1.4 Тектоника
Амангелды кен орны тектоникалық қатынаста Шу – Сарысу депрессиясының оңтүстікжағында орналасқан. Мұнда Мойынқұм ойпаты мен Талас көтерілімі шекаралас жатыр.
Мойынқұм ойпаты литофациалды және құрылымдық ерекшеліктері бойынша бір – бірінен айырмашылығы өте күшті үш қабаттардан тұрады:
- Төменгі қабат – метаморфты, интрузивті және вулканды – шөгінді жыныстарынан тұрады. Бұл қабат палеозой және төменгі палеозойға дейін созылып жатыр.
- Ортаңғы қабат – терригенді, галогенді және карбонатты тау жыныстарынан тұрады. Бұл қабат девон, карбон және пермь жүйелерін алып жатыр.
- Жоғарғы қабат – негізінен континентальды терригенді жыныс- тарынан тұрады. Бұл қабат палеоген, неоген және төрттік дәуірлерді алып жатыр.
Амангелді кен орнының шығыс бөлігі, Миштин иіліміндегі Мойынқұм ойпатының Шу-Сарысу депрессиясында орналасқан.
Амангелді құрылымы қабаттары солтүстік-шығысқа жылысқан брахиантиклиналь түрінде келеді. Солтүстік-шығыс құрылымында сейсмикалық барлау әдісі кезінде шөгінділер тірек(опорный) горизонттарынан корреляциясын жоғалтқан аймақ екендігі байқалған, ол 10-14 ұнғымаларды бұрғылау кезінде дәлелденген ( «Амангелді» құрылымынан тыс аймақта). 3-ші ұңғыма қимасы көршілес 11 және 18 ұңғымалармен салыстырғанда жақсы коррелияцияланады және пласт-коллектордың жабуының абсолюттік межесі 18 ұңғымадан (-1787м.), 53м төмен орналасқан
(-1840,2м.), яғни оның құрылымы қатар орналасқан ұңғымалардың құрылымына сәйкес келеді. Байқау барысында бұл ұңғымалардан газдың әлсіз ағыны табылған. Бұл, 3-ші ұңғымада ашылған қабаттар өнімді төменгівизей горизонтна жататына қайшылық келтірмейді. Құрылым өлшемі -1960м. тұйық изогипсте 14,2х6,4км. құрайды, көтерілу амплитудасы 260м.
1.5 Кен орынның газдылығы
Шу – Сарысу ойпатында өндірістік газдың бар елендігі 1961жылы дәлелденген. Газ негізінен төменгі тас көмір ﴾ визей турней ярустары﴿
және төменгі пермь шөгінділерінде табылған. Амангелді кен орны 20жыл консервацияда болып пайдаланылмады.
Іздеу нәтижесінде кен орында 17 ұңғыма бұрғыланды: 11 іздеу, 6 барлама ұңғымалары. Оның 8-і консервацияда, ал 9 ұңғыма жойылды.
«Амангелді» кешенінде төменгі визей, серпухов және төменгі пермь шөгінділерінің газдылығы анықталған, сондықтан да бұл жобада біз өнімді төменгі визей горизонтының құрылысын және де ол горизонтқа ұштасқан газ конденсат кенішін қарастырамыз.
Төменгі визей горизонтының шегінде үш жыныс текшесі(будасы) байқалған (А,Б,В). А және В текшелерінің әрқайсысы 4 қабат-коллекторларға, ал Б текшесі 2 қабат-коллекторға бөлінген. Қабылданған қабат қимасының тарамдалу үлгісі бойынша бұл коллекторлар үшін жапсарлас қабаттардың жайылу және қосылу коэффициенттері есептелген (Табл.1.1.)
Қабаттардың жайылу және қосылу коэффициенттері.
Достарыңызбен бөлісу: |