сұр түсті әр түйіршікті құмтастар,сұр, қара түсті болып келетін және құрамында ангидрит пен пирит бар аргиллиттер
|
V
|
1790-2140 м
|
350 м
|
Сұр, қара-сұр түсті, тығыз, ангидриттелген әктастар, сұр түсті әр түйіршікті құмтастар,сұр, қара түсті болып келетін және құрамында ангидрит пен пирит бар аргиллиттер
|
V
|
Достарыңызбен бөлісу: |